Билет. Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері



бет11/87
Дата19.05.2022
өлшемі350,35 Kb.
#143892
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87
Байланысты:
Экзамен 2013

Этиологиясы мен эпидемиологиясы
Қоздырушысы-нейротроптық вирус.Ауруды масалар таратады.Вирус қан арқылы өрістейді.Инкубациялық кезеңі 5-15 күнге созылады.
Ауру Оңтүстік Батыс Азияда(Жапония,Қытай,Корея),Ресейдің Қиыр Шығысы мен Приморье аудандарында кездеседі.Аурудың таралымы тамыз бен қыркүйекте аса жоғары(80 пайыз).
Клиникасы
Ауру шұғыл,көбінесе продромасыз басталады.Жалпы дерттілік,қалтырау,аса қатты бас ауыру,лоқсу,құсу п.б.Дене қызуы 40-41°-қа дейін көтеріледі.Бет пен көздің шырышты қабығы қызарады.1-2 күн бойы ес-түстің бұзылуы(ессіздік,кома) үдей түседі,менингеалдық кейде ошақтық симптомдар(салдану,парездер,гиперкинездер,эпилепсия тәрізді ұстамалар,бульбарлық симптомдар ) белгі береді.Жалпы бұлш/еттер құрысуы байқалады.
Синдромдардың біліну басымдылығына байланысты клиникалық түрлері(менингеалдық,құрыспалық,гемипарездік,летаргиялық ж/ булбарлық) болады.
Қанда нейтрофильдік ауытқыған лейкоцитоз болады,ЭТЖ үдейді.Ми-жұлын сұйығы қысымы жоғарылаған.Ликвордағы белок мөлшері көбейген,лимфоциттері басымырақ.
Жапондық энцефалиттің соңынан ұзаққа созылатын астения,вегетативтік дистония,психикалық бұзылыстар сақталып қалады.
Диагностикасы:
-вирусологиялық тексеру
-иммунологиялық әдістер-қанда спецификалық антидененің табылуы.Жұп сарысуды зерттеу,ол үшін бірінші сынаманы-аурудың бірінші күнінде ,ал екінші сынаманы-3-4 аптада.Ең алдымен комплемент байланыстырушы зат(комплемент РСК) п.б.,уақыт өте келе олардың титрі жоғарылайды.
-РПГА(гемаглютинация бәсеңдеу реакциясы)
-РН(нейтрализация реакциясы)
ЕМІ:
-Аурудың ең алғашқы күдері науқасқа маса энцефалитімен ауырған науқастың қан сарысуын 20-30 мл енгізеді н/е спецификалық g-глобулинді күніне 9-18 мл-ге дейін т/і немесе б/е;
-Тамыр қабырғаларын нығайтатын дәрі-дәрмек(хлорлы кальций,рутин,рутамин)
-Бас сүйек қуысы гипертензиясы мен улану құбылыстарын азайту үшін диуретиктер(гипотиазид,новурит,күкірт қышқылды магнезий)
-витаминдер(С 0,5 г ж/е В6 0,05г)
-глюкоза
2 Естің бұзылыстары,клиникалық көрінісі,систематика,нозологиялық құралдар.
Ес-бұл ақпаратты бекіту,сақтау,және өткен шақ тәжірбиесін қайта жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс.
1)Ақпаратты бекіту қабылдаудың бұзылысы(фиксация)Ақпаратты бекіту жетк/гі клиникасы ағымындағы оқиғаларды есте сақтаудың бұзылыстарымен көрінеді.бұл фиксациялық амнезия деп аталады:Қарттық психозда,ми қоректену бұзылысында кездеседі.Бұндай аурулар өткен нәрсені есіне түсіре алмайды,яғни болған нәрсені есінде сақтай алмайды.
2)Өткен тәжірбиені есте сақталуының бұзылысы-Қабылдаған ақпараттың (ретенция)сақталуы жөнінде оны қайта еске түсіругенегізделіп,пікір жасалады,бұл дұрыс емес.Шындығында келгенде біздің жадымыз көлемі және мазмұны жағынан біз ойланғаннан едәуір мықты.Бұл гипермнезия деп аталатын клиникалық факт дәлел бола алады.Өткенді ұмыту ретсіз емес,белгілі заңдылықпен өтеді.Рибо заңы бойынша бірінші ретте неғұрлым кеш қабылданған,нашар ұйымдастырылған дағдылар зардап шегеді;одан кейін біртіндеп естегі көне оқиғалар жойылады.Мұндай науқас бір жыл бұрын әйелінің қайтыс болғанын,2 жыл бұрын тұрғылықты орнын ауыстырғанын есінде сақтамайды,бұрынғы мекен-жайын айтады,зейнетке 5 жыл бұрын немесе 10 жыл бұрын шыққанын айта алмайды,бірақ балалық шағын ,көшесін,мектепке барғанын,алғашқы ұстазының есімін айтып бере алады.
3)Өткен тәжірбиені қайта жаңғырту бұзылысы –репродукция.Репродукция бұзылысы фиксация және ретекция бұзылысында үнемі көрініс береді.Церебральды атеросклерозбен ауыратын науқаста өз естеліктерін басқару қабілеті бұзылады:жауапты жағдайда қажеттіні есіне түсіре алмайды;есімін,атаулы күндерді ,нақты атауларды.Белгілі бір уақыт өткеннен кейін,оның қажеті болмаған кезде бұл мәліметтер оңай еске түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет