Біліктілігі: 0302033 Курс: 3 Семестр


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин



бет10/13
Дата26.08.2017
өлшемі0,97 Mb.
#29144
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 27 мин (15%)

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 54 мин (30%)

  • Тұмау этиологиясы, инфекция көзі

  • Берілу механизмдері

  • Патогенез, алдын алу шаралары

  • Емдеу, арнайы профилактика

  • Тұмау эпид.ерекшеліктері

Ақпараттық-дидактикалық блок

Тұмауқоздырғышы ауа-тамшы механизммен берілетін, эпидемия және пандемия тудыруға бейім, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен көрініс беретін, жедел респираторлы инфекция.



Этиологиясы. Қоздырғышы – ортомиксовирустар туыстығына жататын РНҚ-ы бар вирус, Вирустың А,В және С серотиптері белгілі.

Вирустар жоғары температураға төзімсіз, төменгі температураға өте төзімді. Әдеттегі физикалық және химиялық дезерітінділерге жылдам жойылады. Бөлме температурасында бірнеше сағатта, 50-60С-та бірнеше минуттың ішінде жойылады.



Эпидемиологиясы. Инфекция көзі ауру адам. Берілу механизмі аэрогенді, таралу жолдары ауа-тамшылы. Ауру адамнан ауаға бөлінген аэрозоль 1-3,5 метрге дейінгі қашықтыққа тарала алады.

Патогенезі. Барлық ЖРИ-дың барлық түрлерінің патогенезі ұқсас. Ұқсастығы мынадай жағдайларға байланысты: вирустың эпителиге троптылығы, токсикалық әсеріне және вирусемияға, ағзаның қарсы тұру күшінің төмендеп, екіншілік бактериалды асқынуларының дамуына әкелуі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарында дегенеративті – десквамативті үдерістер жүреді, цилиндрлі эпителийдің клеткалары жартылай өтеді. Шырышты қабат өзінің қорғаныс қабатынан айырылып екінші бактериалды флораға қолайлы жағдай жасайды.

Е.С Кетиладзе (1980) ЖРИ-дың патогенезінде негізгі 5 фазаны бөледі:

1-фаза – вирустың тыныс алу жолдарының эпителиіне репродукциялануы.

2-фаза – вирусемия, ағзалар мен жүйелердің токсикалық немесе токсикоаллергиялық реакциялары.

3-фаза – тыныс алу жолдарында қабынудың дамуы

4-фаза – бактериалды асқынулары.

5-фаза – патологиялық үдерістің кері дамуы.

Клиникасы. Инкубациялық кезең А тұмауда бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін созылады. В тұмауда 3-4 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Ауру жедел басталады, дене қызуы жоғарлайды 39-40 градусқа, қалтырап-дірілдейді, басы айналады, бұлшық еттері, буындары ауру мүмкін, жалпы әлсіздік болады. Келесі күндері тұмау белгілері айқындала басталады: қатты бас ауырады, жиі самай тұсы, маңдай тұсы, қас үсті кейде шүйдесі ауыруы мүмкін, ұйқысы бұзылады, құсады, кейде сандырақтау, елестеушіліктер, құрысулар, есінің бұзылуы болады. Катаральды белгілер тұмауда айқын білінбейді, аздап мұрын бітеді, жөтеледі, тамағының жұтынғанда ауырсынуы. Геморрагиялық синдром туындағанда мұрыннан қанайды, көзі қызарады, терісінде петехиальды бөртпелер шығады. Науқас бозарады, қызыл демографизм, терлегіштік, кейде ішінің ауырсынуы.

Күтім ерекшеліктері. Тұмауды емдеудегі ең маңызды роль дұрыс күтімде болады. Науқастарда реинфекция болмас үшін олардың бір палатада орналасу ұзақтығын көңілге алу қажет. Барлық қызба кезеңінде науқас қатал төсектік режимде болуы керек. Науқастың күтіміне және емдік шараларды жүргізіп отырған медбике ауырудың жоғары контагиоздығына байланысты үнемі бетпердеде жүруі міндетті.

Науқастар орналасқан бөлме кең әрі жарық болуы керек. Бөлмені тәулігіне 4-6 рет желдету және бұл кезде науқастар жылы көрпемен оранып төсекте болуы қажет. Науқастарға үнемі жылы сұйықтықтармен (бал қосылған шай, морстар) қамтамасыз ету. Науқаста жоғары тершеңдік болған жағдайда медбике науқастың киімін уақытысымен ауыстырып тұру. Мұндай науқастарда нейротоксикоз белгілері болғандықтан бөлімшеде қорғау режимі сақталу керек.

Медбике науқасты ауырудың клиникалық белгілерінің және асқынуларының дамуын үнемі бақылап отыруы керек. Өкпе қабынуымен асқынған науқастарға төсекте жартылай отыруына ықпал жасап, науқасқа ылғалданған оттегі беріледі. Өкпе ісіну, ми ісінуі және токсикалық шок дамыған жағдайда науқасты жансақтау бөліміне тез арада ауыстырылуы керек.

Емі.

1. Режим (барлық қызба кезеңінде төсектік).

2.Тұмаумен ауырған науқастарға өте көп мөлшерде сұйықтық (шай, шырындар, морс), № 4 үстел диетасын барлық қызба кезеңінде сақтау керек, және де витаминдерге бай жеміс-жидектер ұсынылады.

3. Этиотропты ем: вирусқа қарсы препараттар - ремантадин арнайы схемамен беріледі, 1-ші күні 100 мг-нан күніне 3 рет, 2-3-ші күні 100 мг-нан күніне 2рет, 4-5-ші күні 100 мг-нан күніне 1 рет. Айқын интоксикация болған кезде тұмауға қарсы гамма-глобулин немесе қалыпты адам иммуноглобулині ( б.е 5,0 мл-ден 3-5 күн бойы)

4. Патогенетикалық. Ауыр ағымында дезинтоксикациялық ем жүргізіледі. Көрсеткіштер бойынша гемодез, реополиглюкин, альбумин ерітінділері.

5. Симптоматикалық ем. Қызба болған кезде қызбаны түсіруші препараттар парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, анальгин тағайындалады.

Паратұмау – жалпы улану белгілерімен мұрынның және көмейдің шырышты қабаттарының көбірек зақымдалуымен сипатталатын, тыныс алу жолының жедел жұқпалы ауруы.

Этиологиясы. Паратұмау қоздырғышы парамиксовирустар тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ-ы бар, сыртқы ортада тұрақсыз вирустар. Паратұмау вирусының 5 түрі белгілі, барлығы гемагглютинирлеуші белсенділікке ие, барлығында нейроаминидаза табылған.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі науқас адам. Берілу механизмі аэрогенді, таралу жолдары ауа-тамшылы.

Патогенезі. Паратұмау вирусы жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабатына еніп, эпителиалды жасушаларға шоғырланып, осы жерде көбейіп, қабыну үдерістерін тудырады. Паратұмау вирусы әсіресе мұрын және кеңірдектің кілегей қабатына төзімді болғандықтан, бұл жерде қабыну үдерісі айқын болып, гиперемия және ісінумен сипатталады. Кейіннен эпителиалды клеткалардың қалдық заттары қанға түсіп, айқын емес улану белгілері байқалады.

Клиникасы. Жасырын кезеңі 2-7 күн, орташа есеппен 3-4 күн. Ауру біртіндеп басталады. Алғашта бастың ауырсынуы, әлсіздік. Дене қызуы субфебрилды немесе аздап көтерілуі мүмкін. Катаралды белгілер паратұмауда аурудың бірінші күндерінен бастап айқын білінеді. Дөрекі құрғақ жөтел, тамағы ауырсынады, мұрыннан су ағады, мұрыны бітеді. Мұрыннан алдымен шырышты бөлініс болады, сосын шырышты-іріңді бөлініс. Аңқаны қарағанда, иіндердің, жұмсақ таңтайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының, шырышты қабаттары, қызарады, ісінеді кейде лакуналарда іріңді экссудутивті бөлініс болуы мүмкін. Паратұмаудың асқынуы көмейдің тарылуына (стеноз) алып келеді.

Күтім ерекшеліктері. (Тұмауды қара).

Емі.

1. Режим (барлық қызба кезеңінде төсектік).

2.Тұмаумен ауырған науқастарға өте көп мөлшерде сұйықтық (шай, шырындар, морс), № 4 үстел диетасын барлық қызба кезеңінде сақтау керек, және де витаминдерге бай жеміс-жидектер ұсынылады.

3. Этиотропты ем: вирусқа қарсы препараттар - ремантадин арнайы схемамен беріледі, 1-ші күні 100 мг-нан күніне 3 рет, 2-3-ші күні 100 мг-нан күніне 2рет, 4-5-ші күні 100 мг-нан күніне 1 рет. Айқын интоксикация болған кезде тұмауға қарсы гамма-глобулин немесе қалыпты адам иммуноглобулині ( б.е 5,0 мл-ден 3-5 күн бойы)

4. Патогенетикалық. Ауыр ағымында дезинтоксикациялық ем жүргізіледі. Көрсеткіштер бойынша гемодез, реополиглюкин, альбумин ерітінділері.

5. Симптоматикалық ем. Қызба болған кезде қызбаны түсіруші препараттар парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, анальгин тағайындалады.



Аденовирусты инфекция – жоғарғы тыныс жолдарының, көздің, ішектің кілегей қабаттарын және лимфоидты тіндердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Этиологиясы. Құрамында ДНҚ-ы бар вирус. Қазіргі кезде адамнан аденовирустың 32 серотипі бөлінген. Көбінесе ауру аденовирустың 3,4,7,14 және 21 серотиптерімен шақырылады. Кейбір аденовирустың серотиптері гасторэнтеритті тудырады. Аденовирустар сыртқы ортаға төзімсіз, бірақ бөлме температурасында 2 аптаға дейін сақталына алады. Дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі ауру адам. Берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолдары ауа-тамшылы. Аденовирустар бөлме температурасында 2 аптаға дейін сақталғандықтан тұмыстық заттар арқылы берілу мүмкін. Маусымдылығы күз-қыс айлары.

Патогенезі. Аденовирустар адам ағзасына жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаттары арқылы енеді. Вирус лимфоидты ткандерге жоғары тропты әсер етіп, аңқада олар көбейіп, қабыну процесі туады. Кейіннен вирус қанға өтіп, бүкіл ағзаға жайылып интоксикацияға алып келеді. Аденовирустар лимфоидты ткандерді зақымдау нәтижесінде иммунды жүйені бәсеңдетіп, екінші бактериалды асқынулардың туындауына ықпал етеді.

Клиникасы. Ауру жедел басталады, бірақ симптомдары бір мезгілде пайда болмайды, біртіндеп алғашқы белгілері дене қызуының жоғарлауы, катаралды белгілер көрінеді. Жалпы улану белгілері паратұмауға қарағанда айқынырақ білінеді. Дене қызуы 2-3 күн қатты жоғарлайды. Аденовирусты инфекцияға тән белгі – мұрыннан көптеп серозды бөліністердің бөлінуі, мұрынның шырышты қабатының ісінуі салдарынан мұрыннан дем алу қиындайды. Аңқада шырышты қабаттар ісінген, қызарған. Бадамшалар зақымдалған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы гранулезді фарингит түрінде өзгерген. Аденовирусты инфекциямен ауырған науқастың түрі бозарған, беті ісінген, көзі қызарған, қабықты конъюнктивит, алдымен бір көз зақымдалады, кейіннен екінші көз зақымдалады. Регионалды лимфа түйіндері, бауыр, көк бауыр ұлғайады, кейде диспепсиялық өзгерістер болады.

Күтім ерекшеліктері. (Тұмауды қара)

Емі. Арнайы емдеу әдістері өңделмеген. Науқасқа көрсеткіштер бойынша патогенетикалық және симптоматикалық емдер тағайындалады. Конъюнктивит дамыған кезде көзді 2% бор қышқылымен, 20 -30 % сульфацил-натрий ерітіндісімен және құрамында антибиотик қосарланған майлармен өңдейді. Екіншілік бактериалды асқынулар болған жағдайда антибиотиктер тағайындалу қажет.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 63 мин (35%)

  • Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру

11. Жаңа тақырыпты бекіту – 18 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 3,6 мин (2%)

  • Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

13. Үйге тапсырма беру – 3,6 мин (2%)
13 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Менингококты инфекция. Дифтерия. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

2.Сағат саны: 4 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: ауа тамшы инфекцияларының эпидемиологиялық ерекшеліктерін үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандықтарының қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов ТВ. - СПб.,

Специ­алист, 2000.

2. Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов ТВ., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. -М., 2011.-300 с.

3. Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.

Қосымша (Қ)

1. Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд

Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В. Малеева, Д.В. Усенко. - М., 2010. - 480 с.

2. Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардағы мейірбикелік

күтім». – Көкшетау, 2009.

3. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»

Рубашкина Л.А. - Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет