Билет 5 Практикалық әдістердің түрлері


Табиғат мүйсіндегі сабақ және сыныптан тыс жұмыстар - білім берудің түрі



бет8/8
Дата02.03.2023
өлшемі28,19 Kb.
#170868
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жаратылыстану 5 билет

Табиғат мүйсіндегі сабақ және сыныптан тыс жұмыстар - білім берудің түрі
«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны тек табиғатты ғана қамтып қоймайды, ол үнемі адам мен табиғаттың, қоғамның байланыстыра оқытылуы арқылы жүзеге асады. Сондықтан да, білім берудің түрлеріне тоқталғанда осы сабақтас үш бөлімді қоса қамту жағы қаралады. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың бір-бірімен байланысты дамитынын, осы тұтастық туралы берілетін ұғымды 1-сыныптан бастап табиғат бұрышында жүзеге асыру мүмкіндігі мол. Бірақ өкінішке орай, жоғарыда келтірілген әдістемелік еңбектерде табиғат бұрышында берілетін білім тек сынып-сабақ кезінде қолданылатын деректер жинаудың көзі ретінде қарастырылады.
Табиғат бұрышындағы сабақта жыл мезгілдеріне байланысты берілген білімді жинақтау, тұжырымдау, табиғат заттарымен жақын таныстыру, тәжірибе қою, бақылау, ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асады. Табиғат бұрышындағы сабақтарды суық күзде, қыста, ерте көктемде ұйымдастыру арқылы табиғи ортадағы табиғат көрінісі мен қолдан күтілген ортадағы көріністі салыстыруға мүмкіндік туады.
Табиғат бұрышындағы сабақ берілетін білімнің ғылымилығын, нақтылығын, жергілікті табиғатпен байланыстылығын, оқушыларды дамыту, адамгершілікке, ізгіліктілікке тәрбиелеу мақсатын жүзеге асырады. Оқушылардың алған ұғымдары басқа да білім беру формаларының барысындағы сабақтардың байланыстылығын қамтамассыз етеді.
Жаратылыстанудан білім берудің ерекше түрі (формасы) - сыныптан тыс жұмыс. Сыныптан тыс білім берудің түрі көп. Оған жататындар: үй жұмысын орындау, үлескідегі сабақтың жалғасы болып есептелетін күнделікті бақылаулар, табиғат бұрышындағы жұмыс пен бақылау. Бұл жұмыстардың ерекшелігі біріншіден, осының қай түрі болса да, сыныпта алған білімінің алған жалғасы ретінде өтеді де, білімнің байланыстылығы, саналы меңгеру, білімді жаңа ситуацияға қолдану, біліктену сияқты білімді игеру сатылары жүзеге асады. Екіншіден, сыныптан тыс білім алу формасы арқылы оқушылардың дербестігі, ақыл-ой белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Шығармашылық оқушының ешкім білмейтін жаңалык ашуы деп түсінбеуіміз керек. Бұл баланың өз басы үшін «жаңалық», белгілі бір проблеманы шешуде нәтижеге жетуі. Ол үшін білімін, білігін жаңа кездескен қиындықты шешуге қолданып, оны жаңа жағдайға тасымалдай білу. Шығармашылық әрекет баланың өз бетінше өзгеше шешуі, бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс арқылы жаңа жол шешімге қолдану, тапқырлығы, оны пайдалану саналығы. Сонымен қатар бұл жұмыстар кейде қысқа уақытта күнделікті орындалса, кейде жыл бойына жалғасып созылатын жүйелілікті керек етеді.
Үй тапсырмасы шағын шығармалар жазуға арналып, оқушыларды қошаған орта (табиғат, адам, қоғамға байланысты) туралы бақылағандарын қорытып жазуы сияқты шығармашылықты дамытатын жұмыс түрлері мен де ерекшелену мүмкін.
Үй тапсырмасының ұзақ мерзімдіктің түрі жаратылыстану пәнінің білімдік мазмұнымен байланысты. Ол - оқушыларға үлескідегі табиғат бұрышындағы сабақтарға байланысты берілетін тапсырма түрлері. Үй тапсырмасын оқулық пен оқу құралдарын пайдалану арқылы қысқа мерзімде орындалатын түрі мен қатар ұдайы үзілмейтін және оқу жылы бойына созылатын түрі үлескідегі және табиғат бұрышындағы еңбек. Үлескі мен табиғат бұрышындағы сабақтар негізінде берілген тапсырма оқушылардың алған білімін одан әрі жалғастыра түседі. Бақылау жүргізу, өсімдік, жануарларды күту, тәжірибе қою сияқты оқу әрекеттері арқылы олардың ғылыми білімі толығып, тиянақталып, жүйленіліп отырады.
Сыныптан тыс жұмыстар кезінде білім игеру бірнеше кезеңнен өтеді:
1. Сыныптан алған білімін жалғастыру, тұжырымдау;
2. Алған білімдерін керекті жерде қолдану;
3. Білікті қолдануға жаттығу (жаттығусыз біліктің дағдыға айналуы жүзеге аспайды)
Білім берудің қай түрін қолдансақ та қазіргі таңда оқыту білімдендіру саласына қойылып отырған талаптарға сай жүзеге асыруға тиіс. Біздің ше оқытудың мақсаты - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни қызмет субъектісін тәрбиелеп шығару.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет