Бағалау критерийлері :
Бағдарлама нәтижелерін бағалау
- оқу мақсаттары пәннің ерекшеліктеріне бағдарланған;
- сабақ мақсаттары білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында әзірленген (нақты, өлшемді, қолжетімді және уақыт мөлшері белгіленген);
- әдіс-тәсілдерді таңдау пән бойынша тақырыптардың мазмұнына сәйкес айқындалған;
- әдістер оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді;
- қолданылатын тәсілдер пән мазмұнының ерекшеліктеріне бағдарланған және барлық білім алушыларды оқу процесіне қатыстыруға және оқу мақсаттарына жетуіне ықпал етеді.
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ
- Қандай нәтижеге қол жеткізгіңіз келеді? Бұл нәтиже оқушыларды келесі сабақта неге үйрететініңізге және сіздің оқушыларыңыздың келесіде нені меңгеруі қажет екендігіне қаншалықты байланысты?
Дереккөзге сілтеме:
Лемов Д. (2015). Мұғалім шеберлігі: Көрнекті оқытушылардың тексерілген әдістері. Мәскеу: «Манн, Иванов және Фербер».
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ
- «Кері дизайн» әдісі келесі кезеңдерді қамтиды:
- 1) Алдыңғы сабақтың мақсатына қай деңгейде қол жеткізгеніңізді ескере отырып, осы сабақтың мақсатын нақтылау және түзету.
- 2) Білім алушылардың оқу мақсатына жетуін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау жүйесін жоспарлау. Барынша тиімді бағалау үшін бағалау критерийлерін құрастыру.
- 3) Белгіленген оқу мақсатына қол жеткізетін нақты әрекеттерді/сабақ мазмұнын жоспарлау, яғни, тиісті тапсырмалар мен жаттығуларды таңдау.
Дереккөзге сілтеме:
Лемов Д. (2015). Мұғалім шеберлігі: Көрнекті оқытушылардың тексерілген әдістері. Мәскеу: «Манн, Иванов және Фербер».
Топтық жұмыс
Тапсырма: Сабақ жоспарын жасаңыз. Содан кейін басқа топтың сабақ жоспарын келесі критерийлерге сәйкес бағалау (10.1-ресурс):
Оқытудың мақсаттары мен күтілетін нәтижелері алынған білім мен дағдыларды одан әрі оқуда немесе күнделікті өмірде пайдалануға/біріктіруге қаншалықты мүмкіндік береді;
Таңдалған ресурстар сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын қамти ма;
Ұсынылған тапсырмалар сабақтың тақырыбын жіктеуге, бекітуге, талқылауға, зерттеуге мүмкіндік бере ме;
Бағалау критерийлері оқу мақсаттарын аша ма және оларды дескрипторлары кезең-кезеңімен "жаба" ма;
- Қолданылған әдістер мен тәсілдер оқу процесін біріктіре ме?
Достарыңызбен бөлісу: |