Билет 5 Практикалық әдістердің түрлері


Жаратылыстанудан білім берудің бір түрі - үлескендігі сарамандық сабақ



бет7/8
Дата02.03.2023
өлшемі28,19 Kb.
#170868
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жаратылыстану 5 билет

Жаратылыстанудан білім берудің бір түрі - үлескендігі сарамандық сабақ.
Әдістемелік құралдарда үлескідегі сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдеріне көп тоқталмай, мұндағы істелетін жұмыс түрлері ғана сөз болады. Ал жаратылыстануды оқыту мәселесімен, оның ішінде табиғатты оқытудың әдістемесімен айналысқан В. М. Пакулова, З. И. Кузнецовалардың еңбектерінде жұмыс түрі мүлде аталмайды. Сол сияқты В. П. Горощенко, В. С. Никитина және басқалардың еңбектерінде «үлескідегі еңбек» деп аты аталып қана өтеді де, талдау берілмейді.
«Үйрену» деген ұғымның мазмұны өте кең. Психолог М. Н. Мұқановтың пікірінше «үйрену» ұғымының кең болуы кез-келген керекті де, керексіз де оқушы алдына осыны үйренейін деп мақсат қоймаса да үйренуі мүмкін. Ал оқу барысында білім алу арқылы үйрену белгілі мақсатқа негізделеді. Білім берудің мақсаты жүйелі түрде ғылыми мазмұнды іске асыру болса, үлескідегі сабақтың да көздейтін мақсаты-осы. Мәселен, 1-сыныпта оқушыларға өсімдіктің тұқымнан өсетіні жайында ұғым беру көзделіп отыр. Білімді практикалық жұмыс атқару барысында меңгеруді жүзеге асыру үшін үлескідегі сабақ ретінде ұйымдастыру, біріншіден, өсімдік тұқымының өнуі үшін қажетті жағдайды көрсетуге (топырақ, оны қопсыту, тұқымды отырғызу, су құю т. б), екішіден тұқымды отырғызу ережесімен таныстыруға, үшіншіден, өсімдіктің тұқымымен танысуға, оны көріп, ұстап, топыраққа отырғызып, түрі-түсін, пішінін байқауға (құрғақ, сулы, түсі, түрірі т. б) мүмкіндік береді. Практикалық жұмыс нәтижесінде меңгерген ұғым арқылы оқушыда тұқым туралы тиянақты білім қалыптасады. Оған қажетті жағдайлар жайында ұмытпастай елес пайда болады. Өсімдіктер мен танысқан кезде де бұл білім негіздері әрі қарай дами түседі.
Үлескідегі сабақтың ерекшелігі-тірі табиғаттың дамуы туралы ғылыми қалыптасуына көмектесетіндігі. Өсімдіктердің өніп-өсуін, дамуын күнбе-күн бақылап, көріп, тұжырымдау арқылы оқушының ой-өрісі де дамиды. Өсімдіктердің дамуын кадағалай отырып білім жүйелілігі де іске асады. Алғашқы сабақ тұқым отырғызуға арналса, келесі сабақтарда ол ұғым тереңдей түсіп, тұқымның қалай өңгенін, оның күтудің жолын, ең алдымен өсімдіктің қандай бөліктерінің пайда болғанын (өркен, өскін, сабақ, жапырақ т. б) , оның дамуындағы ерекшеліктерін меңгеру арқылы олардың ұғымы жеңілден ауырға қарай күрделенеді. Үлескідегі сабақ белгілі мазмұнға арналған білім берумен оқушыны адамгершілікке еңбекке баулу, үнемшілдікке үйрету, экологиялық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асырады.
Оқушылардың үлескідегі өздігінен атқаратын жұмыстары барысында ізденушілігі артып, шығармашылық дағдылары қалыптасады, өздері қолымен істеген істерінің нәтижесін көреді. Үлескідегі сабақтың тағы бір тиімділігі-атқарылатын жұмыс үзілмей жалғаса отырып, оқушылардың білім алудағы іс-әрекеттерінің ұйытқысы болады. Үлескідегі сабақтан алған білім сыныптағы сабақпен жалғасып, байланысып кірігеді. Отырғызған тұқымдардың суретін салу, үлескінің сұлбасын сызу, тәжірибелер жасау (топырақтың қасиетін анықтау) сыныптағы сабақта жүзеге асады.
Үлескідегі сабақ барысында оқушылар өсімдікке зиянды көбелектер мен оның қуыршақтарын кездестіреді, олардың өсімдікке қандай зиян келтіретінін бақылап біледі. Мұндай жағдайда мұғалімнің «өсімдікке зияны бунақденелілер» тақырыбына арнап жеке сабақ ұйымдастыруына болады. Бағдарламада мұндай тақырыптардың өтілуі талап етілген. Сайып келгенде, үлескідегі сабақ - белгілі мақсатқа арналып, оқушылардың өздігінен атқаратын практикалық жұмыстары негізінде ұйымдасқан түрде білім берудің бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет