Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы


аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына



бет5/6
Дата12.10.2020
өлшемі72,29 Kb.
#68268
1   2   3   4   5   6

аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына


ауыстыру шкаласы

      Ескерту. Ереже 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04 № 142 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.





Пән

3

(қанағаттанарлық)


4

(жақсы)


5

(өте жақсы)


1.

Қазақ тілі

13

20

25

2.

Орыс тілі

13

20

25

3.

Қазақстан тарихы

13

20

25

4.

Математика

14

21

25

5.

Физика

14

21

25

6.

Химия

14

21

25

7.

Биология

13

20

25

8.

География

13

20

25

9.

Дүниежүзілік тарих

13

20

25

10.

Қазақ әдебиеті

13

20

25

11.

Орыс әдебиеті

13

20

25

12.

Ағылшын тілі

13

20

25

13.

Неміс тілі

13

20

25

14.

Француз тілі

13

20

25

15.

Қазақ тілі орыс мектептеріне

арналған


14

21

25

16.

Орыс тілі қазақ мектептеріне

арналған


14

21

25

Бастауыш, негізгі орта,  



жалпы орта білімнің білім 


беретін оқу бағдарламаларын


іске асыратын білім беру  


ұйымдарындағы білім     


алушылардың үлгеріміне   


ағымдық бақылаудың, оларды


аралық және қорытынды    


аттестаттау жүргізудің үлгі


ережесіне 2-қосымша    

      Нысан         



Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған мектеп бітірушіні аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тәркіленуі туралы

АКТ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.02.10 № 44 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.



___________________________________________________________

                      (ҰБТӨП атауы)

«___»_________________201_____ж. _______сағ. ________мин.

Министрлік өкілі __________________________________________

                               (аты-жөні)

Аудитория кезекшісі _______________________________________

                               (аты-жөні)

Тестілеу уақытында мектеп бітірушіден: Аты-жөні______________________________________, ТЖК_____________, аудитория №______, орын №______, нұсқа №______ Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінің 47-тармағының және Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығының 125-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды: ___________________________________________

_____________________________________________________________________


(ұялы телефонның маркасы, саны және мәліметтері бар шпаргалка және т.б.)

Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:

      - Емтихан материалдарын алу;



      - Бітірушіні: Аты-жөні________________, ТЖК_____________ №_____ аудиториядан шығару және емтихан материалдарын жою.

       Осы дәлелді ескере отырып, бітірушіден табылған заттар мен оның емтихан материалдары алынды және өзі аудиториядан шығарылды.



_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________


      (осы актіні құрған тұлғалардың аты-жөні және қолдары)

актпен таныстым:

_____________________________________________________________________


              (мектеп бітірушінің аты-жөні және қолы)

актпен таныстым:

_____________________________________________________________________


              (ҰБТӨП жетекшісінің аты-жөні және қолы)

Мерзімі: _______________

М.О.

(ҰБТӨП мөрі)

  Бастауыш, негізгі орта,  

жалпы орта білімнің білім 


беретін оқу бағдарламаларын


іске асыратын білім беру 


ұйымдарындағы білім    


алушылардың үлгеріміне  


ағымдық бақылаудың, оларды


аралық және қорытынды   


аттестаттау жүргізудің үлгі


ережесіне 3-қосымша   


Нысан 

ЕМТИХАН ҚҰЖАТТАМАСЫ

Жалпы орта білім берудің негізгі орта, жоғарғы орта деңгейіндегі емтихан және қорытынды бағалардың


ХАТТАМАСЫ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.02.10 № 44 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.



Қазақстан Республикасы _____________________ облысының ______________ қаласының (селосының) ___________ ауданының _________ №______ мектебі ____ сыныбы _____________________ пәнінен ___________________

Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. _______________________________

Емтихан алушының Т.А.Ә. _____________________________________________


Ассистенттердің Т.А.Ә. ______________________________________________


Білім басқармасы жіберген емтиханға арналған материалдары бар пакет ______ сағ _______мин. ашылды.

Онда емтихан жүргізу үшін қажетті мынадай материалдар бар (пакет ішіндегі материалдар хаттамаға қоса тігіледі).


Емтиханға ________________________________________ оқушы қатысты.

_____________________________________________________________________


                (келмей қалған оқушының тегі және аты)


_____________________________________________________________________


Емтихан______________сағат_____________минутта басталды.

Емтихан______________сағат_____________минутта аяқталды.


5-8-сынып оқушыларының көшіру емтихандарында осы хаттаманы қолданады.

р/с

Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты

Жазбаша жұмыстың тақырыбы және нұсқасы, билет №______

Емтихан бағасы (жазумен)

Жылдық бағасы (жазумен)

Қорытынды бағасы (жазумен)

1

2

3

4

5

6

Комиссия мүшелерінің жеке оқушылардың жауаптарын бағалау туралы ерекше пікірлері ___________________________________________________

____________________________________________________________________


____________________________________________________________________


Емтихан өткізу күні 201 ___ж. «_____»__________________ 

Бағаларды хаттамаға жазу күні 201__ ж. «___»___________

Емтихан комиссиясының төрағасы

Емтихан алушы мұғалім

Ассистенттер

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің


2008 жылғы 18 наурыздағы    


N 125 бұйрығымен       


  бекітілген          

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі 1. Негізгі ережелер

      1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.



      2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған:



      1) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі;



      2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;



      3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;



      4) кәсiптiк даярлықты бағалау - техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бітірушілерінің кәсіптік қызметтің тиісті түрінің шеңберінде жұмысты орындауға біліктілік деңгейiнің сәйкестігі дәрежесін (қабілетін) анықтау;



      5) сертификаттау жөніндегі орган – сәйкестікті растау және кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау қорытындылары бойынша сертификат беру рәсімін ұйымдастыру үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;



      6) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiк деңгейін анықтау үшін құрылатын алқалық орган.



      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан өткізу

      3. Ағымдағы бақылау пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы жүзеге асырылады. Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.

      4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Мұндай пәндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пәндік (циклдік) комиссиясы анықтайды.

      5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пәндер тізбесі мен нысанын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіледі.

      6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар және емтихандар нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.

      7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге ауысқан пәндер бойынша өткізіледі.



      Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз") курстық жобалар (жұмыс), кәсіптік тәжірибе бойынша, сондай-ақ тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.

      8. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.

      9. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.

      10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:

      - емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;


      - емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;


      - оқу және технологогиялық карталар;


      - спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;


      - емтихан ведомосы дайын болуы қажет.

      11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр бойы (жарты жылдық) сабақ берген оқытушы немесе білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.

      12. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі.

      Емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.

      13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін:

      әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан көп емес;



      жазбаша емтиханды өткізуге:



      1) әдебиет (шығарма) бойынша 6 астрономиялық сағаттан;



      2) математика және арнайы пәндер бойынша 4 академиялық сағаттан;



      3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 3 астрономиялық сағаттан;



      4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 2 астрономиялық сағаттан көп емес уақыт қарастырылған.



      Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.



      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық, кафедралық комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.

      15. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі, әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды.

      16. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.

      17. Емтихан тапсыру, сонымен бірге курстық жобаларды қорғау кезіндегі білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: (5 - "өте жақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").

      18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді.

      Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе ол оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады).

      19. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған белгіленген үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады.

      20. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі.

      21. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.

      22. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобалар), сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.

3. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу

      23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:



      1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды;


      2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.



      23-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды оқу орны білім алушылардың тиісті мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізеді.


      Ескерту. Ереже 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      24. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен аттестаттау емтихан комиссиясы құрылады.



      Аттестаттау емтихан комиссиясының құрамы кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндiрiстiк оқыту шеберлерiнен және оқу орнын басқарудың алқалық органдары өкілдерінен, яғни жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен 35% арақатынасында құрылады.



      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.



      26. Комиссия:



      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін;


      білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын анықтайды.

      27. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.

      28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.

      29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:

      мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;



      техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;



      білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;



      оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен мәселелер тізбесі;


      білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.



      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі.

      Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысанында өткізіледі.


      Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.


      Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады.


      Қорытынды ауызша емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 минуттан аспауы керек.

      31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі.

      Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.

      32. Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      33. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылар белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі.

      34. Аттестаттау емтихан комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.



      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау емтихан комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінділер сертификаттау жөніндегі органға беріледі.



      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      34-1. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру - білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілік беру туралы сертификат беру үшін қажетті шарт болып табылатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бөлігі.

      Бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді ұйымдастыру үшін сертификаттау жөніндегі орган біліктілік комиссиясын құрады.



      Біліктілік комиссиясының төрағасы кәсіпорын және жұмыс берушілер қауымдастықтары қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және филиалдарының (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) келісімі бойынша, ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (автономды білім беру ұйымдарын қоспағанда, 3 реттен аспайтын) келісімімен тағайындалады. Біліктілік комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары мен филиалдары өкілдерінің келісімі бойынша (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінен арақатынасында кәсіпорындардың өкілдері, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi органдардың өкiлдерi кіреді.



      Ескерту. Ереже 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      35. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7786 болып тіркелген) Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.



      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" деген бағамен, ал қалған пәндерді - "жақсы" деген бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі.

      37. Біліктілік деңгейін көрсете отырып диплом беру туралы шешім арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері негізінде қабылданады.



      Қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі білім беру ұйымдарының мұрағатында сақталады.


      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.

      39. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

      40. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің


2008 жылғы 18 наурыздағы   


N 125 бұйрығымен    


бекітілген         

Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрiнiң 2010.04.13 N 168 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "немесе ғылыми ұйымдардың", "немесе ғылыми ұйымда", "немесе ғылыми ұйымның", "(ғылыми ұйымның)", "немесе ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі", "немесе ғылыми ұйымдар", "(ғылыми ұйымнан)", "немесе ғылыми ұйым", "немесе ғылыми ұйымы", "мен ғылыми ұйымдар", "немесе ғылыми ұйымынан", "немесе ғылыми ұйымдағы", "ғылыми ұйым директорының орынбасары немесе", "немесе ғылыми ұйым директорының орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын - ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.11.01 № 506 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары оқу орындарында студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында студенттердің үлгеріміне ағымдақ бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізу тәртібін анықтайды.

      2. Үлгерімді ағымдақ бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жоғары білім алушылардың кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.



      3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:



      1) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;



      2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – студенттердің білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;



      3) оқудың кредиттік технологиясы – дербестікке, білім алудың таңдаулылығы мен кредит түріндегі оқу материалдарын игеру көлемі есебіне негізделген өз бетімен білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру технологиясы;



      4) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;



      5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;



      6) транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;



      7) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;



      8) Офис регистратор – білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркеумен шұғылданатын және білім сапасын бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін тұлға;



      9) межелік бақылаубір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;



      10) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;



      11) емтихан сессиясы - ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау кезеңі.

2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау өткізудің тәртібі

      4. Студенттердің оқу жетістіктерін тексеруді жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың түрлі нысандары арқылы жүзеге асырады.



      5. Студенттердің (білім алушылардың) оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес бағаланады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі



      6. Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.



      7. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы (бұдан әрі - СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.



      Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.


      8.  Кешкі бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау осы Ереженің 6-тармағына ұқсас жүргізіледі.



      9. Сырттай бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу-емтихан сессиялары басталғанға дейін де, сол кезеңде де жүзеге асырылады, ол академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.



      Бұл ретте сырттай бөлімде оқитын студент оқу-емтихан сессиялары басталғанға дейін барлық түрдегі бақылау және есептеу-графикалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды (жобаларды), сондай-ақ үй тапсырмаларының жекелеген түрлерін, СДЖ, пәндерді оқыту бағдарламасына сәйкес межелік бақылауды тапсырады.


      10. Күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдерде оқитын студенттер бірыңғай кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша пәндерді бірдей көлемде оқиды. Пәндерді оқытудың тақырыптық жоспарларында өзгешеліктер болады, ол оқудың түрлі нысандары үшін оқытушылардың студенттермен байланысты жұмыстарының түрлі көлемінде көрініс табады. Бұл ретте сырттай оқитын студенттерге оқу материалдарының 80 пайызға дейінгі  көлемін өз бетінше игеруіне рұқсат етіледі.



      11. Межелік бақылау бір академиялық кезең аралығында, бір оқу пәні шеңберінде кемінде екі рет өткізіледі. Көлемі бір кредитті құрайтын оқу пәндері ерекшелік ретінде алынады, олар бойынша межелік бақылау санын ЖОО дербес айқындайды.



      12. ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.



      13. Студенттерді аралық аттестаттау емтихан тапсыру және сараланған сынақ түрінде өткізіледі.



      14. Студенттердің аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу офис регистраторға жүктеледі.



      15. Аралық аттестаттау нәтижесі бойынша офис регистратор студенттердің академиялық рейтингілерін құрастырады.



      16. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша студенттердің оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді.



      17. Сараланған сынақтар студенттердің зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады.



      Сараланған сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі.


      18. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бөлінеді.



      ЖОО-да қабылданған академиялық кезеңге (триместр, тоқсан) байланысты аралық емтихан сессиялар да болуы мүмкін.


      19. Оқудың күндізгі нысаны үшін емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтылығы мамандықтың оқу жұмыс жоспары және ЖОО-ның ғылыми кеңесінде бекітілген академиялық күнтізбе бойынша анықталады.



      Оқудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы және олардың кезеңдері мен саны ЖОО-ның кеңесінде белгіленеді.


      20. Офис регистратор оқудың барлық нысандары үшін емтихандар кестесін тиісті факультеттің деканатымен бірлесе отырып жасайды, оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және ол студенттер мен оқытушылардың назарына емтихан басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.



      21. Емтиханды өткізу үшін біліктіліктері сол пәннің бейініне сәйкес келетін және әдеттегідей сол академиялық топта (толқында) оқыту сабақтарын өткізбеген алдыңғы қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан емтихан қабылдаушылар тағайындалады.



      22. Офис регистраторының жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар жіберілмейді.



      23. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы өкімінде студенттің аты-жөні, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіледі.



      24. Емтихандық сессияға жіберуі екі кезеңнен тұрады:



      1) бірінші кезеңде факультет деканының (институт директоры) жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ студенттердің сессияға жіберілуі жүзеге асырылады;



      2) екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық және межелік бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру әрбір студенттің тегінің қарсы тұсына қойылған офис регистраторының тиісті белгісімен емтихан ведомосы бойынша жүзеге асырылады.



      25. Аталған пән бойынша рұқсатнама рейтингісінде жағымды бағасы жоқ студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.



      Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған студенттер тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.


      26. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) студентке емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады. Факультет деканына (институт директоры) аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат беріледі.



      27. Сырттай бөлім студенттерінің пән бойынша емтиханға жіберілуі күндізгі бөлім студенттерінің емтиханға жіберілу тәртібі секілді жүзеге асырылады.



      28. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі. Ауызша түрде бір күнде екі немесе одан көп емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Тест нысаны кезінде екі немесе одан да көп пәндердің бейіндік және жақындық принципін сақтай отырып, емтихан кешенді түрде өтуі де мүмкін.



      29. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның (факультет) Ғылыми кеңесімен академиялық кезең басталғаннан бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.



      30. Емтиханға келген студенттің (білім алушылардың) қолында сынақ кітапшасы болуы тиіс.



      31. Емтихан кезінде студенттер пәннің оқу бағдарламасын және емтихан қабылдаушының рұқсатымен анықтамалық әдебиетті пайдалана алады.



      32. Қорытынды бақылау өткізу үшін офис регистратор тарапынан емтихан қабылдаушыға студенттердің академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.



      33. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі.



      34. Емтиханда студенттің білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.



      Оңды баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д-, Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомосына ғана жазылады.


      35. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады.



      36. Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды бақылау бағалары кіреді.



      Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберілу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 30%-ын құрайды.


      37. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып, студенттің транскрипіне жазылады.



      38. Студент қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.



      39. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында оны аралық аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.



      Қорытынды аттестаттаудың оң бағасын қайта тапсыру осы Ереженің 43-тармағымен белгіленеді.


      40. Емтихан ведомосы офис регистраторға тапсырылады, ол бүкіл оқу кезеңінде барлық білім алушылардың кредиттер санын есептеумен және жинақтаумен айналысады.



      Ары қарай емтихан ведомосын офис регистратор тиісті факультет деканатына (институт директоратына) жібереді. Деканатта әрбір оқу пәнінің емтихан ведомосы негізінде аралық аттестаттау бойынша жинақ ведомосы толтырылады.


      41. Оқудың барлық нысандарына бірдей пәндердің оқу бағдарламасында бекітілген жұмыс және жеке оқу жоспарына сәйкес студенттер барлық емтихандарын тапсырады.



      42. Студенттер пәндердің қосымша оқу түрлері бойынша емтихан тапсыра алады, олардың тапсыру нәтижелері емтихан ведомосына, сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады (әскери дайындықтан басқасы).



      43. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін студент келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.



      Мұндай жағдайда студент белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді.


      44. Егер студент оқу бағдарламасын толық көлемде орындай отырып, емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Студенттің дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіледі. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы осы Ереженің 43-тармағы бойынша жүзеге асырылады.



      45. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін студент (докторант, магистрант) емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляция береді.



      46. ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндерге мамандығы сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.



      47. Апелляция нәтижелері хаттамамен ресімделеді және оның шешімі негізінде студенттің (докторант, магистрант) жеке емтихан ведомосы жасалады, ол негізгі емтихан ведомосына тіркеледі.



      48. Офис регистратор емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, студенттің оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын өту балын есептейді.



      49. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялар қорытындысының негізінде студенттерді курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады.



      50. Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО-ның өзі белгілейді.



      51. Ең төменгі өту балын алған студенттер (докторанты, магистранты) факультет деканының (институт директоры, жоғары оқу орнынан кейінгі бөлім) ұсынысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқ көшіріледі.



      Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Ең төменгі өту балын ала алмаған студент (докторанты, магистранты) оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.



      Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған студентке өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.



      54. Қайта тапсырылған емтиханнан қанағаттанарлық нәтиже алған жағдайда қорытынды баға қайта есептеліп, ол емтихандық ведомосы мен сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады.



      Орташа үлгерім балын есептеуде әр пән бойынша соңғы бағалар есепке алынады.


      55. Транскрипке студенттің қайта тапсырған емтихандарының оң нәтижелерімен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады.



      56. Оқу курсына қайта қалдырылған студент (докторанты, магистранты) бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.



      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Өту балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар студент (докторанты, магистранты) сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.



      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін осы Ереженің 39, 43, 52, 53, 54, 56 және 57-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі.



      Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Академиялық қарызы бар пәндер келесі семестрде өтілетін пәндер үшін пререквизит болып саналмайды.



      60. Емтихандар сессиясының қорытындысы және оқу үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін кафедра, деканат (директорат) мәжілістерінде, ЖОО кеңесінде талқылануға ұсынылады.



      61. Жоғарғы оқу орны емтихандық сессиялардың (қысқы және жазғы) қорытындысы бойынша білім саласындағы өкілетті органға осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда электронды және қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді.



      62. ЖОО-дан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.



      63. Емтихан сессиясын ойдағыдай аяқтаған сырттай оқу бөлімі студенттеріне келесі емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі.



      Шақыру-анықтамаларын беру мен сырттай оқу бөлімі студенттерінің емтихан сессиясына қатысуы ЖОО-да қатаң есепке алынады.


      64. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде өткізіледі.



      65. Барлық бакалавр мамандығындағы ЖОО студенттері «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.



      66. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстан тарихы» пәнін оқуға және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті.



      67. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жоғары кәсіптік білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстан тарихы» пәнін оқымайды және мемлекеттік емтихан тапсырмайды.



      68. Мемлекеттік емтиханға дайындықты факультет деканатымен (институт директоратымен) және оқу бөлімімен (оқу-әдістемелік басқармасымен) бірлесе отырып, «Қазақстан тарихы» пәнін оқытатын кафедра (бұдан әрі – кафедра) өткізеді.



      69. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра оқудың барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын аталған пән бойынша үлгі оқу бағдарламасы негізінде әзірлейді.



      70. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес ауызша, жазбаша және тест түрінде жүзеге асырылады.



      71. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрі ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімімен анықталады.



      72. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін факультет деканының (институт директоры) ұсынысы бойынша құрамында төрағасы мен мүшелері бар Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі – МЕК) күнтізбелік жылға құрылады.



      73. МЕК төрағасының кандидатурасы ағымдағы оқу жылының 1-қарашасынан кешіктірілмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.



      74. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша МЕК төрағасы ағымдағы оқу жылының 1-желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.



      75. МЕК құрамы жоғары білікті оқытушылардан ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.



      76. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор құрады және оны ЖОО басшысы мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.



      77. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.



      78. МЕК отырыстары әр студент бойынша жеке хаттамамен осы Ереженің 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес ресімделеді және оған комиссия төрағасы мен отырысқа қатысқан мүшелер қол қояды.



      79. МЕК отырысының хаттамасын аталған пән бойынша сабақ беретін кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған хатшы жүргізеді.



      80. МЕК отырысының хаттамалары мемлекеттік емтихан басталмастан бұрын А4 форматында түптеліп, нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.



      81. Егер студент МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады.



      82. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ________ № __________ хаттамамен кайта қаралды ____бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МЕК мүшелерінің бәрі қол қояды.



      83. Мемлекеттік емтихан нәтижелері студенттердің білімін балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады



      84. «Қазақстан тарихы» пәнінен тапсырылған мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша білім алушыларға жіберілу рейтингі бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып, қорытынды баға қойылады. Бұл ретте жіберілу рейтингісінің бағасы пән бойынша білімнің қорытынды бағасының кемінде 60%-ын құрайды және мемлекеттік емтихан бағасы кемінде 30%-ын құрайды.



      85. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.



      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      86. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.



      87. Студент мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей мемлекеттік емтихан комиссиясына (МЕК) апелляция беруіне болады.



      88. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша тәжірибелі оқытушылардан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша апелляциялық комиссия құрылады.



      89. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсырудың нәтижелері оны тапсыру қаралған сол емтихандық сессияның қорытындысын шығару кезінде есепке алынады.



      90. МЕК-ның жұмысы аяқталғаннан соң Комиссия төрағасы есеп жазады, ол ЖОО ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілгеннен кейін білім саласындағы өкілетті органға тапсырылады.



      «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан төрағасының есептері қысқы емтихан тапсыру бойынша 1 наурыздан, ал жазғы емтихан тапсыру бойынша 1 тамыздан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

3. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі

      91. ЖОО-да студенттерді қорытынды аттестаттау жоғары білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгілеген нысандарда өткізіледі, оның ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған.

      92. Студенттер оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырады және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғайды.



      93. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.11.01 № 506 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.



      94. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.11.01 № 506 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.



      95. Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:



      1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);


      2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;


      3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;


      4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.


      Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.


      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.11.01 № 506 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      96. Екі мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі бітіртуші кафедра шығарған қолдау хатының негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.



      97. Қорытынды аттестаттауға жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес білім алу процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі.



      98. Білім алу процесі аяқталуының негізгі өлшемі болып студенттердің жоғары білім мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы мен кәсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі саналады.



      99. Бітіруші курстың студенті жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.



      100. ЖОО басшысы білім алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға (диплом және қосымша) ағымдағы жылғы 1-қазанға дейін күтілетін бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады.



      101. Студенттерді қорытынды аттестаттау үшін барлық оқу нысандары үшін әр мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – МАК) құрылады.



      102. Студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу студенттердің тізімі бойынша қорытынды аттестаттауға дейін 2 аптадан кешіктірілмей факультет деканының (институт директорының) өкімімен ресімделіп, осы Ереженің 97-тармағының негізінде МАК-қа ұсынылады.



      Ескерту. 102-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      103. Студенттерді қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа факультет деканының (институт директорының) студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы, оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық жұмыстары (жобалары), кәсіби практикалардың түрлері мен GPA оқыту кезеңіндегі орта салмақ баға өлшемдері көрсетілген анықтамасы ұсынылады.



      104. ЖОО басшысы ағымдағы оқу жылының 1 қарашасына дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға осы жоғары оқу орындарында жұмыс істемейтін, ғылыми және академиялық дәрежелері бар профессорлар, доценттер мен оқытушылар арасынан, орта мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен, бітіретін мамандықтар бейініне сәйкес келетін өндірістегі жоғары білікті мамандардан МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады.



      105. МАК жұмысына қатысушы мамандар бейіні ғылыми немесе академиялық дәрежелерінің немесе базалық білімінің (диплом бойынша) сәйкестілігімен анықталады.



      Ұсынысқа ғылыми немесе академиялық дәрежелері туралы немесе базалық білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.


      106. МАК төрағасы ағымдағы оқу жылының 20-желтоқсанынан кешіктірмей уәкілетті орган бұйрығымен бір күнтізбелік жылға бекітіледі.



      107. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы (институт директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді.



      МАК-тың басқа мүшелері бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.


      108. МАК сандық құрамын мамандық бойынша бітіріп шығатын студенттердің контингентіне сәйкес жоғары оқу орны өз бетінше белгілейді және ЖОО басшысының бұйрығымен жыл сайын 31-желтоқсаннан кешіктірмей бекітеді және ол күнтізбелік жыл бойына әрекет етеді.



      109. МАК-тың құзырына төмендегілер кіреді:



      1) жоғары білім мамандықтары үшін МЖМБС белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;



      2) тиісті мамандықтары бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындау;



      3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;



      4) жоғары білім туралы диплом беруге шешім қабылдау;



      5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.



      110. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО басшысы бекітеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей көпшіліктің назарына жеткізіледі.



      111. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. Осыған байланысты, күніне мемлекеттік емтиханды тапсыруға 12-15 адам, ал дипломдық жұмысты қорғауға 7-10 адам жіберіледі.



      111-1. Мамандықтар бойынша тестілеу нысанында мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.


      Ескерту. 111-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      112. Диплом жұмысы (жобасы) қорғалуына дейін бес күннен кешіктірілмей МАК-қа мынадай құжаттар ұсынылады:



      1) диплом жұмысы (жобасы) ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытындысы бар пікірі;



      2) диплом жұмысын (жобасын) қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі және бағалар көрсетілген дәлелденген қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін немесе біліктілігін беру туралы рецензия.



      113. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) плагиаттық мәніне қатысты тексеру тиісті деканаттармен жүргізіледі.



      114. МАК-қа, сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (жобаның) бейіні  бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми-зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, минералдар үлгісі, гербарий және тағы басқа сол сияқты материалдарда ұсынылады.



      115. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда студент диплом жұмысын (жобасын) қорғауға шыға алады.



      Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алмайды.


      Білім алушы, рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.


      116. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.



      117. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр студентке дербес бекітіледі.



      Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі, мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі көрсетіліп бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.


      118. Мемлекеттік емтихандар (бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) ауызша, жазбаша, олардың кәсіптік оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі.



      119. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО-ның әзірлеген бағдарламалары бойынша өткізіледі.



      Мамандық бойынша мемлекетттік емтихан бағдарламасы ЖОО (факультеттің) ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.


      120. Бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс бағдарламалары бойынша өткізіледі.



      121. ЖОО мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын және олардың (ашық, жабық, біріктірілген) тест түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын өзі дербес әзірлейді және бекітеді.



      122. Диплом жұмысын қорғау МАК-тың ашық отырысында оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда қорғалады.



      123. Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға МАК алдында дипломдық жұмысы туралы баяндама жасау үшін 15 минут уақыт беріледі.



      124. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.



      125. Мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері олар өткізілген күні МАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң жарияланады.



      126. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.



      127. МАК отырысының хаттамалары осы Ереженің 4-6-қосымшаларына сәйкес МАК жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.



      128. МАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.



      129. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына бекітілген МАК хатшысы толтырады



      130. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (жобасын) қорғауда анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен МАК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазады және өзі қол қояды.



      Хаттамада «бакалавр» академиялық дәрежесін және немесе біліктілік беру, сондай-ақ студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.


      131. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау мемлекеттік емтихан бағалары туралы, сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру немесе/және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы  шешім МАК мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.



      Ескерту. 131-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      132. Хаттамаға МАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.



      133. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңына сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.



      134. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген студент МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсырады немесе дипломдық жұмысты (жобаны) МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғайды.



      135. Студент қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.



      136. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.



      137. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ___________ №_________ хаттамамен қайта қаралды _______бет» деген жазумен өзгертіледі және оған МАК мүшелерінің бәрі қол қояды.



      138. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін қарастырылмайды.



      139. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.



      140. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.



      141. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген жағдайда, МАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді. МАК-ның бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.



      142. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.



      143. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.



      144. Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.



      145. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді.



      146. Қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер білімі аяқталмағандығы туралы анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады.



      147. Қорытынды аттестаттаудан өткен және ЖОО-ның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген студентке МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде қосымшасымен ақысыз беріледі.



      Ескерту. 147-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      147-1. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен бірге беру білім беру ұйымы басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.


      Бітіру туралы бұйрықты студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.



      Ескерту. 147-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      147-2. Білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.



      Ескерту. 147-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      148. Дипломға қосымша студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарымен қарастырылған көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), практика мен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде толтырылады.



      Диплом қосымшасына әр оқу пәні бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.


      149. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.



      150. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған студент осы Ереженің 149-тармағында көрсетілген талаптарға қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады.



      151. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жазады және екі апта мерзім ішінде оны ЖОО-ның басшысына тапсырады. МАК төрағасының есебі ЖОО ғылыми кеңесінің (факультет) отырысында талқыланады және бекітіледі.



      152. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау нәтижелерін ұсынады.



      153. МАК төрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.



      Кестеде осы Ереженің 7-қосымшасын келтірілген көрсеткіштер көрініс табады.


      МАК төрағасы есебінің түсіндірме жазбасында төмендегілер көрсетіледі:


      1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;



      2) диплом жұмысының (жобаның) саны ішінде кәсіпорындардың, ұйымдардың тапсырысы бойынша орындалған диплом жұмыстарының (жобаларының) орындалу сапасы;



      3) диплом жұмысы (жобасы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сәйкестігі;



      4) білім алушылардың мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудағы кемшіліктер;



      5) осы мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың сапасына талдау;



      6) ЖОО-да мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.



      154. МАК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын оқып бітірген, білім ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі жалғанады.

4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық аттестаттау өткізудің тәртібі

      155. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың магистратура мен докторантура оқудағы жетістіктерін тексеру ЖОО өздері белгілейтін бақылаудың түрлері мен аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.



      156. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау ЖОО студенттеріндегі сияқты тәртіппен жүргізіледі.



      157. Магистранттар мен докторанттарды ЖОО-да аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбе мен кәсіптік оқу бағдарламаларына сай емтихан тапсыру және сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.



      158. Аралық аттестаттаудың мерзімділігі мен ұзақтығы ЖОО бекіткен академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.



      159. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.



      160. Емтихандардың кестесін жасау жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдерімен немесе тиісті факультеттің деканатымен бірге офис регистраторына жүктеледі.



      161. Емтихан кестесін ғылыми ұйым директорының оқу ісі жөніндегі проректоры немесе орынбасары бекітеді және емтихан басталғанға дейінгі екі аптадан кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.



      162. Емтиханға жіберу нақты пән бойынша жіберілу рейтингі бағасы анықталатын үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.



      163. Жіберілу рейтингінен оң баға ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.



      Курстық жұмысты (жоба) тапсырмаған білім алушылар сол пән бойынша емтиханға жіберілмейді.


      164. Факультет деканы (жоғары оқу орнынан кейін білім алу бөлімінің бастығы) кей жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге байланысты) білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.



      Факультет деканына (ЖОО-дан кейінгі білім бөлімінің бастығы) аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда білім алушыға жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.


      165. Емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.



      166. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі.



      Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің бейінділігі мен ұқсастығына байланысты екі және одан да көп пәндерден кешенді емтихан белгілеуге рұқсат етіледі.


      167. ЖОО (факультет) емтиханды өткізу тәртібі мен түрін әр оқу пәні бойынша академиялық кезеңнің басталуынан бір ай мерзімнен кешіктермей белгілейді.



      168. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі емтиханнан алған бағасы мен ағымдық бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған орташа баллы ескеріледі.



      169. Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыларға қорытынды баға ЖОО студенттеріне қойылатындай тәртіппен қойылады.



      170. Емтихандық ведомосы барлық оқу кезеңі бойынша білім алушылар жинаған кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады.



      Әрі қарай офис регистратор емтихандық ведомосты тиісті факультет деканатына (институт директораты) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне тапсырады. Деканатта әр пәннің емтихандық ведомосын негізге ала отырып, аралық аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.


      171. Білім алушылар барлық емтихандарды жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырады.



      172. Білім алушылар қосымша оқу түрлерінің пәндері бойынша да емтихан тапсыра алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына жазылады.



      173. «Қанағаттанарлықсыз» бағаны оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы пән бойынша оқу жұмыс жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақ түрлеріне қайта қатысып, емтиханға жіберілу рұқсатын алады және қорытынды бақылау тапсырады.



      174. Қорытынды бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін осы аралық аттестаттау кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.



      Қорытынды бақылаудың оң бағасын қайта тапсыру тәртібі осы Ереженің 173-тармағында айқындалған.


      Ескерту. 174-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      175. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханнан кейін (келесі күні) аппеляция беруге құқығы бар.



      176. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда емтихандық ведомостағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады.



      Дәлелді себептерге байланысты келмеген жағдайда факультет деканының өкімімен емтихан тапсырудың жеке кестесі белгіленеді. Дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы Ереженің 173-тармағына сәйкес емтиханды қайта тапсырады.


      177. Транскриптке магистранттың, докторанттың барлық қорытынды бағаларымен қоса қайта тапсырылған емтихан нәтижелері де жазылады.



      178. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялар қорытындысының негізінде жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы мақсатқа сәйкес көшіру балы белгіленеді.



      178-1. Курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі көшіру балын ала алмаған білім алушыларға өз үлгерімінің орташа балын көтеру мақсатында жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және сол пәндер бойынша қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.


      Ескерту. 178-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      179. Емтихан қорытындылары және емтихан сесссиясы (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстары кафедра, деканат (директорат) және жоғары оқу орны отырыстарының талқылауына шығарылады.



      180. Жоғары оқу орнынан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.



      181. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін осы Ереженің 173, 174, 178-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі.



      Ескерту. 181-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі

      182. Жоғары оқу орнында білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистірлік (докторлық) диссертация қорғау түрінде өткізіледі.

      183. Қорытынды аттестаттауға оқу жұмыс жоспары мен оқу жұмыс бағдарламалары талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.



      184. Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.



      185. Магистранттар мен докторанттардан кешенді емтихан алу білім алушыларға үшін ЖОО Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады.



      Ескерту. 185-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      186. Жоғары оқу орнының жетекшісі МАК төрағасына кандидатураларды 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады:



      магистратура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі;


      докторантура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі.


      Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      187. МАК құрамына оның мүшелерінің құқықтарымен бірдей мыналар кіреді:


      магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар (бейіндік магистратура үшін құрылған МАК-тың құрамына, сондай-ақ шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар);


      докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар.


      Ескерту. 187-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      188. МАК-тың сандық құрамын ЖОО дербес белгілейді, жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен 31-ші желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі және ол бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.



      189. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестаттау басталуынан 2 апта бұрын МАК-қа тапсырылады.



      190. Мамандықтар бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттерінің пәндері кіреді.



      191. Кешенді емтихан келесі нысандардың біреуі бойынша өткізіледі: ауызша, жазбаша бекітілген пәндерден тест.



      192. Кешенді емтиханның бағдарламасын өткізілу нысанын және тапсырмалар мазмұнын жоғары оқу орыны осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасы негізінде өздері әзірлейді.



      193. Магистр немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу орындары тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеудің өткізілу технологиясын өздері әзірлейді.



      194. Кешенді емтихан:



      магистрлік диссертацияны қорғауға дейін 1 ай бұрын;


      докторантуралық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай бұрын қабылданады.


      195. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушы бойынша осы Ереженің 8-қосымшасына сай белгіленген нысандағы хаттамамен ресімделеді.



      МАК отырысының хаттамасын бітіртіп шығарушы кафедраның оқу-көмекші қызметкерлері арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.


      196. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама ресімдеуге емтихандық ведомосы негіз болады.



      197. Алынған оңды бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.



      197-1. Магистратураның және докторантураның кешенді емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде магистрантты және докторантты қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін және/немесе академиялық күнтізбеге сәйкес оқу жылы аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.


      Бұл ретте магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықта «магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсыныммен» немесе «магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсынымсыз» деген жазу көрсетіледі.



      Ескерту. 197-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      198. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.



      199. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.



      200. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________ №_______ хаттамамен қайта қаралды _____бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МАК мүшелерінің бәрі қол қояды.



      201. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант білім басшысының бұйрығымен ЖОО оқудан шығарылып, тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.



      202. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада және докторантурада қорытынды аттестаттау кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.



      203. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертация қорғауға жіберу ЖОО МАК төрағасының ұсынуы негізінде басшысының бұйрығымен ресімделеді.



      Ескерту. 203-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      204. Пайдаланылған дереккөздерге және авторға сілтеме жасамау мәні бойынша диссертациялық жұмыстарды тексеру жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің магистратурасы және докторантурасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.



      205. Осы Ереженің 204-тармағына сәйкес жүргізілетін тексеруден кейін докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өтеді. Осы мақсатта біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын диссертациялық жұмыстың бейініне сәйкес келетін диссертациялық кеңес мүшелерінің арасынан сарапшы тағайындалады.



      Ескерту. 205-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      205-1. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Осыған сәйкес, қорғауға күніне кемінде 6-8 магистрант жіберіледі.

      Магистрлік диссертацияларды қорғау МАК-тың ашық кеңесінде оның 2/3 кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.


      Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақытығы 50 минуттан аспауы қажет. Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін МАК-тың алдында 15 минуттық баяндамамен сөз сөйлейді.


      Ескерту. 205-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      206. Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК-тың кеңесінде, докторанттардың қорғауы – диссертациялық кеңестерде жүзеге асырылады.



      Ескерту. 206-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      207. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      208. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      209. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      210. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      211. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      212. Магистрлік диссертацияның қорғалуы төмендегі жағдайда жүзеге асады:



      ғылыми жетекшінің оң пікірі;


      ғылыми баспада диссертация тақырыбында кемінде 1 мақала жарық көруі, халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі;


      сараптама комиссиясының диссертацияны ашық түрде қорғауға берген ұсынысының жазбаша қорытындысы;


      бітіріп шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра отырыс хаттамасының көшірмесі);


      қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензенттің рецензиясы. Мұнда диссертацияның жан-жақты сипаттамасы, көрсетілген дәлелді қорытындысы және сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетіледі.


      Ғылыми жетекші немесе /және бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілген жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіндігінен айырылады.


      Ескерту. 212-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      213. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      214. Магистрлік диссертацияның қорғалу нәтижесі осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес бекітілген түрдегі әрбір магистрант үшін жеке хаттамамен ресімделеді.



      215. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін растаған және МАК-тың шешімімен магистрлік диссертацияны жариялы түрде қорғаған магистрантқа магистрлік диссертациясын қорғаған күннен бастап отыз күндік мерзімде тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом тегін беріледі.



      МАК-тың шешімі осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысанда хаттамамен ресімделеді.



      Ескерту. 215-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      215-1. Дипломға қосымша магистранттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және оқу жұмыс жоспарында қарастырылған көлемде барлық пәндерден алған бағаларына сәйкес жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде толтырылады.

      Дипломға қосымшада білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша әрбір оқу пәнінен кредиттер мен академиялық сағаттар көлемі көрсетілген соңғы бағалар жазылады.



      Ескерту. 215-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      215-2. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен беру білім беру ұйымы басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.



      Бітіру туралы бұйрықты магистранттарды қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.



      Ескерту. 215-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      215-3. Сонымен қатар білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген магистранттарды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.



      Ескерту. 215-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      216. Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК төрағасы магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасайды және оны екі апталық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады.



      Ескерту. 216-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      217. Магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай есепке кестелер мен түсіндірме жазба енеді. Кестеге осы Ереженің 11-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер көрініс табады.



      Түсіндірме жазбада:


      1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнындағы магистрлардың дайындық деңгейлері;



      2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;



      3) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау;



      4) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;



      5) магистрлік диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі;



      6) магистрлік диссертацияларды орындаудың сапасы;



      7) магистрлік диссертацияларды қорғаудың деңгейі ғылыми жетекшісінің пікіріне, ресми оппоненттің рецензиясына сәйкестігі;



      8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер болады.



      Ескерту. 217-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      218. Магистранттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижесі туралы есепке МАК төрағалары қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.



      Ескерту. 218-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      219. Жоғары оқу орны магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепті білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.



      220. МАК төрағасының есебіне білім беру басшысы қол қойған дипломның нөмірі, мамандығы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп жазылған магистратура бағдарламасын аяқтаған бітірушілердің тізімі тіркеледі.



      221. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер докторантураның мамандық бойынша немесе мамандықтар тобы бойынша құрылады.



      Ескерту. 221-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      221-1. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңесте жүзеге асырылады.

      Ескерту. 221-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      222. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      223. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамына шифры (коды), мамандығы аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар кіреді. Осыған сәйкес, кеңестің кем дегенде үш мүшесінің шифры қорғалатын докторлық диссертациясының бейініне сәйкес келетін ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы керек.



      224. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің сандық құрамы бес адамнан кем болмауы қажет.



      225. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      226. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 № 445 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      227. Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияға жеке пікірлер жазады.



      228. Егер ғылыми консультант және/немесе сараптама комиссиясы «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берген жағдайда докторант докторлық диссертациясын қорғай алмайды.



      229. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      230. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының кестесі күнтізбелік жылға жасалады және жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен бекітіледі. Осыған сәйкес, бір күнге үш-төрттен кем емес докторлық диссертацияны қорғау жұмыстары қойылады.



      Ескерту. 230-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      231. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері стенограммамен ресімделеді.



      Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері бойынша диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдайды:


      1) докторантқа философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беру және Комитетке қорытынды сараптама өткізу туралы қолдау көрсету;


      2) философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.


      Ескерту. 231-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      232. Докторлық диссертацияны қорғау жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда кеңестің ғалым хатшысы философия докторы немесе бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беру туралы докторанттың жеке ісін қалыптастырады.



      Ескерту. 232-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      233. Докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісінде мынадай материалдар болуы тиіс:



      1) докторлық диссертация;



      2) ғылыми консультанттардың пікірлері;



      3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдардың бедері;



      4) қорғауға жіберілген ұсынымдамасы туралы бітіртіп шығарушы кафедраның шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);



      5) алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      6) екі ресми оппоненттің рецензиялары;



      7) докторлық диссертацияны қорғаудың стенограммасы;



      8) докторлық диссертацияны қорғау бойынша құпия дауыс берудің нәтижесі туралы есеп комиссиясының хаттамасы;



      9) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі;



      10) кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК отырысы хаттамасының көшірмесі;



      11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру жөніндегі транскриптің көшірмесі.



      Ескерту. 233-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      234. Докторлық диссертацияны қорғағаннан кейін бір ай мерзім ішінде докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісі білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.



      235. Докторанттардың кешенді емтиханының нәтижелері бойынша МАК кеңестің төрағасы олардың нәтижелері туралы есеп жасайды және бір айлық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады.



      Ескерту. 235-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      236. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есеп кестелер мен түсіндірме жазбаны қамтиды.



      2 кестеге осы Ереженің 11-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер жазылады.


      Түсіндірме жазбада:


      1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнында докторлар даярлаудың деңгейлері;


      2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;


      3) аталған мамандық бойынша докторларды даярлаудың сапасын талдау;


      4) докторлар даярлаудағы кемшіліктер;


      5) докторлар даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер болуы қажет.


      Ескерту. 236-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      237. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есепті МАК төрағасы қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.



      Ескерту. 237-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      238. алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      239. Жоғары оқу орны докторантурада білім алушылардың кешенді емтихан аяқталғаннан кейін докторанттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижесі туралы есепті білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.



      Ескерту. 239-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      239-1. Жыл сайын диссертациялық кеңес ағымдағы жылғы қаңтарда білім беру саласындағы уәкілетті органға кесте мен түсіндірме жазба енгізілген докторлық диссертацияларды қорғаудың нәтижелері туралы есеп береді.

      3, 4 кестеде осы Ережеге 11-қосымшада келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі.


      Түсіндірме жазбада:


      1) докторлық диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің және өндірістің қазіргі жай-күйіне сәйкестігі;


      2) докторлық диссертациялардың орындалу сапасы.


      Ескерту. 239-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      240. Докторанттардың докторлық диссертацияны қорғау нәтижелеріне докторлық диссертацияны қорғаған докторанттардың тізімі олардың аты-жөні, мамандығы, берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып тіркеледі. Тізімге жоғары оқу орнының басшысы қол қояды.



      Ескерту. 240-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Білім алушылардың үлгерімін       


ағымдық бақылау, аралық және      


қорытынды мемлекеттік аттестаттау 


жүргізудің үлгі ережесіне 1-қосымша



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет