Білім беру бағдарламасы 6В017 «Қазақ тілі мен әдебиеті», В37 «Филология:қазақ тілі»



бет13/46
Дата10.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#78947
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе 2020
2-лекция, 2-лекция
Дәрістің мақсаты: Әдеби процесс қоғамдық‑әлеуметтік өмірдің шынайы суретін беруімен, кейіпкерлердің алуан жүйесін қалыптастыруымен роман алдыңғы лекке шығуын қарастыру.

Әдебиет – сөз өнері. «Сөз шығарманың негізгі материалы. Сөз өнеріндегі тілідң атқарар қызмет бәрінен ерекше, бөлек. Ал тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма бола алмайды. Құнды сөз құнарлы ойдан ғана туады, ойы нәрсіздің тілі де әрсіз» - дейді Л.Толстой. Демек, көркем тіл - әдебиеттану ғылымының ең өзекті мәселелерінің бірі.

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеалогиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қарадүрсін шығармалардан – көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойна үздіксіз сіңіріп отырады. Мұның қатарына олардың жиі жарық көретін жарияланымдар мен басылымдары, әдеби сын, естеліктер, әдеби эписториялық жанрларда жазылған оқырмандардың үн қатысуы да жатады.

Әдеби процесс термині ХХ ғасырдың 20-30 жж. Пайда болып, 60 жылдары кеңінен қолданыла бастады.

Әдеби процесс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толғауының тарихы. Әдеби процесс жеке тұлғалар өзінің әкелген айырықша көркемдік ашылымдарымен, өзіне дейінгі құндылықтармен қайшылыққа түсе отырып, әдеби процестің құрамында кезеңдік, жалғастырушы өзгертуші қызмет атқарады. Алайда, техниканың даму заңдылықтарындағыдай әдебиет пен өнерде жаңа көркемдік ашылымдар өзіне дейінгі бар көркемдік құндылықтарды жою арқылы дамымайды. Қайта ондағы қайсыбір элементтер келесі дәуір мен кезеңдердегі көркемдік ашылымдарға әр беріп, үндесіп отырады.

9. Тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері.

1. Әдебиеттің: эпос, лирика, драма сынды үш тегі.

2. «Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні.

3. Жанрлық жіктеудің шарттылығы.

4. Лирикалық тек, оның түрлері.

5. Драмалық тек, оның түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет