Билет 5 Практикалық әдістердің түрлері



бет2/8
Дата02.03.2023
өлшемі28,19 Kb.
#170868
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жаратылыстану 5 билет

Бақылау әдісі
Жаратылыстанудан білім беру барысында қолданылатын әдістердің ерекше бір түрі - бақылау. Бақылаудың білімдік деңгейі жоғары. Оқушылар әр заттың, құбылыстың айырмасын, ұқсастығын, не солардың өздеріне ғана тән ерекшелігін бақылау нәтижесін де айыра алады. Бұл оқушылардың логиалық ойының дамуына әсер етеді.
Бақыланатын объектінің түрі мен мақсатына қарай бақылау ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Түрлі көрнекіліктер, түрі не өлі табғат заттарының жеке өріністері, тірішілік ерекшеліктері қысқа мерзімде бақыланады, ұзақ мерзімді бақылаулар бүкіл жыл бойына созылады. Жыл мезгілдерінің табиғат ерекшеліктерін, өсімдік, жануарлар тіршілігін, адам еңбегін бақылау - ұзақ мерзімді қажет етеді.
Ұзақ мерзімді бақылау нәтижесі және кезеңдерге бөлініп, сыныпта талқыланады, талдап қорытылады. Бақылаудың тиімділігін арттыру үшін бірнеше жұмыс түрлері ұйымдастырылады:
- Оқушылардың нені бақылайтынын білу;
- Бақылаудың мақсатымен танысу
- Бақыланатын заттың, не құбылыстың көлемін анықтау;
- Оқушылардың зейінін бақыланатын объектіге аудару;
- Салыстыру, жіктеу, топтау әдістерін бақылау нәтижесін қорытуда кеңінен қолдану. Осылардың нәтижесінде оқушылардың шашыраңқы ұғымдарын жүйеге келтіруге, жинақтап, табиғи заңдылықтарды меңгертуте мүмкіндік туады.
Зерттеу әдісі
Бастауыш сынып оқушыларына білім беруді шығармашылық деңгейіне көтеру - оқыту барысында зерттеу әдістерін (тәжірибе, эксперимент) жиі қолдануды талап етеді. Зерттеу әдістерінің ортақ белгісі - ізденушілік, оқушылардың меңгеретін білімге өздігінен атқаратын жұмыстарының нәтижесінде жетуі.
Зерттеу әдістеріне үш кезең тән. Бірінші - дайындык кезеңі: мұғалім не үшін ізденіс жүргізу керектігін түсіндіреді, керекті құрал-жабдықтарды дайындайды; екінші - мақсат қойып, ізденіс жүргізу кезеңі; үшінші - ізденіс нәтижесін қорыту, тұжырымдау кезеңі. Қорыту ауызша, жазбаша немесе сурет салу түрінде де болуы мүмкін.
Зерттеу әдістерін қолданғанда мұғалім оқушыларды топка бөлуіне не жеке тапсырмалар беруіне болады. Зерттеу кезінде оқушылар өздері үшін жаңалық ашады. Бұрын тікелей байқай алмай жүрген ерекшеліктерді, қасиеттерді түсініп меңгереді. Оқушыларда шығармашылық әрекет дами түседі.
Жаттығу зерттеу әдістерінің бәріне ортақ. Зерттеу әдістері барысында оқушылардың өздігінен жұмыс атқара отырып, бұрын алған білімдерін іс жүзінде қолданып үйренеді.
Жаттығу кезінде оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары екі деңгейде өтеді. Біріншісі, мұғалімнің айтып түсіндірген әдіс-тәсілі бойынша жұмыс орындау; екіншісі, бұрын алған ұғымдары мен дағдыларына сүйеніп, жаттығуды өздігінен орындау.
Табиғаттан ұғым беруде оны оқытып үйретуде орындалатын жаттығу жұмыстарының түрі көп. Жаттығудың жазбаша түрлеріне: жердің сұлбасын сызу, географиялық карталарды оқу және оны кескін картаға түсіру, шартты белгілерді ажыратып, дәптерге не бақылау күнделігіне салу, өсімдік пен жануарлар бейнесінің суретін салу т. б. жатса, жаттығудың табиғатта орындалатын түрлеріне: үлескідегі өсімдіктерді күту, табиғат бұрышындағы жұмыстар кіреді. Осы жұмыстардың қай-қайсысы да оқушының қиялы, есі, зейіні және меңгерген білімінің нәтижесінде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет