Мидың бүйір қарыншаларына –қан кеткенде сырқаттың беті қызарады,тамыр соғуы әуелі сылбырланып,соңынан жиілейді,дене қызуы жоғарлайды,ал өздігінен зәр шығып кететінін білмей қалады.Науқастар өзін-өзі уқалап,сипау секілді стеротиптік қимылдар,жасайды.Ол аяқ-қол бұлшық еттерінің жиырылып,қысылуы.
III қарыншаға қан кұйылуының клиникалық белгілері-қатты терлеу,бетінің қызаруы,дене қызуының 40-41-қа көтерілуі,артериялық қысымның тұрақсыздануы және тахикардия арқылы білінеді.
IV қарыншаға қан құйылғанда-науқастың түсі қуқыл тартады,онда ықылық,тамыр соғуының жиілеуі,мен дем алысының бқзылғандығы байқалады,парездер мен салдар болмаса да,екі жағынан патологиялық рефлекстер анықталады.Бүйірлік қарыншаларға қан құйылуынан айырмашылығы-мұнда горментониялық синдром мен автоматтанған сілтемелер кездеседі немесе олар көмескі білінеді.
Диагностикасы:Қан мен жұлын сұйығындағы өзгерістер жөніндегі элктроэнцефалография,эхоэнцефалография,допплерография,ангиография,компьютер томография арқылы алынған деректердің маңызы өте зор.Зәр анализі.Ми-жұлын сұйығының анализі.
Емі:Гипотензивті,Жүрек қан тамырлық,Жансыздандырушы,Диуретиктер,Құрысуға қарсы,Ноотроптар,Антигипоксанттар.
2 Интелекттің бұзылысы,басты симптомдар,синдромдар.
Интелект-жеке оз бетінше психикалық сфера болып табылмайды. Оны ақыл ой,танымдық және шығармашылық қызметіне қабілет,білім дағды игеріп,тәжірбиеде қолдана білу қабілеті ретінде қарастырады.Интелект бұзылысының синдромдары ақыл әлсіздігі мен кемақылдылық.
I)Ақыл кемдігі (Деменция) –патологиялық үрдіс ықпалымен шақырылған тұрақты,орнына келуі қиын интеллектуальды қабілеттілік жоғалуы бұл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлауыбелгілері болып табылады.Жүріс тұрыс өзгереді,танымдық қабілет,сезім,зейін бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |