Кеспейтін металлдан жасалған құрал - саймандарды залалсыздандыру . Негізгі әдістерге құрғақ ыстық ауамен немесе бу қысымды автоклавта айтылып кеткен тәртіппен залалсыздандыру жатады . Анаэробты инфекция , гепатит және ЖИТС қатерлі тобындағы науқастарға жасалған операциядан кейінгі құрал - саймандарды қайнатуға болмайды . Бір рет пайдаланылатын құрал - саймандар ( пинцеттер , қысқыштар , зондтар және т.б. ) сәулелік әдіспен залалсыздандырылады .
Кесетін металл құрал - саймандарды залалсыздандыру . Кесетін жолмен хирургиялық құрал - саймандарды термиЯЛЫҚ залалсыздандыру , олардың өткірлігін төмендетеді . Бұл құрал - саймандардың негізгі залалсыздандыру әдісі – ол антисептикалық ерітінділерді пайдаланатын суық химиялық әдіс . Соңғы кезде таңу бөлмелеріндегі құрал - саймандарды ыстық құрғақ ауалы аспаптарда залалсыздандырып жүргендіктен , олардың өткірлігі біршама төмендеген , бірақ өте тиімді залалсыздандырылады . Ең жақсысы – газбен және заводтардағы сәулелі залалсыздандыру болып табылады.Соңғы әдіс бір рет пайдаланылатын скальпель лезвиясына және инелерге көп жасалады.