Халықаралық тілдер. Бұлар - халықаралық жəне этносаралық қатынаста кең қолданылатын жəне бірнеше мемлекеттерде мемлекеттік немесе ресми тіл деп заңдастырылған мəртебесі бар тілдер. Олар: 1) португал тілі; 2) Малай-индонезия тілі (Малай архипилагы елдерінде – Индонезия, Малайзия, Филипинде қолданылады); 3) вьетнам тілі (ол 57 млн. халқы бар Вьетнамның 51 млн. адамның ана тілі, ол бұдан басқа ресми тіл, сондай-ақ ол Комбодже, Лаос, Тайланд, Жаңа Каледон, Франция, мен АҚШ-та кеңінен таралған); 4) Сухали (ағылшын тілімен бірге ресми тіл ретінде Танзания, Кения, Угандада қолданылса, Заир мен Мазамбикте де таралған; сухалиді кейде лингва франка деп те атайды. Шығыс жəне Орталық Африкада бұл тілде шамамен 50 млн. адам сөйлейді).
Достарыңызбен бөлісу: |