Билет 5 Практикалық әдістердің түрлері



бет3/8
Дата02.03.2023
өлшемі28,19 Kb.
#170868
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жаратылыстану 5 билет

Көрнекілік әдіс
Қай пәнді оқытуда да көрнекілік әдісі қолданылмай оқу-тәрбие мәселесі жүзеге асуы мүмкін емес. Жаратылыстануды оқытудағы көрнекілік әдісі нақты заттарды, құбылыстарды, не оларды бейнелейтін мазмұнды суреттер мен техниқалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады.
Көрнекілік әдісі арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар олардың бұрын алған білімін де кеңейтеді. Көрнекілік оқушылардың эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақтың мақсатына байланысты көрнекілікті қолдану мақсаты да өзгеріп отырады. Көрнекілікті қолдану бірнеше кезеңде өтеді:
- Көрнекілік түрін тақырып мақсатына қарай сәйкестеу;
- Көрнекілікті пайдаланудың жоспарын жасау;
- Көрнекілікпен жұмыс жоспарын оқушыларға түсіндіру, тапсырмалар беру;
- Оқушылардың жоспар бойынша атқаратын әрекеттері;
- Көрнекілік бойынша жұмыстың нәтижесін қорытындылау.
Оқушылардың көрнекілік арқылы қабылдаған сезімдік ұғымдары
олардың жаратылыстану заттарын сан-алуан көрінісімен, қасиетімен, өзіндік бояуымен ұғынуына мүмкіндік туғызып, жан дүниесін байытады. Оқушылар бұл білімдерін басқа жұмыстар атқару кезінде де пайдалана алады.
Қоршаған ортадан білім беруде, түрлі табиғи көріністерді, жануарлар мен өсімдіктер ерекшелігін суреттеуге арналған өлеңдерді пайдалану арқылы оны мәнерлеп оқыту бойынша көркем сөз көрнекілігін пайдалану жүзеге асады.
Ойын әдісін жаратылыстанудан білім беруде қолдану
Жаратылыстанудан білім беру кезінде ойын түрлерін пайдаланып сабақ ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігін керек етеді. Жаратылыстану пәнін оқыту барысында оқушыларды қызықтыратын ойын түрлерін пайдаланумен қатар, оның тек қызықты жағына ғана көңіл аударып қоймай, ойынның білім, жаңа ұғым беруге итермелейтін, жетелейтін жағына көңіл аударуға тиіспіз. Мәселен, ойын жұмбақтар, шарадалар, викториналар, шытырмандар сияқты түрлерін пайдалануға болады.
Ойынды ұйымдастырудың бірнеше түрі бар: өткен тақырыптарды қайталап, оқушылардың меңгерген білімінің деңгейін анықтауға арналған ойындар; оқушылар шығармашылығын дамытуға арналған ойындар, өз алдына жаңа технология ретінде қолдану арқылы жаңа ұғым беруге арналған ойын түрлері т. б. Ойын кезінде оқушылардың оқу әрекетіне ынтасы жоғарылайды.
Жаратылыстану пәнінен ойынды өсімдіктер және жануарлар бөлімдеріне енетін тақырыптарды өткенде кеңінен қолдануға болады. Сол арқылы әрбір өсімдіктің, жануардың ерекшелігін, қасиетін аныктайды. Олардың пайда, зиянын қорытындылайды. Сол сияқты ауа райы, пайдалы қазбалар тарауларында да ойын технологиясын кеңінен қолдануға жол ашылады.
Ойынды оқушылардың білімін бақылауға арнап та ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оларға түрлі көрнекіліктерді пайдалана отырып тапсырмалар беріледі. Мәселен, өсімдіктер жиынтығының ішінен дала өсімдігін тап, қылқан жапырақты өсімдіктерді ажырат, оларға сипаттама бер; пайдалы қазбалардың ішінен отын есебінде пайдаланатынын тауып, ол туралы жұмбақ құрастыр; жеміс пен жидек туралы жұмбак айтып, ол жемісті жиынтықтың ішінен тап т. б. оқушылар құлшына кірісетін тапсырмаларды құрастыруға болады. Ойын арқылы оқушылардың білімі тиянақталып, өмір тәжірибесі молаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет