Біліктілігі: 0302033 Курс: 3 Семестр


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин



бет7/13
Дата26.08.2017
өлшемі0,97 Mb.
#29144
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 27 мин (15%)

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 54 мин (30%)

  • Ботулизм этиологияларын, инфекция көздерін

  • Берілу механизмдерін

  • Патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

  • Эпид.ерекшеліктерін


Ботулизм - өте ауыр инфекциялық ауру. Ол Cl. Botulinumнің токсиндері жайылған және қоздырғыш микробтың өзі бар тамақты қолдану салдарынан пайда болады. Ботулизм организмді уыттандырып, көбінесе орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің басым зақымдалуымен сипатталады.

Этиологиясы. Ботулизм клостридиясы - анаэробты, жақсы қимылдайтын, спора түзетін таяқша. Оның ерекшелігі - ғылыми белгілі токсиндердің ішінде ең күшті нейротоксин түзетін қасиеті бар. Қоздырғыштың бірнеше түрлері бар: А,В,С,Д,Е,F,G. Адамдар үшін ең күшті патогенді токсиндер болып А,В,С түрлері саналады. Токсиннің әр түрге бөлінуі жасушада түзілетін токсиндердің антигендік құрылымының ерекшелігімен байланысты. Ботулизмнің қоздырғышы табиғатта кең тараған.оның тұрақты өсуі жерде (топырақта) болады, су, көкөніс, жеміс, тамақ арқылы адам мен жануарлардың, құстар мен балықтардың ішегіне түседі. Аталған объектілерде қоздырғыш химиялық және физикалық факторлардың әсеріне тұрақты спор түзеді. Ботулизм қоздырғышының вегетативтік түрі суға қайнатқанда 2-5 минуттың ішінде өледі. Кейбір штаммалардың спора түзетін түрлері, әсіресе А,В,С,F ыстыққа төзімділігі өте жоғары. Олар 1,5 сағат қайнатқанда өлмей, тек автоклавта ғана өледі. Ботулин токсині 70-80С-та жартылай ыдырайды. Ал қайнатқанда 5-15 минуттың ішінде толық ыдырайды.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - анаэробты жағдайда сақталынып, бактериямен залалданған тағамдар, әсіресе қауіпті үйде консервіленетін (қозқұйрық, жеміс, жидек) тағамдар және ет өнімдері (колбаса, сүрленген ет, тұздалған балық т.б.). Жұғу механизміне байланысты аурудың 3 түрі бар: 1) тамақтан болатын ботулизм, 2) жарақат ботулизмі, 3) емшектегі балалар ботулизмі.

Патогенезі. Тағам арқылы түскен ботулотоксинді асқазан ішек жолында асқазан сөлі және басқа ферменттер ыдыратпайды, ол тез арада ішектің шырышты қабаты арқылы қанға сіңіп жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерін зақымдайды. Механизімінің негізінде ботулотоксин жүйке-бұлшықет түйіспелерін (синапстарын) зақымдап, қозудың жүйкеден бұлшық етке өтуін бұзады. Нәтижесінде ауруларда салдану пайда болады.

Клиникалық көрінісі. Жасырын кезең орташа 4-6 сағат, сирек кезде 2-5 және 7 күнге дейін созылады. Ауру гастроэнтериттік кезеңмен басталады: толғақ тәріздес іш ауруы, құсу, іш өту (жиілігі 5 рет) байқалады. Гастроэнтериттік кезең бірден неврологиялық кезеңмен алмасады.

Бөлек мүшелермен жүйелердің зақымдалуына байланысты ботулизмнің ағымын шартты түрде мынадай нұсқауларға бөлуге болады:

1. диспепсиялық бұзылу - ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, метеоризм, іштің қатуы, қатты, кейіннен сұйық тағамның жұта алмауы. 2. көздің көру қабілетінің бұзылуы - көздің қарауытуы, көз алдында тордың, тұманның пайда болуы, әдеттегі жазуды оқи алмауы, заттың екеу болып көрінуі кейіннен птоз (қабақтың жабылуы), анизокория (көз қарашығы көлемінің әртүрлілігі), мидриаз (көз қарашығының айқын кеңеюі және тұрақты болады), ішке қарай қылыйлану.

3. тыныс алудың бұзылуы - ауаның жетіспеушілігі, кеуденің қысылуы, үстірт демалу, дауыс өзгерістері (қырылдап мұрыннан сөйлейді).

Ауру тыныс алудың бұзылуымен басталса, көбінесе өлімге әкелуі мүмкін.

Аурудын клиникалык белгілері мен лабораториялық зерттеу нәтижесі арқылы диагноз қойылады. Науқастың қанында орташа лейкоцитоз, нейтрофилез және аурудың ауыр түрінде нейтрофилдердің жас түрлері анықталады.

Лабораториялық зерттеу кезінде аурудан алынған материалдардан (қаны, құсығы, аурудың ішін жуған судан) және қолданған тағамнан ботулотоксин табуға негізделген. Ботулизммен ауырған науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек.

Күтім ерекшеліктері. Ботулизм аурулары ерекше күтім мен байқауды талап етеді. Аурулар бұлшықет әлсіздігі мен неврологиялық бұзылыстарға байланысты өзін-өзі күте алмайды, сондықтан бөгде адамдардың көмегін қажет етеді. Алғашқыда бірнеше күндер бойы ауру қатаң төсек тәртібін ұстану керек. Зақымдалған жүйке қызметінің қалпына келуі бірнеше айға созылады.

Мейірбике аурудың тыныс алуын қадағалайды, егер жедел тыныс алу жетіспеушілігінің алғашқы белгілері пайда болса, ауруды тез арада жасанды өкпе желдендіруіне өткізу қажет.

Ботулизм ауруларында жұтқыншақ және көмекей бұлшықеттерінің салдануына байланысты олар өздігінен тамақтана алмайды. Егер аурулар сұйық тағамдарды жұта алмаса, оларды қан тамыр арқылы тамақтандыру керек. Жұтыну қызметі сақталынса да, тамақтандыру кезінде сақ болу қажет. Өйткені тағамның бөліктері тыныс алу жолдарына өтіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда аспирациялық пневмонияға әкелуі ықтимал.

Емі. Ботулинге қарсы антитоксиндік сарысу енгізеді. Ауру тудырған токсиннің түрі белгісіз болған жағдайда сарысудың барлық төрт түрін де егу қажет. Токсиннің түрі анықталғаннан кейін өзіне сәйкес сарысуды қолданады. Алғашқы рет бір емдік мөлшерді егеді. Ол үшін 10 мың ХБ (Халықаралық бірлік) сарысуының А түрін, 5 мың ХБ В түрін, 10 мың ХБ Е түрін егеді.

Алдын алу. Халық арасында санитарлық ағарту жұмысын өткізу керек (консервіленген тағамдардың дұрыс дайындау және сақтау ережелерін ұстану).

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 63 мин (35%)


  • Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру

11. Жаңа тақырыпты бекіту – 18 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 3,6 мин (2%)

  • Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

13. Үйге тапсырма беру – 3,6 мин (2%)

9 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: А және Е вирусты гепатиттер. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

2.Сағат саны: 4 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

Вирусты гепатиттер – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының негізгі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Гепатиттен Республикада жылына 40-60 мың адам тіркеледі. ХХ ғасырдың 40 жылдарында гепатиттер энтеральды, парентеральды деп бөлінген. Энтеральды гепатиттерге А және Е гепатиті жатады.

А және Е гепатиттер су, тағам және күнделікті қарым қатынас арқылы жұғады. Қоздырғыштың сыртқы қоршаған ортада кең таралуы және тұрақтылығынан эпидемия тууы мүмкін. Жұқпалы аурулар құрамында вирусты гепатиттің өлім көрсеткіші 1,7 пайызды құрайды. Вирусты гепатиттің экономикалық шығымы бүкіл жұқпалы ауруларға жұмсалатын қаржының 15 пайызын құрайды.

Барлық жұқпалы аурулардың ішінде вирусты гепатиттер ең көп тараған ауруларға жатады. Жиілігі бойынша жедел респираторлы вирусты инфекциялар, жедел ішек жұқпалы ауруларынан кейінгі орынды алады.

В, С, Д, G гепатиттер парентеральды жолмен де жұғады, ал қан және қаннан жасалған компоненттерді құйғанда, инвазивті диагностикалық және емдеу процедурасын жасағанда, наркомандарда /бір немесе бірнеше адам қатар залалсыздандырылмай қолдануда/ жұғады. Энтеральды гепатиттерге қарағанда парентеральды гепатиттердің жұғу механизмдердің белсенділігінің төмен болуына байланысты компенсация вирусемия ұзақ сақталынады және аурудың белгілері айқын көрінбейді.

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: А және Е вирусты гепатиттер этиологияларын, эпидемиологияларын, патогенездерін, клиникаларын, емдеу шараларын, алдын алуын, берілу механизмдерін үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандықтарының қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов ТВ. - СПб.,

Специ­алист, 2000.

2. Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов ТВ., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. -М., 2011.-300 с.

3. Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.

Қосымша (Қ)

1. Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд

Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В. Малеева, Д.В. Усенко. - М., 2010. - 480 с.

2. Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардағы мейірбикелік

күтім». – Көкшетау, 2009.

3. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»

Рубашкина Л.А. - Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет