Кристалл торларының түрлері. Заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.
Сабақ тақырыбы:
Сабақ мақсаттары:
молекулалық, атомдық және иондык кристалл торлары туралы ақпаратты қабылдау;
заттардың қасиеттері кристалл торлардың түріне байланысты екенін және кристалл торлардың әр түріне химиялық байланыстың қандай түрі сәйкес келетінін ұғыну.
Заттардың кристалдық торы –бұл заттарды құрайтын бөлшектердің (атом, молекула, иондар) кеңістікте белгілі ретпет орналасуы. Бөлшектердің орналасу нүктелері кристалдық тор түйіндері деп аталады
10. Күкіртсутектің балқу температурасы -85,5°С, ал калий йодидінің балқу температурасы 686°С. Бұл заттардың кристалдық торлары қандай?
11. Калий селитрасы – ақ, суда жақсы еритін кристалдық зат. Оның ерітіндісі электр тогын жақсы өткізеді. Бұл затты минералдық тыңайтқыш ретінде қолданады. Бұл заттың кристалдық торы қандай?
2. Дұрыс ба, әлде бұрыс ба?
1. Барлық газды заттар қатты күйде құрылысы молекулалық кристалдық торлы болады.
2. Барлық қатты заттар кристалдық құрылысты болады.
3. Егер заттың кристалдық торы атомдық болса, онда ол қиын балқиды.
4. Фторсутектің балқу температурасы -83°С. Оның кристалдық торы атомдық.
5. Молекулалық кристалдық тордың беріктігі ең төмен.
Тест (алған білімі мен дағдылырына өзін- өзіне талдау жасау)
Топ жетекшілері өз топтарындағы оқушылардың жинаған балдары мен бағаларын айтады.
Бағалау
Кристалдық заттар деп құрамындағы бөлшектері белгілі бір реттілікпен орналасатын заттарды атайды. Қатты заттарды құраушы бөлшектердің кристалдық құрылысы болатыны рентген сәулесінің көмегімен дәлелденген. Кристалдарда бөлшектер (атомдар, иондар, молекулалар) геометриялық дұрыс ретпен белгілі бір аралықта орналасады. Осындай құрылымдарды кристалдық торлар деп атайды, ал онда белгілі реттілікпен орналасқан бөлшектерді тор түйіндері деп атайды. Байланыс типтеріне және бөлшектер түрлеріне қарай кристалдық торлар: атомдық, молекулалық, иондық және металдық болып бөлінеді.