Этнолингвистикалық жағдаят. Белгілі бір этникалық қауымдастықтағы тілпроблемаларын шешуді саналы түрде жоспарлау мен реттеу алдымен сол жердің өзіне тəнқалыптасқан этнолингвистикалық жағдаятын анықтап алуды қажет етеді.Этнолингвистикалық жағдаят деп белгілі бір əкімшілік аумақтағы этностар құрамы менолардың тілдерінің сол аумақ шегінде таралуының жай-күйін айтады.«Этнолингвистикалық жағдаят» ұғымы тілдік жағдаятпен өзара тығыз байланысты.Сондықтан олардың бірлігіне көңіл бөліп, шығатын барлық нəтижелерді қосақарастырудың мəні зор. Бұл жайында Л.БНикольский былай дейді: «...Если терминэтнолингвистическая ситуация обозначает пространственное распределение языков,отношение между ними «по горизонтали», то термин «языковая ситуация» обозначает ихраспределение по социальным слоям и социальным рольям т.е. отражает «вертикальные»,иерархические отношения между классами и социальными и профессиональнымигруппами в обществе » (Қараңыз: Никольский Л.Б. Язык в политике и идеологии странзарубежного Востока .М.: Наука , 1986. 31-б.).