Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


-тапсырма Төмендегі сөздерді қадим және жәдид жазу үлгісімен таңбалаңыз



бет57/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

1-тапсырма Төмендегі сөздерді қадим және жәдид жазу үлгісімен таңбалаңыз: дәрігер, хазірет, мүйіз, болыс, халық, көңіл, барып.
2-тапсырма Төмендегі әріптердің, сөздің басында, ортасында, соңында жазылуын көрсетіңіз: «нун», «һә», «бә», «тә», «шин», «фә», «тә».
3-тапсырма Берілген мәтінді қазіргі жазуға кодтаңыз: ﻦﺎﻌﻠﯩﻨﺎﺗ ﭗﻪﺩ ﺮﺎﻠﻣﺮﺎﻌﯩﺷ ﯽﺪﻨﺎﻳز ﻲﻨﯩﺩ ﻪﺪﻨٸزﻪﻛ ﯔﯩﻨﯩﺘﻪﻤﯽﻚٶ ﺲﻪﯔﻪﻛ ﻪﻨﯩﺴﻪﻠﻪﺴﺎﻣ ﯟﺮﺎﺪﯟﺍ ﻦﯩﺮﺎﻠﺮﯘﻣ ﻲﻨﺎﻌﺮﯩﻘﺎﺑ ﻦﻪﻤﻴﻪﻟﯘﺳ ﻦﺎﻌﻟﺍ ﻦﯩﮕﯩﺪزﯩﺴﻠﻪﯟٵﺗ ﯽﺴﺎﻜﻴﻠﺒﯟﭙﺴﻪﺭ ﻦﺎﺘﺴﻘﺎزﺎﻗ 90 ﻦﺎﺪﺮﺎﺪﻠﯩﺟ – ﯽﺪﺎﺘﺴﺎﺑ ﻪﻨ. ﯩﻟٶﺑ ﻞﯩﯕٶﻛ ﭗﺎﺘﺴﺎﺑ
4-тапсырма Араб тілінен игеріліп жазылудың фонетикалық себептерін көрсетіңіз: (таби’ат)табиғат, (та’ам) тағам, (ашиқ) ғашық, (ақил) ғақыл, (алим) ғалым, (ибрат) ғибрат, (ажа’иб) ғажайып, (ажаб) ғажап, (арш) ғарыш, (урф) ғұрып, (далал) залал, (талаб) талап, (азаб) азап, (ғайрат) қайрат, (фасиқ) пасық, (фа’л) бал, (фатуа) пәтуа, (фида) пида, (фирасат) парасат, (фуқара) бұқара, (қанд) қант, (заһир) зайыр, (мактаб) мектеп, (мактуб) мәктүп, (иатим) жетім, (иасир) жесір
Әдістемелік нұсқаулықтар:

  • Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

  • Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өткізу формасы: жаттығу жұмыстарын орындау
Бағалау критерийлері:

  • Араб графикасына негізделген қазақ жазуын меңгеру;

  • қадим және жәдид жазу үлгісінің ерекшеліктерін түсіну.



Әдебиет: 5,13,20,32,40

9 семинар сабақтың тақырыбы: Ұлттық әліпби жасаудың алғышарттары мен маңызы
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Ұлттық әліпби жасаудың алғышарттары мен маңызы туралы

Жәдид жүйесінен басталған реформа одан ары жалғаса берді. А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алды. А.Байтұрсынұлы: «Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын» деді. Сол кездегі оқыту процесін: «әуелі әліфті тегіс жатқа оқытады және де оқытқанда әрбір харіфтің өз үнімен оқытпай, әліфбиде қалай аталса, сол атымен әліп, би, ти, си, мим, ха, дал дегізіп оқытады. Соны оқып болған соң астын, үстін, үтірін оқытады. Мұны оқытқанда да хәріфтің өз дауысын оқытпай … бисын ба, тисын та, сисын са дегізген соң харфтің анық дауысы қалай екенін білмей баланың басы қатады» деп сынады. Сондықтан ел арасына тарай бастаған жаңа оқу жәдид жүйесін одан ары жетілдіруді ойлады: «Усул жәдид, яғни төте оқу жолы бар екенін білеміз, бірақ сол жол қазақ арасына аз тараған соң, біздің мақсатымыз да сол оқуды қазақ арасына көбірек жаю. Усул жадит жолын сіз 28 әріп оқыту мағынасында ұқсаңыз, оныңыз қате – усул жадид – жаңа жол. Бір екі белгі алып қосқаннан усул жадит жолынан шықпаспыз» деді. Сөйтіп, 1912 жылдардан бастап А.Байтұрсынұлы оқулықтары, «Қазақ» газеті (1913-1919жж.) осы әліпбимен жазылып, ел ара-сына тез тарай бастады. Тек әліпби ресми түрде 1924 жылы ғана қабылданды. А.Байтұрсынұлы әліпбиінің тез, әрі жылы қабылданғанының бір себебі араб графикасының тегі сақталуы, тіл үндесімін дәйекше арқылы көрсетуі болды. А.Байтұрсынұлының әліпби жасаудағы еңбегі мен оның маңызын орыс ғалымдары мен түркітанушылар және әрине қазақ оқыған зиялылары жоғары бағалады. Мысалы, Е.Д.Поливанов «Новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография»деген мақаласында былай дейді: «Эту последную форму, которую приняла казак-киргизская графика в 1924 году я во всяком случае считаю уже не нуждающейся в поправлениях и представляющей последний шаг в историческом формировании национальной графики, которым с полным могут гордиться киргизские деяте-ли просвещение-создатели реформы, как крупным культурным завоеваниям»деген. Т.Шонанов Байтұрсын әліпбиінің маңызын былай сипаттады: «Болашақ ұрпақты молдалардың дүмше дым білместігінен, миссионерлердің жаңашылдығынан құтқару үшін Ахаң жалғыз күресті. Оның жаңа қазақ алфавитін жасауы іс жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі болатын, біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, дыбыс үндестігінің заңдылықтары бойынша жаңа әріптер белгілеп, ана тілінің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын мүлдем қажетсіз 12 араб әрпін әліппеден алып тастады. Бұл жазу емлесіндегі көптеген қиыншылықтарды жойды. Сондықтан да Ахметтің жаңа алфавиті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеумізге зор пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тілдің таза сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемді мәдениетпен арласа түсу жолын жеңілдете түсті».


М.Дулатов: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ қалай өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің 14 ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ, ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып өзгерткен... .... Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ емлесін» мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер, учитель-дер, мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы «Қазақ» нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, иншалла мұнан кейін артпаса кемімес деген үміт зор» деді. Қ.Жұбанов: “... Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне әбден лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-ды), қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын. Ал проф. А.Байтұрсынұлы әліпбиінің басқа да ғалымдар-дың еңбегіне арқау болғанын алғаш дәлелдеген ғалым М.Жүсіпұлы: «А.Байтұрсынұлы жасаған сингарфмоалфа-вит пен сингармоорфографияның принциптерін 30-40 жылдан соң АҚШтың ғұлама ғалымы Р.О.Якобсон ұсынған орфогра-фия принциптерімен салыстырып, А.А.Реформатскийдің қазақ жазуының жобасының ұтымды екендігін сүйіспеншілікпен айтқанын келтіреді: «Жазуда әріптердің жуан я жіңішке екен-дігін таңбалайтын Р.О.Якобсон ұсынған графикалық әдіс, ғылыми маңызы биік қазақ орфографиясының талантты жоба-сына өте ұқсайды. Қазақ тілінің орфографиясының жобасында сөздің жуан, жіңішкелігін белгілейтін таңба (дәйекші) сөздің құрамындағы әріптермен бірге емес, сөздің «сыртында» тұрады. Р.О.Якобсон жасаған ұсыныс та дәл осы әдістің өзі. Бірақ бұл жағдайда қосымша таңба сөздің «сыртында» емес, сөздің «ішін-де» дауыссыз әріптермен бірге жазылып, сөздің жуан я жіңішке екендігін білдіріп тұрады». Және Н.Ф.Яковлевтің әліпби жасаудағы математикалық формуласына негіз болған басты принциптер тікелей А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбегімен байланысты екенін, А.Байтұрсынұлының 1912 жылы қазақ тілінде жарияланған еңбектері мен Н.Ф.Яковлевтің 1926 жылы жазылып, 1928 жылы жарияланған мақаласында ұқсайтын пікірлер, ғылыми тұжырымдардың кездесетінін былай қатар сөйлете оты-рып, дәлелдейді: 1) А.Байтұрсынұлы: «… дауысты дыбыстар жуан айтылса олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы, дауысты дыбыстар жіңішке айтылса дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы». Н.Ф.Яковлев: «… твердость гласных в этих примерах всегда сопровождается твердостью приведенных согласных и мягкость гласных звуков – мягкостью согласных». 2) А.Байтұрсынұлы: «… сөз екі түрлі бір түрі жуан, екінші түрі жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жіңішке болады. Жалғыз түрлі айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір ақ түріне кіреді». Н.Ф.Яковлев: «… как гласные, так и парно различаемые по признаку твердости, мягкости согласные звуки в границах однаго и того же слова могут быть в языке этого типа или только твердыми, или только мягкими, и наоборот, в пределах однаго и того же слова не может быть одновременно и твердых, и мягких как гласных, так и согласных, для которых существует в языке парное различение по твердости – мягкости». «Н.Ф.Яковлевтің бұл сөздері де» дейді М.Жүсіпұлы, «А.Байтұрсынұлының ойын қаз қалпында сақтаған. Егер біз бұл цитатаны қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ, сол ой – сол ой болып қалады, яғни мағыналық өзгерістер сезілмейді, бірақ Н.Ф.Яковлевтің осы ойды жазғанында көп сөзділікке ұрынып кеткендігі айқын байқалады. Н.Ф.Яковлев еңбегінде математикалық формулаға бөліп, ұсынған алфавит жасау принциптері (ғылыми тұжырымдары) А.Байтұрсыновтың алфавит жасау принциптерінен (ғылыми тұжырымдарынан) айнымайды. Бар айырмашылығы тек жазу (дәлелдеу) дағдысында: А.Байтұрсынов өзінің алфавит жасау принциптерін, ойларын математикалық формулаларының таңбаларымен белгілемесе де, математикалық дәлдікпен берген, сондықтан ғылыми ізденістерінің қорытындылары көпшілікке түсінікті, ұтымды шыққан. Н.Ф.Яковлев сол принциптерді, ойларды математикалық формулалардың таңбаларын пайда-ланып жасаған. Ал, әріп санының айырмашылығының себебі мынада: А.Байтұрсынұлы қ-ғ, к-г дауыссыз дыбыстарын жеке фонемалар деп жариялаған, себебі олар акустика жағынан да, 184 185 артикуляциялық жағынан да дифференциалдық қасиеттерге ие, сондықтан сөздердің мағынасын өзгертеді, ал солай болғаннан соң олар жеке әріптермен таңбаланады. Н.Ф.Яковлев бұл дауыссыз дыбыстарды бір фонеманың түрлері (вариациялары) деп түсінген, сол себептен оларға жеке әріптер арнамаған». Проф. Н.Уәли: “Таңба теориясы тұрғысынан алғанда бұл жазу жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан жалпы халықтық тілдің бір формасы болып табылатын ауызша әдеби тілдің дыбыс бірліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан тілдің мағыналық бірліктерін белгіледі” деп бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет