Билет 5 Практикалық әдістердің түрлері


Пән мазмұнына байланысты жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері, оларды өткізудің әдістемесі



бет6/8
Дата02.03.2023
өлшемі28,19 Kb.
#170868
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жаратылыстану 5 билет

3. Пән мазмұнына байланысты жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері, оларды өткізудің әдістемесі.


Топсаяхат- «Жаратылыстану» пәнінен білім беру түрі.
Топсаяхатты сабақ ретінде қарауға бірнеше себеп бар. Топсаяхатты серуенмен шатыстыруға болмайды. Өйткені, жолда кездескен объектілерге көөіл бөлінгенімен, серуенге алдын-ала тақырыптық жүйелі мақсат қойылмайды. Көптеген авторлар топсаяхаттың атын атап, оның өтілу ретін, ұйымдастырылу шартын айтқанмен, мұның білім берудің түрінен гөрі оқыту әдісіне жатқызса, енді бірі-сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу-тәрбиелік жұмысқа жатқызылады. Топсаяхатта білім берудің формасы ретінде мойындайтын әдіскерлер де баршылық.
В. М. Пакулова мен В. И. Кузницовалар табиғаттан білім беруде топсаяхаттың алатын орнының жоғарлығын және оның білім мен тәрбие берудегі маңызын айқын көрсетеді.
Топсаяхат бағдарлама белгіленген тақырып пен мазмұнды қамтып, өткен сабақпен де, келесі тақырыптармен де байланысын жүзеге асыра отырып, әр уакытта жаңа ұғым береді.
Топсаяхат оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдануға да жағдай жасайды. Философтардың пікірінше практиканың маңыздылығы оның заңдылығында (материалдылығында) және мақсаттылығында. Мәселен, оқушылар топсаяхат барысында сыныпта алған мағлұматтарының негізінде өсімдік топтарын анықтайды.
Сабақтың түрлері сияқты топсаяхаттың да бірнеше түрлері бар. Олар: кіріспе, ағымдағы және қорытынды топсаяхаттар және әрқайсысының мақсаты да, мазмұны да бір-біріне ұқсамайды. Бұлардың барлығында да білім беру мен дағды қалыптастыру, тәрбиелеу, дамыту, міндеттері де жүзеге асады.
Топсаяхаттың білімділік мақсаты - табиғат объектілерінің түр-түсімен таныстырып қоймай, олардың әркайсысының қасиетін, табиғаттағы орнын бір-біріне тигізетін әсерін ұғындыру. Табиғаттың бір бөлігінің өзгеруі, оның екіншісінің өзгерісіне әкеліп соғатын да топсаяхат кезінде ұғындыру қиынға түспейді.
Топсаяхаттың сынып-сабақтан ең басты айырмасы сабақтағыдай нақты мөлшерлі (45 мин) уақытпен шектелмейтіндігі. Бірақ, ол топсаяхаттың білім берудің формасы ретіндегі құнын төмендетпейді, керсінше, оқушыларға ғылыми ұғым беру, ойлау қабілетін дамыту, сөз қорын молайтып, ойын тұжырымдап қорыту, түрлі оқу әрекеттеріне жаттықтыру мақсаттарын түбегейлі қамтамассыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет