Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет58/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Әдістемелік нұсқаулықтар:

  • Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

  • Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өткізу формасы: баяндау
Бағалау критерийлері:

  • Ұлттық әліпби жасауда ғалым А.Байтұрсынұлының рөлін түсіну және бұл туралы ғалымдар көзқарасын саралау;

  • Ұлттық әліпби жасаудың маңызын түсіну;

Әдебиет: 5,13,20,32,40

10 семинар сабақтың тақырыбы: Төте жазудың (А.Байтұрсын әліпбиінің) графика-емлелік ерекшеліктері


Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Емлені тұрақтандыру.

  2. А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ әліпбиінің ережелері мен принциптері.

Қазақ емлесінің осы күнгі орфограммалары А.Байтұрсынұлы жазуында тұрақтанды. Атап айтқанда, ескіқазақ жазба тілінде дәстүр болған қосымшалардың бір инвариант формамен жазылуын алғаш А.Байтұрсынұлы өзгертеді: «Ең әуелі біздің қисық көрінетін емлеміз....үш түрін жазғанша -лар деп бір-ақ түрін жазса болмай ма? деген.[22, 100 б].
Бұрынғы араб графикасынан қалған жазу емлесі қосымшалардың барлық түркі халықтарына ортақ бір ғана вариантын (инвариантын) жазып, әр халық өз тілінің ауызша жүйесімен әрқалай оқып жүрсе, ол жергілікті ерекшелігі көп бір тіл ішіндегі әдеби норманың жазылуы сияқты болды. Ендігі жерде әр ұлттың дербес жазу-сызуы болған күнде «туысша» жазу принципін сақтаудың қажеті жоқ екенін сезген А. Байтұрсынұлы: «Түркі халықтары сөз төркінімен емес, халықтың сөйлеу тілімен санасуы керек» деді. Сондықтан «Көптік лар-ды қалған варианттарының орнына жазу қараймын, сөйлеймін деген соң барайын болмаса, малдай, малда деген соң малындай, малында деп, болмаса маллар, нанлар, атлар деп неге жазбаймыз дегенмен бірдей » деп, тіл қатынастарын бір деңгейде қарастыру керектігін айтады.
Бұған қарсылар да көп еді, мысалы, И.Бейсенұлы: «-мақ, -мек, -бақ, -бек қаріптерін қандай қатты естілсе де -пақ, -пек деп жазу жарамас: қайтпақ, кетпек деп жазу жарамас. -Лар, -лер, -дар, -дер қаріптері қандай қатты естілсе де -тар, -тер деп жазу жарамас.Қалмақдар, қазақдар деген сөзді қалмақтар,қазақтар деп жазу жарымас. -Дан, -ден, -нан, -нен адаттарын -тан, - тен деп жазу жарамас» [22, 138 б.] деген.
Екінші, А.Байтұрсынұлы дәстүрлі жазба тілде қолданылған туыс жүйелі емледен гөрі «табиғат қалауынша» жазу, яғни атасыға, атыға, қолыға орнына атасына, атына, қолына деп жазуды дұрыс көрді.« Хасыл кәләм менің ойым: сөз жазылу керек айтылатұғын түрінше, яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әрпін жазу, естілген дыбыстың әріпі жазылмай басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху я ғылым сарф жолымен ыспат етілсін» дейді. Сонықтан ғалым бірінші әліпбиді жөндеу керек, әліпби жөнделмесе емледе алақұлалық басталады. Ал, «әліпби деген асылына адам ақылы жетпейтін нәрсе емес. Әліпбиде бірден мәдениет түрінің төбе басына шығарып жіберетің адам білместей айрықша қасиет те, жасырын сыр да болмасқа тиіс» деп санады.
Ал ғалымның «Сауаты ашылған адам жазылған, я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып оқиды. Таныс адамды көргенде мынау пәленше, анау түгенше деген сияқты әр сөзді тұрпатына қарап танып айтады» дегенін тілдің таңбалық сипатын жазуға да қолдану керек, ауызша тілдің өзгерістеріне сай жазу емлесін өзгертудің перспективасы жоқ деп түсінуге болады.
Үшінші, ғалым ерін үндесіміне қарағанда қазақ тілінде тіл үндесімі жетекші қызметте екенін пайымдап, лингвалды сингарманизмге жазуда доминанттық сипат береді. Сөйтіп, өзге түркі тілдері ішіндегі қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін анықтап, орнын анықтайды.
А.Байтұрсынов әліпбиінің фонологиялық негіздерін, ондағы «инвариант-вариант» қисыны бойынша «әріптердің фонемалық мәнді бере отырып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін)» білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігің кезінде проф. Н.Уәли өзінің «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» атты диссертациялық еңбегінде дәлелдеді. Онда Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба салған жалпы жазу теориясының фонологиялық негіздері А.Байтұрсынұлының « бес дауыстыға» құрылған жазуындағы әріптердің белгілі бір фонеманы таңбалай отырып, оның жуан-жіңішке екі тембрін қоса бейнелейтін сингарможазуында көрініс тапқаны алғаш рет айтылған-ды.
А.Байтұрсынұлы сөздің бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатыны басқа дыбыстық заңдылықтарға қарағанда жаппай қамтитын құбылыс екенін пайымдайды. Және ол жуан-жіңішкелікке «жетекшілікті» дауысты дыбыстарға береді. Осы белгілерді байқай отырып, ғалым 43 дыбысты мүмкіндігінше аз әріпке сыйдыруды қарастырады:Дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар һәм жарты дауысты дыбыстар сөздің тәні есебіндеТәнді жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да солай айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса,басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ,басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы да айрылғаны. Дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады, мысалы: аз, оз, ұр, сары. Бұлардың жіңішке айтылатын орнын айыратын белгі аламыз ()- дәйекші. Бұл белгі сөздің алдында дәйекшеге тұрып, ол сөздің жіңішке оқылмағын хабарландырады, яғни бұл белгі тұрған соң, сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, олардың қатарында басқа дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да жіңішке айтылады, мысалы: арман-әрмен, тұр-түр, жоны-жөні. Жіңішкелік үшін жалғыз ғана белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады». Мысалы: (қала), пале (пәле), ыш (іш), шайнек (шәйнек), ан (ән) т.б.
Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы алғаш рет қазақ жазуындағы әріп-дыбыс қатынасы, <у>, <ұ>, <ү>, <ы> фонемаларының орфографиялық ерекшеліктері, қазақ орфографиясының негізгі принциптері айқындалды.
Дегенмен, алғашқы әліппенің олқылықтарын да білген жөн.
Олар мыналар: 1) «ы» таңбасы «и» таңбасымен бейнеленді.
2) «ұ» дыбысы мен «у» дыбысы бір ғана таңбамен «ұ» мен бейнеленді. М: оқұ құралы, тұұады (туады);
3)басы артық «а» таңбасы қыстырылып жүрді: Әүлкен (үлкен) , әүчүн үшін;
4) ы, і дыбыстары жазылмай қалып отырды. Жатр (жатыр) ,бр (бір), жртық (жыртық);
5) қазақ әліппесінен шығарып тасталған араб әріптері шет тілден (араб, парсы) ауысқан сөздерде әлі қолданудан шықпады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет