МӨЖ тапсырмалары: Əлем мемлекеттерінің тілсаясатын жүргізудегі өнегелітəжірибесі.
Тапсырмалар: өзге мемлекеттердің тәжірибесін жан-жақты зерттеу, талдау жасау.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Сулейменова Э.Д.,Шаймерденова Н. Ж. Словарь социолингвистических терминов.А., 2002.
Мажетаева Ш. Əлеуметтік лингвистика: Электрон. оқу-əдістемелікқұрал.Қарағанды: Инновациялық-технологиялық орталық, 2009
Абасилов А. Əлеуметтік лингвистика. Қызылорда, 2009.
Он бірінші апта
№11 дәрістің тақырыбы: Тілдердің қарым-қатынасы жəне өзара əсері
Қарастырылатын мәселелер:
1.Тілдердің қатар өмір сүруі
2.Тілдердің араласуы
3.Тілдердің тоғысуы
Терминдер мен анықтамалар.
Адресант(нем. Ardessant – жолдаушы; орыс. адресант) – 1) белгілі бір тілдеқарым-қатынас жасаудағы сөйлеуші, əңгімелесуші; 2) қарым-қатынас жағдаятының бірсыңары (адресантпен бірге, яғни сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы: ресми – бейтарап –достық қатынастар, қатынас құралы, қатынас тəсілі, қатынас орны) компоненттерінің бірі;3) ақпарат беруші адам, ақпараттық эмотивтік немесе допативтік əрекет субъектісі, ой-көзқарасын жеткізуші т.б.
Адресат(нем. Ardessat – алушы; орыс. адресат) – 1) тыңдаушы, əңгімелесуші,қарым-қатынас əріптесі; 2)қарым -қатынас жағдаятының бір компоненттерінің бірі; 3)ақпараттық эмотивтік немесе допативтік əрекет қаратыла айтылған адам.
Адстрат(лат. ad - қасы, жанында + stratum – қабат, пласт; орыс. адстрат; ағылш.-adstrat) – бір тілдің екінші бір тілге ұзақ уақыт бойына бірыңғай, жиі əсер етужағдайындағы тілдің ерекшелік жиынтығы, белілері, қасиеттері. А. – бұл субстратқа,суперстратқа қарама-қарсы ұғым. А. кезінде бір тілдің екінші тілге ассимиляциялануыжəне сіңісуі жүрмейді.
Дүние жүзіндегі елдер, мемлекеттер бір-бірімен əр түрлі саяси, мəдени,экономикалық т.б. қарым-қатынас жасайды. Бұл халықтардың, олардың тілдерініңараласуына, бір-біріне əсер етуіне ықпал жасайды. Осыған байланысты лингвистер тілдерқарым-қатынасының негізінен үш түрлі көрінісі байқалатынына назар аударады:
1.Тілдердің қатар өмір сүруі
2.Тілдердің араласуы
3.Тілдердің тоғысуы
Адстрт деген термин екі мағынада жұмсалады:
1) ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүрген екі тілділік (мысалы, араб-парсы, қазақ-орыс,
қырғыз-орыс, т.б.);
2) бөтен жерге келіп қоныстанып, жергілікті тілдерге əсер етіп, біршама уақыт
ішінде көрші тіл ретінде жарыса қолданылатын жаулаушылар тілі, басқыншылар
тілі.
Субстрат – екі тіл тоғысқанда, жеңген тілде жеңілген тілдің қалдырған ізі деген
мағынаны білдіреді.
Суперстрат- екі тіл тоғысқанда, шамалы уақыт кезеңінде жеңген тілдің жеңілген
тілде қалдырған ізі деген мағынаны білдіреді.
№11 практикалық сабақтың тақырыбы: Тілдік жағдаят
Тапсырмалар:
1. Этнолингвистикалық жағдаят
2. Тілдік жағдаят, оның типтік түрлері
3. Тілдік жағдаяттың геополитикалық типологиясы
№11 ОЖМӨЖ мазмұны: Тіл дамуына əсер ететінсуъективті жəне объективтіфакторлар, орны мен рөлі
Тапсырмалар:тақырып бойынша жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу.
Есеп беру түрі: реферат, мақала, жоба қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |