Тарихи тұлғалар мен жыр кейіпкерлері (Абылай, Кенесары, Бекет, Досан т.б.) Тарихи жырларды өмірге әкелген қоғамдық дамудың негізгі ішкі себептерінің бірі – халықтың сырт жаулардан қорғанысы, елдің тәуелсіздігі.
«Қаракерей Қабанбай батыр» жайлы тарихи жырда бас батырдың бейнесін, кесек тұлғасын келісімді сипаттаған.
Жырда Қабанбай халқының адал ұлы екені айқын жырланады. Дәлел: Қабанбайдың ауру халін естіген Бұқар жырау өз басын батыр үшін құрбандық байлайды
Саған берген ажалды, Аударып Алла берсейші Сорлы болған маған да-ай!– деп зарлайды.
Қабанбайдың халқына әлі де қадір-қасиеті барлығын жырау сөзінен көреміз.
Ал «Бекет батыр» жырының басты образы –Бекет. Ол Шекті руының батыры Есет Көтібаровтың 1855 жылғы шаруалар көтерілісіне қатынасқан, тарихи адам. 1858 жылы Петербург қаласында жарияланған «Русский художественный листоктың» 1 қарашадағы санында «әлеуметтік және ұлттық езгіге қарсы» күрес жүргізген Есет Көтібаров бастаған шаруалар қозғалысының тарихы айтылған.
Жанқожа батыр туралы. Бұл жырды 1893 жылы Қазалы қаласының қасындағы Қаракөк деген жерде тұратын белгілі Мұсабаев жыраудан орыс ғалымы И.В.Аничков жазып алған. Ол 1888 жылы Петербург университетінің шығыстану факультетін бітірген, 1894-1899 жылдары Әулиеата (қазіргі Жамбыл қаласы), Қазалы, Ташкент қалаларындағы ресми орындарда қызмет атқарған. Түркістан, Орынбор шаһарларындағы ғылыми қоғамдардың мүшесі болған. Оның бірнеше этнографиялық және археологиялық еңбектері сақталған. 1894 жылы Қазан қаласында И.В.Аничковтың «Киргизский герой Джанкоже Нурмухаммедов» деген еңбегі жарияланған. Жанқожаның ерліктерін суреттейтін жырлардың көпшілігі республика академиясының қолжазбалар қорында. Жыршылар – Лухман Кенжеев, Боспан Меңдібаев, Жөкей Шаңғытбаевтар. Әрбір жыршының өзіне тән жырлау әдістері басқа-басқа. Бәріне ортақ бір белгі бар: Жанқожа батыр Сыр бойындағы қазақтарға саяси кысым көрсеткен Қоқан, Хиуа, Бухара хандықтарына қарсы шығады, жекпе-жек соғыста бузақы Бабажан және Нұртай ханды жеңеді. Халықтың кеткен кегін қайтарып береді.