Фольклор мен әдебиет
Фольклордың әдебиетке, әдебиеттің фольклорға әсері.
Қазақ халқының ерте заманда мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз.
Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол салған. «Дария басы – бұлақ» демекші, қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі – фольклор. Ауыз әдебиеті, одан соң жазба әдебиет туғанда оның көптеген сюжеттері фольклордан алынған. Бұл дәстүр бүгінгі әдебиет тәжірибесінде де бар. Мысалы, М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қалқаман - Мамыр», «Айман – Шолпан», «Еңлік – Кебек», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты пьесаларының сюжеті мен образдары фольклордан алынған. Мұны фольклор мен әдебиет арасындағы табиғи-органикалық байланыс дейміз. Жазба әдебиет сияқты ауыз әдебиетінде де өмір шындығының сәулесі бар. Фольклор тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы, танымдық тәрбиелік мәні зор мәдени мұра.
Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі (V- XV ғ.ғ) фольклордың ролі.
Қазақстандағы жазудың тарихын бір кезде ғалымдар тек ислам дінінің тарауымен ғана байланыстыратын еді. Орхон жазушы ашылған соң кейінгі зерттеушілер бұл пікірді жеткіліксіз деп тапты.Ғалымдардың байқауынша, орхон жазуын түсіруге тас, түсті металл, былғары, ағаш, сүйек, жібек сияқты нәрселер қолданылған. Сөйтіп, біздің жазба мәдениетіміздің түп тамыры халқымыздың өз жерінде туды. Оның негізі – ежелгі ұлыс тайпалары алғашқы феодалдық одақ құрылған кезінде қаланған. Тұрмыс мұқтаждығы, ел, хандық не тайпа қажеттері жазудың тууына негізгі себепкер болады.
Тегінде Орхон жазуының негізгі түрлері құлпытастарға ойылған жазба түрінде сақталған, әсіресе, түркі қағандары Білге қаған,Күлтегін, Тоныкөк (VІІ - VІІІ ғ.ғ) басына қойған құлпытастарға өте мәнерлі жазу қолданған. Бұл жазуларды көп зерттеген ғалымдар Е.Малов, В.Носилов,Е.Бертельс, С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, М.Томанов, Ә.Құрышжанов.
Орхон жазуының ең ескі үлгісінің бірі – Талас жазулары - V – VІІ ғасырлардың мұрасы. Күлтегін және Тоныкөк құлпытастары – VIII ғасырдың орта шендеріне ескерткіш. Одан сол заманда өмір сүрген түркі ұлыстарының дүниетаным түсініктерін, қоғамдық, әлеуметтік нормаларын тануға болады.
Махмуд Қашқаридің «Диуан лұғат ат-түркінде» (XI ғасыр) түркі халықтарының ауыз әдебиеті үлгілері мол топтастырылған. Мұнда халық өлеңдерінің үлгілері, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, эпикалық ерлік жырлары қамтылған. Тіпкі түрік халықтарына ортақ дастандық мұралардың өзінде де («Құтадғу білік», «Мұхаббат-наме», «Ақиқат сыйлығы» т.б.) ауыз әдебиеті әлемінен ауысқан бейнеле тіркестер, көркемдік тәсілдер, жекелеген аңыз бар. Насреддин Рабғузидің «Киссасул әнбиесінде» аңыздар, мифтер кең көрініс берсе, «Кодекс Куманикусте» ғибрат, нақылдар орын тепкен. Бұл және басқа мысалдар Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ортақ байлығы – көне түркі жазба ескірткіштерінде ауыз әдебиетінің көп нұсқалары жинақталғаны көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |