«МЕКТЕПТЕГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 10-күн. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ мұғалімдерінің шығармашылық шеберханасы Мақсаттар
«Химия» пәні мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы, инклюзивті орта қалыптастырудағы және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Оқу ұзақтығы:
160 сағат
ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ «МЕКТЕПТЕГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 1) Тыңдаушылардың пәндік білімін тереңдету, оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес тәжірибеде жүзеге асыру дағдыларын дамыту;
2) жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау дағдыларын жетілдіру;
3) мұғалімдердің қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, оқу ресурстарын таңдау және пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және ерекше қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар әзірлеу дағдыларын дамыту;
4) химия сабағында инклюзивті оқыту ортасын құру дағдыларын қалыптастыру;
5) қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу дағдыларын жетілдіру.
Тыңдаушылар:
тыңдаушылар негізгі және орта мектептегі химия курсы бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы қиындықтарды ескере отырып, оқу тапсырмаларын әзірлеуді үйренеді;
оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар әзірлеу тәжірибесін жетілдіреді;
бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіреді.
Бағалау процесі жүйелі және тиянақты ұйымдастырылған процедураларға сәйкес объективті бағалау принциптері негізінде іске асырылады.
Тыңдаушыларды қалыптастырушы бағалау күнделікті сабақ барысында тренердің және топтағы басқа әріптестерінің көмегімен сапалы кері байланыс беру арқылы жүргізіледі.
Тыңдаушыларды қорытынды бағалау меңгерген білімдерін оқыту тәжірибесінде қолдана білетіндігін және түсінетіндігін көрсететін қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен сабақ жоспарын әзірлеу және оны ықшамсабақ түрінде өткізу арқылы жүзеге асырылады.