Білім беру бағдарламасы 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тілдік жағдаят, оның типтік түрлері



бет56/80
Дата31.01.2022
өлшемі342,43 Kb.
#116533
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
Байланысты:
Әлеуметтік лингвистика

2. Тілдік жағдаят, оның типтік түрлері. Тілдік жағдаяттың танымдықаппараты мен анықтамасына, оның өзіндік түрлеріне арналған көптеген əлеуметтіклингвистикалық əдебиеттер баршылық, дегенмен ол жөнінде Г.В.Степановтың,В.А.Аврориннің, Л.Б.Никольскийдің жəне А.Д.Швейцердің еңбектерінде біршама кеңтүрде қарастырылған.

Жалпы тұжырымдауда тілдік жағдаят - бұл белгілі бір этникалық бірлестіктегінемесе көптілді əкімшілік-аумақтағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететінтілдік құрылымдардың (жекелеген тілдер мен олардыңөмір сүру формалары) қызмет ету жағынан бөлініп таралу процестері мен оған əсер етушілік күші бар түрліəлеуметтік факторлардың жиынтығы дегенді білдіреді. Ол социудағы тіл өмірініңмаңызды базисін көрсетеді жəне мəні тілдің қызмет етуінен көрінеді.

Қазіргі əлеуметтік лингвистиканың теориялары мен проблемаларына жəне əдістеріне

арналған монографиясында А.Д.Швейцер тілдік жағдаятты топтастыруға мынадай қажетті

шарттар ұсынады.

1) əлеуметтік мəртебе (социальный статус) – сол қоғамда қолданылатын тілдің, оның

вариантының өзге тілдерге қатынас бойынша алатын өзіндік орны (жағдайы);

2) əлеуметтік қызмет (социальные функции) – тілдің, оның вариантының түрлі

салалардағы қызметі.

3) əлеуметтік қарым-қатынастық рөл (социально-коммуникативная роль) – тілдің, оның

вариантының нақтылы саяси-əкімшілік ұйым шегіндегі қызметі.

Тілдік жағдаяттың қоғамдық қызметі сəйкестенген түрі көбінесе қатынастың барлық

салаларында бір ғана ұлттық тіл қызмет ететін бір ұлттан құралған мемлекеттердекездеседі. Мұнда сыртқы факторлар, ұлттық үйлесім (нациоальная конслодация),əлеуметтік бағыт-бағдар мен материалдық жəне рухани мəдениеттің даму деңгейідəрежесінен көрінетін ұлттық тілдің қосымша жүйелерінің саны мен олардың қызмет етуаясы назарға алынады.

Сонымен осы айтылғандарды жинақтай келе мынадай қорытындыға келуге болады.

Республикада қазіргі таңда қоғамдық қызметі сəйкестенбеген тілдерден тұратын екікомпонентті экзоглостық тілдік жағдаят түрі қызмет етеді. Басқаша айтқанда, қоғамдыққызметі сəйкестенбеген экзоглостық тілдік жағдаят кез келген этностар тілдері мен қазақжəне орыс тілдерімен қатар қызмет етуімен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет