Барлық білім алушылар 2 емтихан парағын орындайды.
1-емтихан парағы
|
90 минут
|
Бұл парақта міндетті түрде жауап беретін бір сұрақ бар. Ол дереккөз материалдарға негізделген және оқушылардың “Тарихи тұрғыдан ойлау” қабілеттерін бағалайды (Оқу бағдарламасының 1-ші бөлімі).
Бұл сұрақ үш (a), (b) және (c) бөліктен тұрады, берілетін балл саны (15), (18) және (21), барлығы 54 баллды құрайды.
2-ші және 5-ші бөлімдерінің біреуінің бір тақырыбына байланысты әр түрлі, шамамен алты дереккөз берілген, мысалы: “Ауыл шаруашылығы” (5-ші бөлімнен)
Осы емтихан кезінде, таңдалған бөлім 2-ші емтихан парағында бағаланбайды. Бірақ әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін.
|
Барлық балл санының 36 %
|
2-емтихан парағы
|
120 минут
|
Білім алушылар 3 сұрақтың ішінен таңдап алынған екеуіне жауап береді.
Үш бөлімнің әрқайсысында 1-емтихан парағында қарастырылмаған бір сұрақ бар. Мысалы: 4-ші тармақ, “Мемлекеттің дамуы” әр сұраққа катысы бар бір бөліктегі сұрақ.
Әр сұрақтың форматы ұқсас және 100 сөзге дейін ынталандыру материалдары бар.
Әр сұрақ үш (a), (b) және (c) бөліктен тұрады, берілетін балл саны (9), (15) және (24), барлығы 96 баллды құрайды.
|
Барлық балл санының 64%
|
210 МИНУТ =3 САҒАТ
2.1 Бағалау міндеттері
БМ1
|
Білу және түсіну
Пән бағдарламасының мазмұнын еске түсіріп, іріктеп, білімін көрсете білу қабілеттілігі.
|
БМ2
|
Дағдылар мен талдау
Төмендегіні түсінетіндігін білдіре отырып тарихи түсініктемені құрастыра алу қабілеті:
себеп-салдар, өзгерістер мен үздіксіз сабақтастықтар, ұқсастықтары мен айырмашылықтары
өткен замандағы адамдардың себеп дәлелдері, сезім әсерлері, ниеттері мен нанымдары
|
БМ3
|
Пайымдау мен шешім қабылдау
Тарихи мәнмәтін бойынша дереккөздерді кең қолдану, бағалау, түсіндіру қабілеттілігі.
|
3 Емтихан парақтарының сипаттамасы
Екі жазбаша тапсырма беріледі. 1-е мтихан парағы 1-ші және 2-ші немесе 5-ші тармағының біреуін бағалайды. 2- емтихан парағы қалган үш бөлімді бағалайды.
3.1 1-емтихан парағы
Барлығы 54 балл құрайтын, үш бөліктен тұратын бір сұраққа жауап беру үшін оқушыларға 90 минут уақыт беріледі. Барлық үш бөлікке міндетті түрде жауап беру керек. Берілген тапсырмада БМ1, БМ2 және БМ3 бойынша білімін көрсеткені үшін критериалды балл қою сызбасына сәйкес балл қойылады.
Бағалау міндеттері
|
Қол жетімді баллдар
|
Сипаттама
|
AO1 (22 %)
AO2 (39 %)
AO3 (39 %)
|
54
|
Бір сұраққа міндетті түрде жауап беру керек. Үш бөлііктен тұратын сұрақтарға сәйкесінше (15), (18) және (21) балл қойылады. Сұрақтар білім алушының неше түрлі деректерді мәтін, график, сызба, сурет, карта, постер, таблица ретінде түсіндіру, қолдану, бағалау қабілетін тексереді. Дереккөз материалдары 600 сөзден аспауы керек. Және де оқушының 2-ші мен 5- ші тармақтарының біреуін түсінуі мен біліуі бағаланады.
|
TOTAL
|
54
|
|
3.2 2-емтихан парағы
Оқушыларға 2 сұраққа жауап беру үшін 120 минут уақыт беріледі, оған барлығы 96 балл қойылады. Барлық үш бөлікке міндетті түрде жауап беру керек. Берілген тапсырмада БМ1 және БМ2 бойынша білімін көрсеткені үшін критериалды балл қою сызбасына сәйкес балл қойылады.
Бағалау міндеттері
|
Қол жетімді баллдар
|
Сипаттама
|
AO1 (56 %)
AO2 (44 %)
AO3 (0 %)
|
2 x 48
|
Таңдауға берілген үш сұрақтың ішінен екі сұраққа міндетті түрде жауап берілуі тиіс. Әрқайсысына 48 балл беріледі. Әр сұрақтың форматы ұқсас және 100 сөзге дейін ынталандыру материалдары бар.
Сұрақ пән бағдарламасының мазмұнын еске түсіріп,, іріктеп, білімін көрсете білу және төмендегіні түсіне білу қабілеттілігін бағалайтын үш бөліктен тұрады:
себеп-салдар, өзгерістер мен үздіксіз сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары
өткен замандағы адамдардың себеп дәлелдері, сезім әсерлері, ниеттері мен нанымдары
Әр сұрақтың үш бөлігіне (a), (b) және (c) берілетін балл саны (9), (15) және (24).
|
БАРЛЫҒЫ
|
96
|
|
3.3 Баллдарды бөлу
Төмендегі кестеде жалпы бағалау мен баллдарының үлесі көрсетілген:
|
1-емтихан парағы
|
2- емтихан парағы
|
Барлығы
|
БМ1
|
12
|
54
(2 x 27)
|
66
|
БМ2
|
21
|
42
(2 x 21)
|
63
|
БМ3
|
21
|
0
|
21
|
Барлық балл саны
|
54
|
96
|
150
|
Аналитикалық дағдыларын бағалау 1-емтихан парағының бір бөлігі ретінде тексеріледі. 2-емтихан парағында біліміне көп мән беріледі. Соңғы балл саны 100 дейін теңестіріледі.
Бағалау тілі
Бағалау тілі қазақ тілі болып табылады.
Емтихан өткізу үдерісін басқару
Бағалау үдерісі материалдардың қауіпсіздік шаралары мен емтихан өткізу тәртібін қатаң түрде сақтап бағалаудың әділдігін көрсете отырып жүргізілу керек. Зияткерлік мектептерде емтихан өткізуге арналған Нұсқаулық жазылып шығарылады. Ол төмендег пунктілерді қамтиды:
емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі;
әкімшіліктің және кезекшілер мен мұғалімдердің міндеттері;
емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау;
жазбаша, ауызша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес келетін кабинеттерді дайындау;
курстық жұмыстарды тіркеуге арналған рәсім;
курстық жұмыстарды бақылау және реттеу рәсімі;
емтихан тапсырушыларға бақылау жасау рәсімі;
балл қоюға арналған материалдармен қоса емтихан аяқталғаннан кейінгі рәсімдер.
Берілген Нұсқаулық барлық білім алушылар, оқытушылар, кезекшілер және менеджерлер емтиханның әділ, ұйымшыл өтуіне көз жеткізе алатындай болып, барлық мектептерде емтихандардың бір қалыпта, стандартталған тәртіпте өтуіне кепілдік береді.
Баллдарды қою
Балл қою сызбасы емтихан парағының сұрақтарымен қатар құрастырылады.
Білім алушылардың емтихан парақтарын НЗМ бағалайды. Емтихан қабылдаушы сарапшылар білім алушы аяқтаған емтихан парақтарды оларға электроникалық түрде қолжетімді болғаннан соң бағалайды. Емтихан алушылар білім алушылардың емтихан тапсыру кезіндегі қабілеттеріне сай болу үшін тәжірибеден өтеді. Олардың ішіне пән бойынша білімі және үш жылдық бертінгі білім беру тәжірибесі бар мамандар кіреді. Емтихан алушылар өздерінің міндеттерін атқару үшін арнайы дайындықтан өтеді.
Емтихан алушылар балл қою сызбасын түсініп, оны толтыру мысалдарын біліп, және сызбада берілген қағидаттарды қолдана алады. Егер емтихан барысында бір емтихан алушыдан тағы бір емтихан алушы болса, онда балл қою сызбасы бірдей толтырылғанын қамтамасыз ету үшін ортақ сынама балл қою сызбасының нұсқасы тапсырылады. Емтихан алушылар бағаларды стандарттау үдерісінен өткізпегенше тапсырмауы мүмкін.
Барлық емтихан алушылар стандарттау үдерісінде белгіленген балл қою сызбасының бірдей нұсқасын пайдаланады.
Бағалаудың айқындылығы мен балл қою сызбасының дұрыс қолданылғанын қамтамасыз ету мақсатында емтихан алушының жұмысы жан-жақты және жиі қарастырылып тұрады.
Бағаларды қою үдерісі
Әрбір оқытылған пәннің бағалау қорытындысы баға түрінде ұсынылады. Мынадай бағалар қойылады: A*, A, B, C, D және E, мұндағы A* ең жоғарғы баға, ал Е-ең төменгі оқу жетістігі.
Баға U (‘қанағаттанарлықсыз’) сынақ тапсырылған жоқ дегенді білдіреді.
Білім алушының пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі әр емтихан парақтары үшін емес, емтихан жұмыстарының санына қарай бөлінген барлық парақтарының (белгіленген спецификацияға сәйкес қойылған) жалпы балынан есептеп шығарылады.
Емтихан парағының сұрақтары дайындалғанда, құрастырушылар өткен жылдардағы сұрақтардың күрделілік деңгейін ескеруі тиіс. Бірақ тәжірибе негізінде сұрақтардың күрделілігін білім алушылар емтихан тапсырмағанша өлшеуге болмайды. Сондықтан өткен жылы білім алушыға қойылған бағалар осы жылмен салыстырғанда ескерілмейді. Емтихан парағына қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін;
балл қою да қатаң немесе жеңіл бола алады. Осы және тағы да басқа факторлар білім алушының баллдары бағаға көшірілгеннен бұрын ескерілуі тиіс.
Демек, емтихан парақтары тексеріліп балл қойылғаннан соң бағалау үдерісі әр бағалаудың шектерін орнату үшін әр пән бойынша орындалуы тиіс (курстық жұмыс немесе практикалық жұмыстарды қоса). Білім алушы сұраққа жауап беріп баға алу үшін кем дегенде берілген бағаның ең төмен баллын алу қажет. Орнатылған спецификациялар бойынша бағалардың шек көрсеткішін белгілеудің бірінші мақсаты өткен жылғы стандарттарды қамтамасыз ету болып табылады. Ал жаңа спецификациялардағы мақсат болжанған стандартты орнатып, болашақ сессияларда осы стандартты пайдалану болып табылады
Бағалардың шек көрсеткіші екі категорияға бөлінеді: пайымдап қарастырылатын және арифметикалық. Бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері статистикалық дәлелдер мен кәсіби пайымдаудың қосындысы арқылы жүзеге асырылады. Бағалардың арифметикалық шек көрсеткіші арифметикалық ережелерді қолдану арқылы қойылады.
Тест спецификациясында белгіленген негізгі деңгейлер А, С және Е болып табылады, оларға дескриптор қоса беріледі. Бағаларға берілетін
дескрипторлардың қолдану себебі білім, түсінушілік және дағдылар осы баға арқылы ерекшеленеді және B мен D бағалары континуумда тұрады. Бұл Кембридж баға жүйесімен сәйкес келеді және Назарбаев зияткерлік мектептерге халықаралық тану мен тусінуге жол береді.
Бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері белгілеу үдерісі күрделі әрі көп жұмысты қажет етеді. Сондықтан өтпелі балды Біліктілік ұйымы анықтайды. Егер бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері бекітілсе, онда арифметикалық шек көрсеткіштері де саналуы мүмкін. В арифметикалық шек көрсеткіші А мен С арасындағы көрсеткішкіл, сондай-ақ D көрсеткіші С мен Е арасындағы арифметикалық шек көрсеткіш болып табылады.
6.1 Бағалау дескрипторлары
Негізгі бағалау дескрипторлары оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі.
Тәжірибе жүзінде оқушыға берілген баға оның бағалау тапсырмаларын қалай
орындағанына байланысты болады. Оқушылардың емтихан парағының кейбір бөлімінде көрсеткен төмен нәтижесі басқа бөлімінде жоғары нәтиже көрсетуімен теңесуі мүмкін.
Баға
|
Бағалау дескрипторлары
|
A бағасы
|
А бағасына жауап беру үшін, білім алушы:
тиянақты және логикалық дәлелдемені қуаттау үшін тарих туралы білімін есіне түсіріп, іріктеп, ашық айтуы керек
үйлесімді терминологияны қолдана отырып , өте лайықты нақышта байланыс орнатуы керек
өткен қоғам мен жеке адамдар туралы білімін көрсетуі керек
көптеген тарихи деректерді келтіріп, оларды дәлел ретінде қолдана білуі керек
белгілі деректерге шек қойылғанын нақты анықтауы керек деректерді салыстыра отырып, бір тиянақты логикалық тұжырымдамаға келуі керек.
|
C бағасы
|
C бағасына жауап беруі үшін, білім алушы:
логикалық дәлелдемені қуаттау үшін тарих туралы біраз жақсы білімін есіне түсіріп айтуы керек
біршама үйлесімді терминологияны қолдана отырып , ашық, түсінікті байланыс орнатуы керек
өткен қоғам мен жеке адамдар туралы білімін көрсетуі керек
тарихи деректерді келтіріп, оларды дәлел ретінде қолдана білуі керек
белгілі деректерге шек қойылғанын анықтауы керек
деректерді салыстыра отырып, бір түсінікті тұжырымдамаға келуі керек.
|
E бағасы
|
Е бағасына жауап беру үшін, білім алушы:
дәлелдемені қуаттау үшін тарих туралы білімін есіне түсіруі керек
терминологияны қолдана отырып , орынды байланыс орнатуы керек
нақты мысал келтіре отырып, басқа адамдардың көзқарасын білетіндігін көрсетуі керек
тарихи деректерді келтіріп, оларды дәлел ретінде қолдана білуін шектеулі түрде болса да көрсете білуі керек
тұжырымдама жасамай-ақ, дәлел бола алатын деректерді салыстыра білуі керек
|
Мысал сұрақтар үлгісі
Әр сұраққа балл сұрақтың соңында қойылады, мысалы: [9].
Әр сұраққа қалай балл қойылатындығы туралы нұсқаулық түсінікті болу үшін, сұрақтардың әрқайсысына балл қою схемасы берілген.
7.1 1-емтихан парағы: Мысал сұрақтар үлгісі
Төмендегі дереккөздерді мұқият қарап, өз жауаптарыңда қолдана біл.
A Дереккөзі
[1936 жыл. Ресей Үкіметі шығарған Колхоз өмірінің бір үзіндісін сипаттайтын сурет.]
B Дереккөзі
Алматы, Қазақстан - "Біз қәзір осы өңірдің басты өнім шығарушыларымыз,”- дейді Оңтүстік Қазақстанда астық өсіретін компания фермері/диқаншысы, Дархан Тишабаев мақтанышпен. “Бір- екі жылдықта ғана басқалардың артында қалып, күн көріс үшін күрескенбіз.” Тишабаев Қазақстанда жеке шаруашылықты қолдайтын, Әлемдік Банк жобасының бір бөлігі болып табылатын несие туралы сөз қозғап отыр.
1998 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылық секторы 30 жыл ішінде ең төменгі сатыға түскен еді. Шаруашылықтардың басым көбі көптеген шығынға ұшырап, ауылдың табысы күрт төмен түскен. Осы жылы Қазақстан Үкіметі Банк қолдауын талап ететін Ауыл шаруашылығына жекешелендіруден кейінгі Көмек деген жобаны бастады.
Бұдан бұрынғы шаралар — ауыл шаруашылығын жекешелендіру мен мемлекеттік бақылауды жою – бұл секторды өркендетуді жүзеге асыра алмады, оның ең басты себебі – елдің жалпы заңды және институтциялық базасы нашар болып, ауыл шаруашылығын қаржыландыру жоқтың қасында болды. Әсіресе, жұмыс қуатының 25 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығын қаржыландыруға және де банктің ұзақ мерзімді қаржыландыру қоры болмағандықтан банктер тәуекел етпеді.
[2008 жылғы Қазақ тіліндегі газеттен алынған]
C Дереккөзі
1953 жылы, КСРО Орталық Комитетінің маңызды пленарлық кездесуінде Хрущев үндеу жолдады. Ауыл шаруашылығында жаңа үкім жарияланды. Бағалар өсірілді. Ауыл шаруашылық өнімдері ақшаға сатылып алынатын болды. Ауыл шаруашыларына кепілдендірілген ақша төленетін болып Қазақстан мен басқа өңірлерде игерілмеген жерлерді дамыту туралы шешім қабылданды. Бұрын еш игерілмеген жерлерде ауыл шаруашылықтары орын тебе бастады. Жаңа жерлерде жер тыңатылып, дән игерілетін болды. Мыңдаған жастар осындай өңірлерге жіберілді. Жерді жақсы тыңайту шаралары қолданылса да, кейбір сәтсіздіктер орын алды. Алайда жер игеру айтарлықтай күшейіп, елге улкен табыс әкелді.
[‘Белес: Қайта құру кезеңі экономикасы’ Аганбегян. А. бейімделген. М. Горбачевтің экономикадан басты кеңесшісі, Ғалымдар Академиясының Кеңес мүшесі. 1988 жылы басылып шыққан]
D Дереккөзі
Хрущев жерді өңдеудің ең тез және тиімді жолын көздеді. Алайда трактор құрастыру мен тыңайтқыштарды шығару ұзақ уақыт алатын болғандықтан, егіс жерлерді ұлғайтатын шешім қабылданды. Арасында мол жауын шашыны бар оңтүстік өңірдің, қуаңшылықты солтүстік өңірдің аяқ баспаған, егін егу үшін айдалып тасталынған 13 миллион гектар егістік жерлерге дәнді дақылдар себілді. Мыңдаған жастар жаз мезгілінде көп көмек көрсетті. 1953 - пен 1956 жылдары КСРО-да 36 миллион жер игерілді. Әлем тарихында болмаған жай орын алды.
Бірақта өнім беретін тіршілік көзі нашарлай бастады. Мен 1955 жылы солтүстік Қазақстанға барғанымда жағдайдың жақсы еместігін байқадым. Қуаңшылық жыл болатын, көп мәселелерге келіп соқтыратыны анық болатын. Күзгі егіс үшін қар қалыңдығының аздығы, өсімдіктердің мұзға қатып қалатындығы белгілі болды. Ол тіпті жарысқа айналып, жергілікті басқармалар бір –бірімен жер тыңайтудан жарысқа түсті. Тыңайтуға келмейтін жерлер тыңайтылып, тек қана бір дақыл егіліп, жер қыртысының эрозиясын тудыратын қауіп төнді.
[‘КСРО экономика тарихынан бейімделген. Алек Нов. 1982. Британия Университетінің экономика тарихының докторы]
E Дереккөзі
1917 жылғы революция/төңкеріс ел үшін көп өзгерістер алып келуі тиіс еді. Теңдік орнатыла бастады. Жер мен мүлік кедей шаруаларға таратыла бастады. Бай кулактардың күй-жайлары революциядан бұрынғы жайларына қарағанда нашарлап керісінше, кедей шаруалар жерге ие бола бастады. Ауыл экономикасы ‘орта - қожалық’ деп аталатын кезеңді кешті.Алайда
жалпы өнім өте төмен болды. Оның бірден бір себебі, елдің жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен қожалақ шаруалардың/диқаншылардың өз қарабастарын ойлап, қала үшін өнім шығармаулары. Олар дән дақылдардың бағасы өте төмен болғандықтан, табыс көзін іздеп, басқа да дақылдар өсіре бастады.
[‘Жаңа режімдегі Ресей ауылы’ -нан бейімделген. В.П. Данилов. Кеңес тарихшысы. 1988]
F дереккөзі
[Кеңес үкіметінің ресми баспаларынан]
Сұрақтар
(a) Берілген дереккөздер мен
өз біліміңді қолдана отырып, Қазақстанда ауыл шарауашылығымен шұғылданатын тарихшы үшін маңызды дереккөз құндылықтарына сипаттама бер. [15]
(b) Берілген дереккөздер мен өз біліміңді қолдана отырып, кеңес жүйесінің Қазақстан ауыл шаруашылығына тигізген әсерін түсіндір. [18]
(c) Қазақстан ауыл шаруашылығы тарихы 19-шы ғасырдың соңынан бастап созылыңқы төмендеуде. Қаншалықты келісесің? Берілген дереккөздер мен өз біліміңді қолдан. [21]
7.2 2- емтихан парағы: Мысал сұрақтар үлгісі
Үш сұрақ берілген. Екі сұраққа жауап беріңіз.
Қазақстандағы демография мен этника
Қазақстан демография тарихы мен этникалық құрылымында география, саясат, шетелдік басып кіру мен климат үлкен роль атқарады. 19-шы ғасырдың соңынан бастап болып жатқан осы екі ортаға сыртқы күштердің күштеп таңып келе жатқаны мен таза ішкі Қазақстандық факторлардың тигізген өзгерістері туралы үлкен пікірталас бар.
(a) 1900 жылдан бастап Қазақстанның этникалық құрылымындағы басты өзгерістерді анықта. [9]
(b) Этникалық топтар арасындағы қарым қатынасты байланыстырудың қазақша моделін түсіндір. [15]
(c) ‘Қазақстан демографиясына Кеңес саясатының үлкен әсері тиді.’
Қаншалықты осымен келісесің? [24]
Дін- Қазақстан тарихында факторлардің бірі ретінде
19-шы ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда дінге деген қарым-қатынас күрт өзгерді. Дін қоғамның біртұтас бөлігі ретінде қарастырылды. Ресей реврлюциясы/төңкерісі маркс-ленинизм сынды жағымсыз идеологияны өзгертпекші болды. 1991-ші жылдан бастап дінге басқаша көзқарас орнап, мемлекет пен халық өз қалауларына сүйенеді.
(a) 1945 бастап дінге деген басты қоғамдық өзгерістерді анықта. [9]
(b) Қазақстанға кейбір діни іс-әрекеттердің қалай зияны тигенін түсіндір. [15]
(c) 1900 бері мемлекеттің діни саясаты қаншалықты өзгерді? [24]
Қазақстан мемлекеті
1991 жылдан бастап, көп ғасырлардан бері бірінші рет, Қазақстан өз болашағын өзі таңдап және оны басқару жолын таңдауға да өз еркі бар. Кезінде күштеліп келген мемелекет жүйесінің кейбір аспектілерінің пайдасы болса, кейбіреулерінің нақты кері әсері бар. Өз дәстүрі, мәдениеті және құндылықтары бар бір елге сай модель, екінші бір елге қонымды болуы мүмкін емес.
(a) 1980 жылдан кейінгі периодтан бастап Қазақстанның тәуелсіздіқ алған жолының басты кезеңдерін сипатта. [9]
(b) 1917 жылдан кейінгі Ресейдің Қазақстанды Басқару Жолдарын түсіндір. [15]
(c) ‘1991 жылдан бері Қазақстанды басқару жолында түбегейлі өзгеріс болды’.
Қаншалықты келісе аласың? [24]
7.3 Мысал сұрақтардың балл қою сызбасы
Барлық сұрақтарға ашық, толық жауап беру керек. Балл қою сызбасының екі түрі де бірдей қолданылады.
Нақты тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы: бұл мазмұны бойынша жеке сұраққа жауап беру, сұраулы сөйлем ретінде және курсивпен беріледі.
Жалпыланған балл қою сызбасы: бұл жалпы берілген сұрақтарға байланысты, жеке сұраққа байланысты нақты мазмұн берілмеген. Жалпыланған балл қою сызбасы 3 мөлшерден тұрады, мысалы: 1-3 балл (төмен), 4-6 балл (орта), 7-9 балл (жоғары).
Жалпыланған балл қою сызбасында берілген дескрипторлар мен мазмұнға байланысты жауаптар негізінде берілген ең жақсы жауаптарға балл қойылады. Емтихан алушылар қайсы мөлшердің жауапқа сәйкес екендігін анықтайды. Сол мөлшерде барлық дескрипторлардың жауапқа сай келуі маңызды емес. Осыған қарағанда, емтихан алушы жауап қандай мөлшерге сай келетінін орта ма, жоғары әлде төмен бе, соған тиіс балл қоюы керек. Мөлшер мен балл “ең жақсы сәйкес” негізінде қойылады.
1-емтихан парағының балл қою сызбасы
БМ1 – 12 балл
БМ2 – 21 балл
БМ3 – 21 балл
Сұрақтар
(a) Берілген дереккөздер мен өз біліміңді қолдана отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы туралы мәліметтерді зерттейтін тарихшы үшін маңызды дереккөз құндылықтарына сипаттама бер. [15]
БМ1 – 6 балл, БМ3 – 9 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 Білім алушылар кем дегенде үш дереккөз туралы өздерінің мәнмәтінді білімдерін көрсете білулері тиіс, мысалы: А дерекөзіндегі коллективизациялау саясаты мен В дереккөзінде өзінен өзі түсінікті болып тұрған өзгерістердің пайда болуын түсіндіру. Орта деңгейдегі жауаптарда, тиянақты қамтылмаса да, дереккөздердің мәнмәтінін түсінгендігі байқалады. Төменгі деңгейдегі жауаптарда тиісті мәнмәтінді білімі төменірек, білімін нақты және сәйкес көрсете білген жағдайда да, ол тек бір дерекккөзге байланысты айтылған.
БМ3 Білім алушылар кем дегенде төрт дереккөзінің тарихшыға пайдасы туралы бағалы түсініктеме/пікір беруі тиіс, мысалы: А дереккөзіндегі насихаттандыру элементтерін немесе Д дереккөзіндегі автордың қазақ (орыс) болмаса да, ол бейтарап көзқараста болуы мүмкіндігі, 1955-ші жылғы оқиғалардың куәгері болғаны туралы, деректерді табу. Орта деңгейдегі жауаптарда кем дегенде үш дереккөздің пайдасы туралы түсініктеме болуы тиіс. Ол дереккөздің белгілі бір түрінің артықшылығы мен кемшіліктері туралы өз құзіреттілігін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейдегі жауаптарда қай дереккөздіңдің де пайдасы туралы шектеулі түсініктеме, я болмаса тек қана бір дереккөзге байланысты айтылған.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
БМ3 Пайымдау мен шешім қабылдау
|
5-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
7-9 балл
Дереккөздің тиімді, сыни тұрғыдан қолданылуы
|
3-4 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
4-6 балл
Дереккөздің жеткілікі түрде сыни тұрғыдан қолданылуы
|
1-2 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
1-3 балл
Дереккөздің болмашы сыни тұрғыдан қолданылуы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
0 балл
Дереккөздің сыни тұрғыдан еш қолданылмауы
|
(b) Дереккөздерін, біліміңді қолдана отрырып Кеңес жүйесінің қазақ ауыл шаруашылығына тигізген әсерін түсіндір. [18]
БМ1 – 6 балл, БМ2 – 6 балл, БМ3 – 6 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 А дерекөзіндегі коллективизациялау сияқты Кенес жүйесінің әсері туралы және Е дерекөзіндегі 1917жылдың тікелей әсері туралы берілген мәліметті білім алушы өрбітіп дамыту үшін осы дереккөздердің жақсы қолданысын көрсетеді.
БМ2 Кеңес үкіметінің қазақ ауыл шаруашылығына тигізген әсері туралы өте қонымды да шағын түсінік беріледі.
БМ3 Тарихшы үшін дереккөздердің әрбіреуі маңызды деген сияқты дереккөздердің жеткіліксіз қолданысы келтіріледі. Авторына байланысты кей дереккөздер басқалармен салыстырғанда маңыздырақ.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
БМ2 Дағдылар мен талдау
|
БМ3 Пайымдау мен шешім қабылдау
|
5-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
5-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша тиянақты талдау мен бағалау
|
5-6 балл
Дереккөздің тиімді, сыни тұрғыдан қолданылуы
|
3-4 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
3-4 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті талдау мен бағалау
|
3-4 балл
Дереккөздің жеткілікі түрде сыни тұрғыдан қолданылуы
|
1-2 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
1-2 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы талдау мен бағалау
|
1-2 балл
Дереккөздің болмашы сыни тұрғыдан қолданылуы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша талдау мен бағалау жоқтығы
|
0 балл
Дереккөздің сыни тұрғыдан еш қолданылмауы
|
(c) Қазақстан ауыл шаруашылығы тарихы 19-шы ғасырдың соңынан бастап созылыңқы төмендеуде. Қаншалықты келісе аласың? Берілген дереккөздерді, өз біліміңді қолдан.
[21]
БМ2 – 15 балл, БМ3 – 6 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ2 Созылыңқы төмендеудің болған, болмағаны туралы сұраққа қонымды жауап берілуі мүмкін, осы кезеңде қазақ ауыл шаруашылығың жағдайы туралы тиянақты түсінік беріледі. Орта деңгейдегі жауапта білімімен бір нақты кезеңнің арасында ақтаңдактық болса да, қазақ ауыл шаруашылығының сол кезеңдегі жағдайы туралы біршама түсінік беріледі. Жауапта төмендеумен қатар көтерілу кезеңі де болғанын түсінгендігі байқалады. Төмен деңгейдегі жауапта, бір ғана кезеңнің я болмаса, бірнеше кезеңді қосып, сол кездегі ауыл шаруашылығының жағдайы туралы шектеулі мәлімет беріледі. Жауап сипаттама түрінде беріліп немесе сұраққа еш нақты жауап берілмеген.
БМ3 Дереккөз авторларын ескере отырып, сол кезеңдегі қазақ ауыл шаруашылығының төмендеуі/жақсы дамуы туралы бағалауын қуаттау үшін дереккөздердің тиянақты қолданыстары берілген.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
БМ2 Дағдылар мен талдау
|
11-15 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша тиянақты талдау мен бағалау
|
5-6 балл
Дереккөздің тиімді, сыни тұрғыдан қолданылуы
|
6-10 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті талдау мен бағалау
|
3-4 балл
Дереккөздің жеткілікі түрде сыни тұрғыдан қолданылуы
|
1-5 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы талдау мен бағалау
|
1-2 балл
Дереккөздің болмашы сыни тұрғыдан қолданылуы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша талдау мен бағалау жоқтығы
|
0 балл
Дереккөздің сыни тұрғыдан еш қолданылмауы
|
2-емтихан парағының балл қою сызбасы
БМ1 – 27 балл
БМ2 – 21 балл
БМ3 – 0 балл
Сұрақ 1
(a) 1900 жылдан бастап Қазақстанның этникалық құрылымындағы басты өзгерістерді анықта. [9]
БМ1 – 9 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 Білім алушылар кем дегенде үш анық сипаттама беріп, оны толықтыруға дайын болуы тиіс. Оған қоса, олардың неліктен басты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелер керек. Берілген ақпарат талапқа сай және тиянақты болуы тиіс. Орта деңгейдегі жауапта үш түрлі басты өзгеріс келтірілуі тиіс, барлық сұрақтар анық камтылмаса да, түсінгендігі айғақ болуы тиіс.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
7-9 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
4-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
1-3 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
(b) Этникалық топтар арасындағы қарама-қатынасты байланыстырудың қазақша моделін түсіндір.
[15]
БМ1 – 9 балл, БМ2 – 6 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 Этникалық қарым қатынастың қазақша моделін түсіне білетінін көрсетіп, этникалық қарым-қатынасты қалай орнату жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіреді.
БМ2 Этникалық қарым қатынастың қазақша моделі қандай және ол қалай жүзеге асырылып отырылғаны туралы жақсы түсінік бар.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
БМ2 Дағдылар мен талдау
|
7-9 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
5-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша тиянақты талдау мен бағалау
|
4-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
3-4 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті талдау мен бағалау
|
1-3 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
1-2 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы талдау мен бағалау
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша талдау мен бағалау жоқтығы
|
(c) ‘Қазақстан демографиясына Кеңес саясатының үлкен әсері тиді.’
Қаншалықты осымен келісесің? [24]
БМ1 – 9 балл, БМ2 – 15 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 Қазақстан демографиялық дамуына Кеңес саясатының улкен әсері туралы білімін егжей-тегжейлі көрсетеді. Қандай саясаттың болғанын білу маңызды емес, оның қандай әсері болғанын білу маңызды. Орта деңгейдегі жауапта Қазақстан демографиясына Кеңес саясатының улкен әсері туралы біршама білімін көрсетіп, оның әсері туралы қанағаттанарлықтай білімін көрсетеді. Барлық басты саясаттарды тізіп келтіру маңызды емес, ақпараттың ұқыпты берілгені өте маңызды. Төмен деңгейдегі жауапта Қазақстан демографиясына Кеңес саясатының улкен әсері туралы шектеулі мәлімет беріліп, олардың қалай және неліктен әсері болғаны туралы түсінегі баршылық.
БМ2 Көңілін осы сұраққа жұмылдырып, бейнелі түрде жауап береді. Сұрақтың ‘орасан’ аспектісіне көңіл аударылып, Кеңес саясатының әсерінің көлемі туралы тепе-теңдігі сақталған пікір келтіріледі. Демографиялық өзгеріске соқтырған басқа да факторлар білетіні айқын. Орта деңгейдегі жауапта сұрақтың ‘орасан’бөлігіне көңіл аударылып, жауаптың барынша шынайы тепе-теңдігі сақталған. Нық жауап берімесе де, фактілерді білгені өте маңызды. Басында сипатталып берілгенмен, жауап тұспалданып тұрса, онда ондай жауапқа 6 немесе 7-ден артық балл қойылмайды. Төмен деңгейдегі жауаптарда жауап өте шектеулі. Тұспалдау еш жоқ, жалпы сипаттама берілген. Сұрақтың ‘орасан’ бөлігі еш талданбаған.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
БМ2 Дағдылар мен талдау
|
7-8 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
11-15 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша тиянақты талдау мен бағалау
|
4-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
6-10 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті талдау мен бағалау
|
1-3 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
1-5 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы талдау мен бағалау
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша талдау мен бағалау жоқтығы
|
Сұрақ 2
(a) 1945 жылдан бастап дінге деген басты қоғамдық өзгерістерді анықта. [9]
БМ1 – 9 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 Білім алушылар кем дегенде үш анық сипаттама беріп, оны толықтыруға дайын болуы тиіс. Оған қоса, олардың неліктен басты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелер керек. Берілген ақпарат талапқа сай және тиянақты болуы тиіс. Орта деңгейдегі жауапта екі түрлі басты әлеуметтік саясат келтірілуі тиіс, барлық сұрақтар анық камтылмаса да, түсінгендігі айғақ болуы тиіс.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
7-9 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
4-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
1-3 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
(b) Қазақстанға кейбір діни іс-әрекеттердің қалай зияны тигенін түсіндір. [15]
БМ1 – 9 балл, БМ2 – 6 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 Қазақстанға кейбір діни іс-әрекеттердің зияны тигенін түсіндіру үшін егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Кем дегенде екі іс-әрекет мысал ретінде келтіріліп, толық дәйектелуі тиіс. Орта деңгейдегі жауапта, қазақ қоғамына нақты бір діни іс-әрекеттің әсерін ашық айта білуі тиіс. Барлық сұрақтар анық камтылмаса да, түсінгендігі түгел айғақ болуы тиіс.
БМ2 Әр іс-әрекеттің әсерімен салыстырғанда ‘зиянына’ көңіл аударылуы тиіс. Ол туралы нақты түсінігі көрсетілуі тиіс. Іс-әрекеттердің жай сипаттамасы мен олардың зияны туралы қисыны бар, тұспалданып айтылған жауаптарға 2-ден артық балл қойылмайды.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
БМ2 Дағдылар мен талдау
|
7-9 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
5-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша тиянақты талдау мен бағалау
|
4-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
3-4 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті талдау мен бағалау
|
1-3 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
1-2 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы талдау мен бағалау
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша талдау мен бағалау жоқтығы
|
(c) 1900 жылдан бері мемлекеттің діни саясаты қаншалықты өзгерді? [24]
БМ1 – 9 балл, БМ2 – 15 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 1900 жылдан бері мемлекеттің діни саясаты қаншалықты өзгергені туралы егжей-тегжейлі жауап беріледі. Революцияға дейінгі, Қеңес дәуірі, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең қамтылады деп күтіледі. Саясаттың өзіне емес, өзгерістерге көңіл бөлінуі тиіс. Орта деңгейдегі жауаптарда мемлекеттің діни саясаты туралы біршама білімін көрсетіп, үш дәуір әркелкі қамтылуы мүмкін. Саясат туралы айтылып, өзгеріс жолдарына көңіл бөлінбеуі мүмкін. Төмен деңгейдегі жауапта мемлекеттің діни саясаты мен 1900 жылдан бері қаншалықты өзгергені туралы шектеулі мәлімет келтіріледі. Бір дәуір жеткілікті қамтылғанмен, екі дәуірге көңіл еш аударылмаған.
БМ2 Көңілін осы сұраққа жұмылдырып, бейнелі түрде жауап береді. Сұрақтың ең маңызды кілті ‘көлем’ оқушылар өзгеріс көлемін/дәрежесін білетінін көрсете білуі тиіс. Орта деңгейдегі жауапта сұрақтың ‘көлем’ бөлігіне көңіл аударылып, жауаптың барынша негізделген. Басында сипатталып берілгенмен, жауап тұспалданып тұрса, онда ондай жауапқа 6 немесе 7-ден артық балл қойылмайды. Төмен деңгейдегі жауаптарда жауап өте шектеулі. Тұспалдау еш жоқ, жалпы сипаттама берілген. Сұрақтың ‘көлем’ бөлігі еш талданбаған.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
БМ2 Дағдылар мен талдау
|
7-8 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
11-15 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша тиянақты талдау мен бағалау
|
4-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
6-10 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті талдау мен бағалау
|
1-3 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
1-5 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы талдау мен бағалау
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша талдау мен бағалау жоқтығы
|
Сұрақ 3
(a) 1980 жылдан кейінгі периодтан бастап Қазақстанның тәуелсіздіқ алған жолының басты кезеңдерін сипатта. [9]
БМ2 – 9 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 Қазақстанның тәуелсіздік алған жолының басты кезеңдерінің барлығы қамтылуы тиіс. Кеңес Одағының ыдырауы туралы еш ақпараттың қажеті жоқ. Әр кезеңге толық тоқтап, тәуелсіздік процесінемен қалай байланысқан жолдарын қарастыру маңызды. Берілген ақпарат нақты және қонымды болуы тиіс. Орта деңгейдегі жауапта, барлық кезеңдер тугел аталса да, қуаттайтын ақпарат аз болуы мүмкін. Басты кезеңдер аталмай қалған жағдайда 4-5 балл беріледі. Төменгі деңгейдегі жауапта, басты кезеңдердің біршамасы аталып, олардың неліктен ‘басты’ кезең болып табылатыны туралы жарым-жартылай түсінік бар. Жауап жүйелі емес, дәйексіз.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
7-9 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
4-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
1-3 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
(b) 1917 жылдан кейінгі Ресейдің Қазақстанды басқару жолдарын түсіндір. [15]
БМ1 – 9 балл, БМ2 – 6 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 Ресейдің Қазақстанды басқару/әкімшілік етудің бірнеше жолдарын/тәсілдерін білетіні туралы тиянақты, егжей-тегжейлі мағлұмат берілуі тиіс. Кем дегенде үш жолы аталып, оны толық қуаттайтын нақты дереектер керек. Ол үшін 7-9 балл беріледі. Орта деңгейдегі жауаптарда Ресейдің Қазақстанды басқару/әкімшілік етудің бірнеше жолдарын білетіні туралы белгілі болса да, түгел қамтылмай, қуаттау аз мөлщерде болуы мүмкін. Төменгі деңгейдегі жауаптарда Ресейдің Қазақстанды басқару/әкімшілік етудің шектеулі жолдары келтірілген.
БМ2 Басқару іс жүзінде қалай жүзеге асқаны туралы анық түсінік болуы тиіс. Орта деңгейдегі жауапта олардың қалай жүзеге асқаны туралы қанағатанарлық мәлімет берілген. Басқару жолдарының қаншалықты кері әсері туралысипатталған тұспал жауаптарға 3 балл беріледі. Төменгі деңгейдегі жауаптарда Ресейдің басқару жолдарын түсіндіруге тырысып баққан.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
БМ2 Дағдылар мен талдау
|
7-9 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
5-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша тиянақты талдау мен бағалау
|
4-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
3-4 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті талдау мен бағалау
|
1-3 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
1-2 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы талдау мен бағалау
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша талдау мен бағалау жоқтығы
|
(c) ‘1991 жылдан бері Қазақстанды басқару жолында түбегейлі өзгеріс болды’.
Қаншалықты келісе аласың? [24]
БМ1 – 9 балл, БМ2 – 15 балл
Арнайы тапсырмаға байланысты балл қою сызбасы
БМ1 Қазақстанды басқару жолдарының тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңі мен тәуелсіздік алғаннан кейінгі жолдары туралы егжей-тегжейлі мағлұмат берілуі тиіс. Едеуір айырмашылықты салыстыруға келетіндей жеткілікті білімін көрсете білуі тиіс. Орта деңгейдегі жауаптарда үкіметті басқару жолындағы өзгерістер туралы білімін көрсетіп, тәелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістер аталып өтілуі тиіс. Төменгі деңгейдегі жауаптарда тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңі мен тәуелсіздік алғаннан кейінгі жолдары туралы шектеулі жауап берілген.
БМ2 Көңілін осы сұраққа жұмылдырып, бейнелі түрде жауап береді. Сұрақтың ең маңызды кілті ‘революция’ оқушылар орын алған өзгерістердің сипаты мен көлемін білетінін көрсете білуі тиіс. Шектеулі өзгерістер оран алды деген түсініктемелері мен жауаптарында тепе-теңдіқ сақталуы тиіс. Орта деңгейдегі жауапта сұрақтың ‘революция’ бөлігіне негізгі жауап беріліп, басты өзгерістерді айғақтайтын жауап болуы тиіс. Басында сипатталып берілгенмен, жауап тұспалданып тұрса, онда ондай жауапқа 6 немесе 7-ден артық балл қойылмайды. Төмен деңгейдегі жауаптарда сұраққа жауап беруге тырысып бақпаған. Тұспалдау еш жоқ, жалпы сипаттама берілген. Сұрақтың ‘революция’ бөлігі еш талданбаған.
Жалпыланған балл қою сызбасы
БМ1 Білім мен түсінушілік
|
БМ2 Дағдылар мен талдау
|
7-9 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша терең білім мен түсінік
|
11-15 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша тиянақты талдау мен бағалау
|
4-6 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті білім мен түсінік
|
6-10 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша жеткілікті талдау мен бағалау
|
1-3 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы білім мен түсінік
|
1-5 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша болмашы талдау мен бағалау
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша еш білім мен түсініктің жоқтығы
|
0 балл
Белгілі бір мазмұн бойынша талдау мен бағалау жоқтығы
|