Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет56/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил
Документ Microsoft Word, казіргі қазақ әдебиеті, 1 lesson
Өткізу формасы: сұрақ-жауап
Бағалау критерийлері:

  • Көне түркі жазуы туралы, зерттеген ғалымдар туралы жан-жақты білімінің болуы;

  • Көне түркі жазуымен сөздерді жаза алу;



Әдебиет: 5,13,20,32,40

8 семинар сабақтың тақырыбы: Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: жәдид жүйесі


Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес келе бастаған, демократияланған түрі – жәдид деп аталады. Бұл жазу реформасы Нобель сыйлығының иегері, Қырым татары И.Гаспыралының жаңа әдісті мектебі – усул жадидпен байланысты.
Жадид жазу үлгісінің басты ерекшелігіне
- дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, жазуда хатқа түсіп отыруын,
- араб және парсы сөздерінің тілімізге икемделіп өзгеріске ұшыраған түрінің таңбалануын,
- ң дыбысының қадим жазуындағыдай сегіз түрлі таңбалар арқылы емес, екі түрлі таңбамен берілуін,
- араб әліпбиіндегі басы артық таңбалардың қолданылмауын айтуға болады, мысалы, қазақ сөздерін таңбалауда араб әліпби жүйесіндегі мына таңбалар қолданылмаған деуге болады: ث , ظ, ض , ذ . Осы айталғандардан қадим жазуының біртіндеп жүйелене түсіп жадид кезеңіне өткенін көруге болады.
«Түркістан уалаяты» газетінде дауыстылардың харакат арқылы беріліп, жазуда таңбаланбауы сирек ұшырасады. Бұл үрдіс «Дала уалаяты» газетінде біртіндеп жүйелене түседі де, араб жазуымен басылып шыққан кітаптарда дауысты дыбыстар жүйелі түрде жазуда таңбаланып отырады.
«Түркістан уалаяты» газетінде харакаттар белгіленбеген, бірақ жазылмаса да олар дауысты дыбыстың мәнін береді. Дегенмен харакаттары қойылған сөздерді аз да болса кездестіруге болады: дамма арқылы берілген сөздер: құл және күң – ) كننك (6№ ,1874, күтүб – بونتك , құшақтасыб – نشق بساتقا, құрметтеб – (10№ ,1874) بيدتمنرق,тұхым – نحت م , құдай – (16№ ,1874) اندح, құл – 1977) نلق (30№ , . Фатха арқылы белгіленген сөздер:бағасы – (1№ ,1875) ىساغغب,ақраб – (24№ ,1874) غبرقا.
Кесра, яғни қысқа и арқылы беріліп, жазуда таңбаланған сөздер кездеспейді. Ал даммалы алиф арқылы беріліп харакаты таңбаланған үйнүң – (16№ ,1874) ١كنونني деген сөзді кездестірдік. Сөз басында келетін ы, і дауысты дыбыстары жүйелі түрде кесралы алиф арқылы таңбаланған, яғни иа таңбасы арқылы жазу кездеспейді.
Сөз ішінде бір дауыссыз дыбыс қосарланып келсе, біреуі ғана жазылып үстіне «ташдид» белгісі қойылады. «Ташдид» белгісі қойылған сөздер өте сирек ұшырасады. Ташдид арқылы берліген сөздердің көбі араб тілінен енген сөздер: амма – 1876) اَّما, №1; 1879, №14), ауал – (8№ ,1879 ;9№ ,1876) لَّوا,мәдәт – ,1879) تَّدم (27№, алла – (1№ ,1882) ا هَّلل ,руссиа – هيِّسور , қазақиа – ىِّيازق (2№ ,1876).
Араб тілінде екі алиф қатар келсе біреуі ғана жазылып үстіне мадда белгісі қойылады. Ал газетте дыбыстық мәні бар алифтің үстіне ғана мадда белгісі қойылып отырған. Маддалы алифпен сөз басындағы а, ә дауыстылары таңбаланған: алыб – بلآ , әкел – ليكآ . Дыбыстық мәні жоқ алифке мадда белгісін қою газеттерде мүлде кездеспейді. Бұл ерекшеліктің қадим жазу жүйесінде толықтай сақталғанын ескерсек, жадид жазу кезеңінде де жалғасын тапқанын көреміз.
Харакаттар дауысты дыбыстарды беруде сирек ұшырасады. О, ө дыбыстары харакатпен емес, тек таңба арқылы жазуда қойылып отырғанын байқаймыз. Бұл жадид жазуының негізгі ерекшеліктерінің бірі, яғни бір дыбысқа бір таңба. Бұл үрдіс араб жазуымен басылып шыққан кітаптарда жүйелене түсіп, ба-сым сипат ала бастайды.
...Газеттерде өнер, баға, ауа сөздерінің парсылық тұлғасын бұзбай таңбалау басым болып келеді. Мысалы, өнер/һөнер, баға/баһа ауа/хауа.
Газеттердің ең басты ерекшелігі қысаң дауыстылар ы мен і-нің жазуда таңбаланбауы. Сонда газеттерде еріндік дауысты-лар о, ұ, ұ, ү дыбыстары жүйелі түрде жазуда белгіленіп отыр-са, ал ы, і қысаңдары таңбаланбаған. Баслұб, бітүбді деген аздаған сөздердің еріндікпен таңбаланғаны болмаса, басым көпшілігінің жазуда белгіленбегенін көреміз. Мысалы, барб (барып), келб (келіп), қарздары (қарыздары), қлб (қылып). Ал жазбаларда сөздің соңғы буынындағы ы, і қысаңдары еріндік ұ, ү әріптерімен көп жағдайда таңбаланып отырған.
...Жадид жазуымен басылып шыққан кітаптардың таңбалану ерекшеліктері:
1. Дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, жазуда хатқа түсіп отырған, араб әліпбиіндегі 28 әріп таңбаларының барлығы дерлік (бір мәтін ішінде) қазақ сөздерін таңбалауда қолданылмаған, жуан сад (ص (және жуан та (ط( әріптері тек жуан дауысты сөздерде ғана таңбаланған.
2. Әр баспаның өзіне тән жазу жүйесі болған. Мысалы, бір баспада көбінесе че (چ (қолданылса, екіншісінде керісінше, шин (ش (таңбаланады. Кей баспада қысаңдар еріндікпен таңбаланса, кейбірінде керісінше жүйелі түрде жазуда таңбаланбай отырған (соңғысы жиі кездеседі).
3. Қадим жазу дәстүрі бойынша дауысты дыбыстардың алды-нан қойылатын үнсіз алиф пен дыбыстық мәні бар маддалы алиф жүйелі түрде сақталып отырады. Бұл араб жазуымен шыққан барлық кітаптарға тән белгі.
4. Араб-парсы сөздері жазуда түп тұлғасын сақтаумен қатар қазақ тілінде икемделген фонетикалық нұсқасы арқылы да беріле бастаған
5. г және ң дыбыстарының таңбасы араб әліпбиінде жоқ болғандықтан да болар, көбінесе ң дыбысы жүйелі түрде түркілік ңе арқылы, г дыбысы жүйелі түрде парсының ге таңбалары арқылы беріліп отырған
6. Түркілік ве таңбасы жүйелі түрде у дыбысын таңбалаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет