ОБӨЖ: Әр түрлі жағдайлардағы иммунитеттің ерекшеліктері.
1. Бактериялық инфекциялардағы иммунитеттің ерекшеліктері.
2. Вирусқа қарсы иммунитеттің ерекшеліктері.
3. Саңырауқұлақтарға қарсы иммунитеттің ерекшеліктері.
4. Протозойды инфекциялардағы иммунитеттің ерекшеліктері.
№20 зертханалық жұмыс: Фагоцитозды зерттеу.
Межелік бақылау № 2.
|
|
|
Барлығы
|
60/20с
|
Межелік бақылауды және емтихан сессиясының өткізілу мерзімдері:
Межелік бақылау -1 ( 8 апта 24.10-28.10.2022 ж);
Межелік бақылау -2 (15 апта 12.12.-16.12.2022ж);
Емтихан – 19.12.2022 - 06.01.2023 ж.
Кеңес берулер туралы мәліметтер (емтиханға бір күн қалғанда кафедрада сағат 1000-да өткізіледі).
Кеңес берулер туралы мәліметтер (кеңес берулер кафедраның өзінің қарастыруы бойынша өткізіледі).
7. Білімді бағалау критерийлері мен тәртібі: білім алушылардың оқу жетістіктері (білім, білік, дағды және құзыреттіліктер) 100 балдық жүйемен балл қойылу арқылы бағаланады
Оку жетістіктерін бағалау критерийлері
Балл
|
Бағаларды қою критерийлері
|
|
А
|
95-100
|
Тақырып бойынша терең де толық білімдерін көрсетеді, барлық қойылған
сұрақтарга түбегейлі және негізделген жауаптар береді, практикалық міндеттерді дұрыc әpi тиімді (тиімді әдістемелерді пайдалана отырып) шешеді; қарастырылатын ұғымдардың, құбылыстардың жане заңдылықтардың
мәндерін толықтай түсінеді. Оқылған материалдың негізінде толык, әpi дұрыс жауаптар құрастырады; басты ережелерді бөліп көрсетеді, өз жауаптарын нақты мысалдармен, дәлелдермен толықтырады, өз бетімен айғақтар келтіре отырып талдау жасап, шешімдер қорытады. Бұрын алынған білімдерінің негізінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды орната алады.
|
|
A-
|
90-94
|
Сұрақта келтірілген проблема айқын тұжырымдалған. Берілген жауап мазмуны бағдарламада ұсынылған талаптарға жеткілікті дәрежеде толықтай сәйкес келеді, кезектесті баяндалады. Шешімдер мол айғақты материалдарға сүйенеді. Алайда, сұрақта келтірілген тақырыптан 1-2 айтарлықтай емес дәрежедегі ауытқулар; 1-2 aca маңызды емес айғақтық қателер, сондай-ақ, сәйкестілік критерийінде келтірілген талаптарды бұзатын өзге де кінәраттар кездеседі.
|
|
|
В+
|
85-89
|
Тақырып бойынша негізгі бағдарламалық материалды біледі. Қойылған сұрақтарға толық, жеткілікті негізделген жауаптар береді, практикалық тапсырмалар дұрыс шешілген; жауаптарда басты мәселеге көңіл бөліне бермейді; жауаптарда есептеудің рационалды әдістері ұдайы қолданылып отырмайды; жауаптар негізінен қысқаша, бірақ ұдайы анық сипатта емес. Бір өрескел емес қателер немесе екіден артық емес дұрыс есепке алмау (оқылған материалды баяндау, ұғымдарға анықтама беру кезінде аздаған қателер мен жетіспестіктер, ғылыми терминдерді пайдалану, болмаса шешімдер мен қорытуларда дәлсіздіктерге жол беру) кездеседі және оларды білім алушы оқытушы талап еткен немесе аздап көмек берген жағдайда өз бетімен түзете алады.
|
|
В
|
80-84
|
Меңгерілген материалдағы басты ережелерді өз бетімен бөліп көрсетеді; айғақтар мен мысалдар негізінде қорытулар мен шешімдер жасайды, пәнаралық байланыстарды анықтайды. Бірақ, анықтамалық материалмен, оқулықпен, түпдеректермен жұмыс жасау дағдылары жеткіліксіз (дұрыс бағдарлай алады, бірақ, оны жай жасайды) баяндау кезінде өрескел емес қателіктер жібереді.
|
|
B-
|
75-79
|
Кейбір маңызды айғақтар келтірілмейді, бірақ, шешімдері дұрыс; айғақтар үнемі сәйкестендіріле бермейді, олардың 6ip бөлігі мәселеге қатысы болмайды; өзекті проблема бөліп көрсетілгенмен, терең ұғыныла бермейді; сұрақтардың барлығы бірдей сәтті емес; барлық қарама-қайшылықтар бірдей бөліп көрсетіле бермейді.
|
|
С+
|
70-74
|
Жауаптарда тақырыптан айтарлықтай ауытқушылықтар бар. Сұрақта
қарастырылатын проблемаға талдау жасау үздікті, толык емес сипатта.
|
|
С
|
65-69
|
Студент меңгерілетін ережелердің жалпы проблемалармен байланысын; келтірілген сұраққа жауап беру үшін маңызы бар негізгі ұгымдарды білетіндігін және оларды жауап беру барысында қолдана алуын тек кей жағдайларда ғана көрсете алады.
|
|
C-
|
60-64
|
Себеп-салдарлық байланыстардың ішінара бұзылуы; бірқатар өзекті
айгақтарда және оның барлық бөліктерінде логикалық дәлме дәлсіздіктер, қателіктер жіберіледі; бөліктер мысалға келтіріледі, бірақ, талданбайды; айгақтар пікірлерден ажыратылмайды, бірақ білім алушы олардың арасындағы айырмашылықтарды түсінеді.
|
|
D+
|
55-59
|
Маңызды айғақтардың көпшілігі жоқ, шешімдер жасалмайды; айгақтар қарастырылатын мәселеге сәйкес келе бермейді, оларды сәйкестендіре салыстыру, өзекті маселені (қате турде болса да) бөліп қарастыру жоқ; Көп жағдайларда өрескел айгақтың қателер жіберіледі. Студенттің жауабында талданатын маселенің іргелі және негіздемелік мәселелермен байланысын ұғыну болмайды.
|
|
D
|
50-54
|
Бағдарламалық материалдың қойылған сұрақтар шеңберінде айтарлықтай және негізгі бөлігін түсінбеу мен білмеу, оларды нақты сұрақтарды шешуде қолдана алмау. Жауап беру кезінде білім алушы тіпті бағдарлаушы сұрақтар берген кезде де түзете алмайтын өрескел қателер жіберіледі.
|
|
Fx, F
|
0-49
|
Материалдың негізгі мазмұны меңгерілмеген және ашылмаған; шешімдер мен қорытулар жоқ. Студенттің жауабында өрескел қателіктер жіберіледі. Жауап беру барысында тақырыптан және меңгерілетін бағдарламадан орасан зор ауытқу бар. Жауап беруден бас тарту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |