Біліктілігі: 0302033 Курс: 3 Семестр


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин



бет2/13
Дата26.08.2017
өлшемі0,97 Mb.
#29144
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 27 мин (15%)

Ауызша сұрау, үлестірмені кеспе қағаз түрінде қолдану



  • Эпидемиология және жұқпалы аурулар туралы түсініктерін

  • Жұқпалы аурулардың алдын-алу негіздерін

  • Аллергия және анафилаксия туралы түсініктерін

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 54 мин (30%)

  • Жұқпалы аурулар диагностикасының маңызды тәсілдерін

  • Жұқпалы аурулары бар науқастардың емін, күтімін

Ақпараттық-дидактикалық блок

Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері.

Жұқпалы аурулардың басқа аурулардан ерекшелігі:



  • контактылығы – жұқпалы ауру қоздырғышының сау адамға берілу қабілеттілігі.

  • арнайылық - әрбір патогенді микроорганизмдер процестің белгілі бір орналасуы мен және зақымдалуымен сипатталатын ауру.

  • циклділігі – аурудың кезеңдерінің кезектесіп ауысуы: жасырын кезең – бастапқы - өршу – жазылу.

  • Залалданған ағзаның микроорганизмге әсері – жұқпалы процесс даму барысында макроорганизм жүйелі түрде әсер етеді (жүрек қан тамыр, жүйке, ас қорыту, эндокринді,несеп шығару жүйелері).

  • Спецификалық иммунитеттің қалыптасуы – жұқпалы процесс даму барысында спецификалық иммунитет қалыптасады оның ұзақтығы әр ауруда әртүрлі болады.

  • Этиотропты препараттарды қолдану – жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды емдеу кезінде қолданылатын препараттар ауру қоздырғыштарына тікелей әсер етеді.



Эпидемиялық үдеріс

Эпидемиялық үдеріс деп жұқпалы аурудың қоздырғыштары түрлі жұғу жолдарымен берілетін және тұрғындар арасында таралу әсерінен инфекциялық үдеріс дамиды.

Эпидемиялық үдерістің дамуы үшін міндетті турде 3 фактордың болуы қажет:

1 инфекция көзі

2 қоздырғыштың берілу механизмі

3 қабылдағыш макроорганизм

Инфекция көзі деп тірі немесе абиотикалық объект болып келеді, оның табиғи тіршілік ортасында қоздырғыш көбейеді және жиналады және олардан дені сау адамдарға жұғуы мүмкін. Патогенді микробтардың табиғи тіршілік ортасын немесе мекендейтін жерін резервуар деп атайды. Осы резервуарына байланысты жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын 3 топқа бөлуге болады: антропоноздар, зооноздар және сапроноздар.


Топтар

Негізгі инфекция көзі

Мысалдар

Антропоноздар

Адам

Іш сүзегі, вирусты гепатит

А, дифтерия, қызылша,

бөртпе сүзегі, эпидемиялық паротит және т.б


Зооноздар

(зооантропоноздар)



Жануарлар (сирек жағдайда адамдар)

Құтыру, сарып,

геморрагиялық қызба,

Қу-қызбасы, туляремия

және т.б


Сапроноздар

(сапрозоноздар)



Топырақ, су

(жануарлар да болуы мүмкін)



Ботулизм, иерсиниоздар, легионеллездар, лептоспироздар, сібір күйдіргісі, сіреспе және т.б.


Инфекциялық аурулар кезінде қоздырғыштардың берілу жолдары мен механизмі

Берілу механизмі

Берілу жолдары

Берілу факторлары

Фекалды – оралды

Алиментарлы

Су

Тұрмыстық - қатынас



Тағам, су, ыдыс және таза емес қолдардан

Аэрогенді

Ауа – тамшылы

Ауа – шаң тозаң



Ауа

шаң


Трансмиссивті

Қан сорушылардың шаққанынан,

парентералды



Қан сорғыштар, қан, қан препараттары, шприцтер, хирургиялық құрал

жабдықтар



Қатынастық

Жарақаттық

Жыныстық - қатынас



Топырақ, бездің сөлдері, қан компоненттерінің болуы

Вертикалды

Трансплацентарлы,

ана сүті арқылы



-



Жұқпалы аурулардың жіктелуі.

Қазіргі кезде жұқпалы аурулардың нақты бір жіктелуі жоқ , бір жағдайларда этиологиясына қарап бөлінсе, бірде қоздырғыштың резервуарына байланысты бөлінді. Ал, қазіргі таңда Л.В Громашевскидің жітелуі бойынша қоздырғыштың орналасуына және жұғу механизміне бағытталған: ішектік, тыныс алу, қанды және тері жабынды инфекциялары.



Ішек инфекциялары.Ішек инфекциялары адам ағзасына ауыз арқылы асқазан ішек трактісіне тағам немесе су арқылы түсіп, біріншілік шоғырланып арнайы өзгерістер туғызады. Ішек инфекцияларына жататындар – іш сүзегі, А және Б қылаулары, дизентерия, тырысқақ, тағамдық токсикоинфекция, вирусты гастроэнтериттер, вирусты гепатит А және Е.

Тыныс жолдарының инфекциялары. Бұл инфекциялардың алғашқы ену қақпасы жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаттары. Тыныс жолдарының инфекцияларына жататындар – менингококты инфекция, көкжөтел, тұмау және басқа ЖРВИ- лар, қызылша, қызамық, желшешек, жәншау, эпидемиялық паротит.

Қанды инфекциялар. Бұл кезде қоздырғыш қанда және лимфада орналасады. Қанды инфекцияларға жататындар – безгек, бөртпе сүзегі, вирусты энцефалиттер, геморрагиялық қызбалар, боррелиоз, лейшманиоз және т. б.

Тері жабынды инфекциялары – құтыру, сібір күйдіргісі, сіреспе, сап, аусыл, АИЖВ-инфекциясы.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 63 мин (35%)

  • Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру

11. Жаңа тақырыпты бекіту – 18 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 3,6 мин (2%)

  • Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

13. Үйге тапсырма беру – 3,6 мин (2%)


3 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Іш сүзегі. Паратиф А және В. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

2.Сағат саны: 4 с. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: іш сүзегі, А және В паратифтерінің этиологиясын, эпидемиологиясын, патогенезін, клиникасын, емін, алдын алуын үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандықтарының қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов ТВ. - СПб.,

Специ­алист, 2000.

2. Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов ТВ., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. -М., 2011.-300 с.

3. Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.

Қосымша (Қ)

1. Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд

Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В. Малеева, Д.В. Усенко. - М., 2010. - 480 с.

2. Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардағы мейірбикелік

күтім». – Көкшетау, 2009.

3. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»

Рубашкина Л.А. - Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет