Жазудың кодтық сипаты. Біз ауызша тіл мен жазудың екі басқа код екенін, сондықтан әр кодтың өз таңбалары мен тәсілдері болатынын мойындағанда ған екі коммуникацияны өз мәнінде толық пайдалана аламыз. Ауызша тіл мен жазба тіл-дің екі басқа « дүние» екенін көрсету мақсатында кодталу,қайта кодталу,кодталу мүмкіндігі деген мәселелерді қарастырудың қажеттілігі бар.
Біз проф. Ә.Жүнісбектің айтылым және естілім құрағыдеген ұғымдарына сай жазылым мен оқылым құрағы терминдерін ұсына отырып,екі тілдің құрақтарын алмастыру арқылы ғана коммуникация жасау мүмкіндігі болатынын көрсеткіміз келеді.
Жалпы,код,кодталу ұғымы әдебиеттерде « әртүрлі информация беруге,өндеуге,әрі сақтауға арналған шартты белгілер жүйесі», «кейбір обьектілерді конструктивті жүйе обьектілеріне айналдыру»,өзара келісілген белгілі бір шартты таңбаларға қандай да бір мағынаны сыйдыру деп түсіндіреді. Сондықтан кодтау алғашында криптографияда (жасырын хабарлар жіберу теориясы)қолданылды,кейін ақпарат теориясына ауысты. Қоғамдық өмірде де әртүрлі кодтар жүйесі пайда бола баста-ды. Мысалы,1872 жылы ең алғаш Ұлыбритания пайда болған телеграф коды аз таңбаға ұзақ сөйлемдерді сыйдырып,қарым-қатынасты жеңілдетті. Код қандай жағдайда болсын таным процесіне араласатындықтан түсінік,ой,ішкі ой,кодталу туралы ғылыми әдебиетте айтылады. Мысалы,Н.И.Жинкин адам ойы ішкі сөйлеуге ауысқанда «заттық-бейнелік» код пайда болады,ал ол сыртқы сөйлеуге (экспрессивті сөйлеу)ауысқанда ауыз қимылының коды болады. Сонда экрессивті сөйлеу-бірінші,ал тілдік,әріптік код –екінші деді. Сөйтіп,жазу мен тіл бір деңгей-дегі код түрі ретінде қарастырылады. А.А.Залевская жазылған сөзді дыбыстап немесе іштей оқып,мағынасын қабылдағанға дейін бірнеше код ауыстырылады, мағынаға түсіну әр адамның ұлттық тілі арқылы жүрмейді,саналы адамның өзі жасайтын ерекше бір тілде жүреді деді.
Сонымен, жазу тарихындағы идеограммалар мен логограммалар, силлабограмма-ларды,әріптерді кең мағынада алғанда код жүйесі,қоғамдық ортақ шарттылық нәтижесі деуге тұрады.
Жазуды ауызша сөйленген сөзді кодтаушы,ал әліпбиді код ашқыш,әріптерді код символдары деп алу,жазудың өз алдына дербес таңбалық жүйе,жеке тіл екенін білдіреді. Жазуды код түрі етіп алу ең бірінші бейтаныс графикамен жазылған мәтінді оқу,бейтаныс алфавитті меңгеру барысында әріп таңбалардың мазмұндық мәнін көрсету үшін керек. Және,ең бастысы,адам санасындағы қарапайым түсініктен бастап,ұғымға дейінгі,ұғымнан сана,ішкі ойлау сыртқы ойлау, сөйлеу, тілдік жүйеге дейінгі аралықтардың параллель жүйелер екенін білдіру үшін қажет.
А.А.Реформатский жазба тілдегі азатжол,босаралық,босаралықсыз,көп нүкте,қос нүкте,әріптің астын сызып не курсивпен беру,тырнақша ауызша тілге кодтауға келмейді және керісінше ауызша тілдегі интонацияның жазба тілдегі таңбасы жоқ,себебі мұнда өзара беттеспейтін,параллель жатқан екі жүйе бер деген.
Ал жүйе дегеніміз-айналасындағы басқа бірліктер арқылы жеке бірлік анықталатын бірліктер жиынтығы. Жүйе-бір-бірімен байланыстағы,қатынастағы элементтердің жиналып келіп,белгілі бір бүтінді,бірлікті құрауы. Жүйе болу үшін таңба жиынтығы болу керек. Таңба болу үшін белгіленуші,белгілеуші және оның арасында шартты байланыс болу керек. Тіл-таңба. Таңба басқа бір белгілі заттың, ерекшеліктің қатынастық өкілі ретінде көрінетін,сақтауға,қайта жасауға,хабар беруге, қол жеткізуге арналған материалды құбылыс.
Осы таңбалардың жүйесі бір-біріне аударыла алатын болса,ол кодталу дегенді білдіреді. Сонда адам ойы таңба бола алмайды,өйткені оның екі жағы жоқ,тіл санадағы ойды өзіне кодтап,таңба бола алады. Ішкі тіл сыртқа ойын шығарғанда,ол сыртқы тілдің(белгілі бір тілдің біреуімен,мысалы,ағылшын тілі,қазақ иішлі,т.б.) таңбалар жүйесіне кодталады. Ол процестің күрделігі сондай кейде ішкі,табиғи тілдің таңбасын сыртқы тіл көбінесе дәл кодтай алмай жатады. Ал сыртқы тіл ауызша сөйлеуге кодталғанда ішкі тілді дәл бере алмай жатса,жазба тіл сөйлеуді толық кодтамай өзге таңбалар жүйесін құрайды. Сондықтан И.Жинкин «Ойды білдіру құралдарының бірін алып тастау не қосу жаңа тіл жасайды»,-дейді.