Басты клиникалық кӛрінісі: Басым жағдайларда болмайды. Ірі түйінді түзілістер кезінде косметикалық дефект, компрессионды синдром дамуы мүмкін. Йод тапшы аймақтарда түйінді (кӛптүйінді) жемсау кезінде тиреотоксикоздың дамуымен ҚБ-дің функциональды автономиясы қалыптасуы мүмкін
Диагностикасы: Пальпацияланғанда және/немесе УДЗ кезінде анықталған диаметрі 1 см болатын түйіндер жіңішке инелі аспирационды биопсияны орындауға кӛрсеткіш болып табылады (ЖИАБ). ҚБ сцинтиграфиясы функционалды автономды түйіндерді анықтауға мүмкіндік береді («ыстық» түйіндер)
Емі: Ісіктер кезінде — оперативті (жоғары сараланған қатерлі ісік кезінде — 131I терапиясымен ұштасқанда). Коллоидты пролифирлеуші жемсауда — динамикалық бақылау (ТТГ, УДЗ); операцияға кӛрсеткіш косметикалық ақаумен немесе компрессиялы синдроммен айтарлықтай кӛлемдегі жемсаумен шектеледі, бұл кезде альтернативті емдеу әдісі 131I терапия болып табылады.
Біріншілік (қалқанша без аурулары): Аутоиммунды тиреоидит ҚБ хирургиялық алып тастау Радиобелсенді 131I-пен терапия Ауыр йод тапшылығы Қалқанша бездің даму ақаулары (дисгенезия және эктопия)
Екіншілік (гипоталамус-гипофиз патологиясы:) Гипофизарлы жеткіліксіздік (ШиенСиммондс синдромы) Гипоталамус-гипофизарлы аймақтың ірі ісіктері Гипофиздің сәулеленуі ТТГ шектелген тапшылығы