Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет118/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Клиникалық көрінісі
Жараның жалпы және жергілікті белгілерін ажырата білу керек . Жергілікті белгілер : ауыру сезімі және қансырау . Ауыру сезімі жараның орналасуына , жарақаттаушы құралдың түріне , жаралану жылдамдығына және зардап шегушінің нерв жүйесінің жағдайына байланысты қарқындылығы әртүрлі дәрежеде болады . Қансырау жараланған тамырдың еніне және жараның түріне байланысты болады . Кесілген жарадан өз еркімен ұсақ қан тамырларынан аккан канның тоқтауы жараланудан кейін , 7-15 минуттан соң байқалады , ал шаншылған және соғылған жаралардан жылдамырақ тоқтайды . Жараланғаннан кейін , қан 15-20 минуттан артық уақыт ақса , онда ірі тамырдың зақымдалғанын немесе гемостаз жүйесінің бұзылғанын білдіреді . Науқасты жан - жақты және ұқыпты тексеру қажет . Оның жалпы жағдайын дұрыс бағалау керек : терісінің түсін , тамыр соғуының жиілігі мен толуын , тынысының тереңдігі мен жиілігін бағалау қажет . Жараны карағанда , оның орналасқан жерін , көлемін , түрін , деформацияның бар - жоғын , жанында орналасқан буындардың қозғалғыштығын , аяқ - қолда белсенді және енжар қимылдардың болуын , терең және беткейлік сезімталдықтың жағдайын , шеткі тамырлардағы тамыр соғуының сипатын анықтау керек . Кеуде аймағы жараланса , өкпенің аускультациясы мен перкуссиясы , ал құрсақ аймағы жараланса іштің пальпациясы мен перкуссиясы және аускультациясы жүргізіледі .
Жараның сипатын зерттеп қарайды .
Кесілген жара - өткір кұралдың ( ұстараның , скальпельдің немесе пышак тың ) әсер етуінен пайда болады . Шеттері тегіс , жылтыр болып келеді , бір бірінен алшақ тұрады және қатты кансырайды . Тіліктің бағытына қарай олар қиғаш , көлденен , ұзына бойы және қиықты ( лоскутты ) болуы мүмкін .
Шабылган жара - балтасияқты өткір және ауыр кұралдардың соккысынан пайда болады . Оның шеттері тегіс , жылтыр болады , қан көп мөлшерде ағады . Ол тереңдігімен және төменде жатқан тіндер мен ағзалардың зақымдалуымен сипатталады . Клиникалық ағымының ауыр өтуімен ерекшеленеді .
Шаншылған ( тесілген ) жара – біз , қанжар , істік сияқты ұшы үшкір құрал дармен жарақаттағанда пайда болады . Шаншылған жаралар үңіреймейді , қан аз ағады . Олардың көлемінің кішілігіне қарамастан , ірі тамырлар , нервтер мен ішкі ағзалар зақымдалып , оның салдары өте ауыр болуы мүмкін . Жараның бұл түрінде инфекцияның , әсіресе анаэробты инфекцияның даму қаупі өте жоғары болады .
Согылган жара тіндердің доғал затпен жарақаттануы кезінде ( құлағанда , қысылғанда , соққы тигенде ) пайда болады . Соғылған жаранын шеттері тегіс емес , кетіктелген , қанмен толған , әдетте өмірге қабілетсіз және пианозды бөліктері болады , көп қансырамайды . Көбіне , тамырлары тромбталады , бұл тіндердің қоректенуін бұзып , олардың өліеттенуіне , қатты iрiндеуіне , екіншілік аррозивті қансырауына әкелуі мүмкін .
Жаншылған ( мыжылған ) жара - ауыр , доғал заттың әсерінен , яғни жұмсақ тіндер қатты негізді бет пен жарақаттаушы кұралдың арасында қысылып калуының ( езілуінің нәтижесінде пайда болады . Бұндай жаралар шеттерінің мыжылуымен , кансыраудың аздығымен , қоректенудің үлкен аумакты бұзылыстарымен , жара куысының детрит пен жұлынған тіндермен толғандығымен сипатталады .
Тістелген жара – адамның немесе жануарлардың тістеуінің нәтижесінде пайда болады . Бұл жаралар әрқашан полимикробты флорамен инфицирленеді , олардың шеттері жыртылған және соғылған болады .
Тістелген жаралар көбінесе іріңді үрдіспен асқынады және нашар жазылады .
Уланган жара — қабаттасқан закым болып табылады . Ол жылан , саршаян шаққанда және олардың улары жараға түскенде пайда болады , сонымен қатар жараға химиялық және уландырғыш заттар түскенде де дамиды .
Атылған ( оқ тиген ) жара – атқыш құралдардың әсерінен пайда бола ды . Бұндай жаралар алуан түрлілігімен сипатталады және бір - бірінен ерекшеленеді . Олар тесіп өткен (ызғырықты ) , сокыр және жанап өткен болуы мүмкін . Жараның үш зақымдалу аймағын ажыратады : жараның меншікті өзегі , біріншілік өліеттену аймағы және молекулярлық шайқалу аймағы . Қазіргі уақыттағы жылдамдығы жоғары және тұрақсыз бағытпен ұшатын октармен жарақаттанғанда , жараның өзегі тік бағыттан ығысып , тіндердің үлкен аумақты зақымын шақырады . Осындай оқтармен жараланғанда , оқтың шықкан тесігі кірген тесігінен әлдеқайда кең болады .
Кеуде қабырғасының жаралары қуысқа енген болуы мүмкін . Оған мынадай белгілер тән : жарадан көпіршікті қанның шығуы , плевра қуысына ысқырыкпен ауаның сорылуы , жарадан ауа көпіршіктерінің шығуы , тері асты эмфиземасының пайда болуы . Өкпенің зақымдалуымен асқынған кеуде торының енген жарасында , ашық пневмоторакс дамуы мүмкін . Бұл жағдай ауаның тыныс алғанда плевра қуысына еніп , ал тыныс шығарғанда шумен сыртқа шығуымен сипатталады .
Пневмоторакстың басқа да түрі - керілген ( қақпакты ) пневмоторакс кездесуі мүмкін . Бұл кезде тыныс алғанда ауа плевра қуысына кіріп , ал тыныс шығарғанда кеуде қабырғасының тіндерінен түзілген какпактың жабылуынан , сыртқа шықпайды .
Қақпақты пневмоторакстың клиникасы : наукастың жағдайы өте ауыр болады , айқын ентігу , акроцианоз , әлсіз жиі тамыр соғуы , пневмоторакс жағындағы қабырғааралықтарының кеңеюі , кеуде қуысының зақымдалған бөлігінің ұлғаюы байқалады ; перкуторлы қораптық дыбыс анықталады , аускультативті тыныс шулары естілмейді . Көкірекаралық ағзалар жараланған жактан сау жаққа қарай ығысады .
Іштің енетін жараларында құрсақішілік қансырау мен перитониттің белгілері пайда болады . Науқастың терісі бозғылт , тамыр соғуы жиі , іші ауырады , қатайған . Щеткин - Блюмберг белгісі оң , іштің жайпақ жерлерінде дыбыстың ұяңдануы , бауыр тұйықтығының жоғалуы анықталады . Кейде ішкі ағзалар ( шарбы майы , ішектер ) сыртқа шығуы мүмкін .
Алғашқы көмек : қансырауды тоқтату , асептикалық таңғыш салу , қажет болса иммобилизация жасау керек . Ашық пневмоторакста науқастың кеудесіне окклюзионды таңғыш салу керек , сонда ол жабық пневмотораксқа ауысады . Іштің енген жаракатында асептикалық таңғыш , сыртқы қансыраудың белгілері болса – басып , қысып тұратын таңғыш салу керек . Жарадан ішкі ағзалар сыртқа шықса , оларды құрсақ қуысына қайта кіргізбей , асептикалық таңғышпен жауып , мүмкіндігінше дәкемен орап тастау қажет .
Емі
Жараларды хирургиялық емдеудің мақсаты жаралық инфекцияның дамуының алдын - алу және жедел іріңдеуден сақтау ; дамыған инфекциямен және жараның іріңдеуімен күресу ; жаралану кезінде бұзылған анатомиялық және физиологиялық зақымдарды қалпына келтіру болып табылады . Осы мақсатпен жараны хирургиялық өңдеуден өткізеді , әсіресе микроорганизмдерге бай кездейсоқ жараларда , міндетті түрде жүргізілуі тиіс .
Тіпті , операциялық жараның өзі салыстырмалы залалсыз болып есептеледі , өйткені оған қоршаған ауадан және науқастың өзінің терісінен микробтар түсуі мүмкін . Сонымен , инфицирленген жараны емдеудегі негізгі кезеңге ЖБХө жатады. Оны жасау барысында инфицирленген , өмірге қабілетсіз тіндер кесіліп алынады , бұл жаралық инфекцияның дамуының алдын - алады . Жараны біріншілік хирургиялық өңдеудің ( ЖБХө ) ерте , кейінге қалдырылған және кеш түрлерін ажыратады. Ерте хирургиялык өндеу жараланудан кейін , 24 сағат ішінде орындалады , кейінге қалдырылған екінші тәулікте , ал кеш өңдеуді 48 сағаттан соң жасайды . ЖБхө неғұрлым ерте жасалса , соғұрлым оның болжамы да жақсы болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет