Нәтижелердің сенімділігі мен валидтілігі. Бағалаудың сапасын қамтамасыз ету. Бағалау нәтижелерін талдау
Тапсырмаларды әзірлеу
Бағалауды не үшін жүргізеді?
Бағалау нәтижелері не береді?
Бағалау нәтижелерінен біз қандай ақпарат аламыз?
Бағалаудың сенімділігі мен валидтілігі неген не? Олардың маңызы қандай?
(Dylan Wiliam, Assessment literacy)
Талқылау Бағалау дегеніміз:
оқушыларға орындауға қандай да бір тапсырма беру
күтілетін нәтижеге жету деңгейінің дәлелдерін жинақтау
нәтижесінде алынған мәліметтерді талдап түсіндіретін және қорытынды жасайтын үдеріс
Бағалау нәтижесі бойынша:
кейбір қорытындылар сенімді және валидті болуы мүмкін
кейбірі ондай болмау да мүмкін
Бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар Нәтижелердің сенімділігі
Тапсырмалар санының жеткілікті болуы (тапсырма көп болған сайын тестінің сенімділігі арта түседі).
Түрлі деңгейдегі тапсырмалардың болуы (өте күрделі немесе өте жеңіл тапсырмалар тестінің сенімділігін арттырмайды).
Бағаның дифференциялануы (нәтижелердің таралымы жоғары болған сайын, тест сенімділігі де арта түседі).
Бағалаушылардың құзыреттілігі.
Дескрипторлар мен балл қою кестесінің нақтылығы және жұмысты тексерудің рәсімдерінің шынайылығы (әдетте, мұқият құрастырылған құралдар мен рәсімдер бағалауда дұрыс шешім қабылдауды жеңілдетеді).
Бағалаудың стандартталған рәсімдері мен шарттарын сақтау.
Тапсырманы анық тұжырымдалуы.
Оқушылардың бағалауға дайын болуы (мысалы, оқушылар шаршаған кезде бағалау өткізсе, бұл бағалау нәтижесінің сенімділігін төмендетеді).
Нәтижелердің сенімділігі Қайта тестілеу кезіндегі нәтижелердің тұрақтылығы
Нәтижелер тұрақты
Нәтижелер тұрақты емес
Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келе ме?
Тапсырмалар мазмұнды жеткілікті қамтыған ба?
Бағаланатын материалдың көлемі үшін тапсырмалардың саны жеткілікті ме?
Тапсырмалар бағаланатын дағдылар мен біліктерді қолдануды талап ете ме?
Тапсырмалар үстүрт білімді тексеруге немесе терең білімге бағытталған ба?
Тапсырманы орындау үшін берілген нұсқаулық түсінікті ме?
Сұрақтар екіұшты емес пе?
Тапсырмаларды орындауға берілген уақыт жеткілікті ме?
Тапсырмаларда белгілі бір топтарға қатысты факторлар жоқ па (ұлдар немесе қыздар, қалалық немесе ауылдық, тұрғылықты жері, ұлты және т.б.)?
Тапсырмалардың тілі түсініңті ме?
Тапсырманы оқуға қойылатын талап оқушылардың мүмкіндігіне сәйкес келе ме?