Газды гангренаның алдын - алу шаралары Арнайы емес алдын - алу шаралары :
ЖБХө ерте және толық орындау , оған дренаждарды орнату ( кейде жара ластанған және қатты зақымдалған жағдайда тігіс салынбайды ) ;
шокпен және анемиямен күрес жүргізу ;
антибактериальді ем тағайындау .
Арнайы алдын - алу шаралары : кездейсоқ жараларда орындалады , әсіресе тіндердің үлкен көлемді жарақаттарында , жараның топырақпен ластануында және атылған ( оқ тиген ) жарақаттарда жүргізіледі . Осы мақсатпен бұлшықетке поливалентті гангренаға қарсы сарысудың 30 000 АБ енгізіледі :
Анти- Cl . perfringens — 10 000 АБ ;
Анти- Cl . septicum — 10 000 АБ ;
Анти- CI , odematiens — 10 000 АБ .
СL. Hystolicum-сирек кездеседі.Жергілікті-анаэробты бактериофаг қолданылады.