Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


XV-XVI Ғ.ғ. жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы



бет41/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

XV-XVI Ғ.ғ. жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы.
Қазақ халқының ерте заманда мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз.
Профессор Е.Ысмайылов жырау мен ақындар ерекшеліктерін жете зерттеп берді. Ол жыраулар да ақын, көркем сөз шығарушы өнерпаз, қазақ әдебиетінің көне өкілдері деп танытты.
Бірыңғай тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы батырлар мен ел басы хандар ісін, халықтың жай-күйлерін, қонысын, өткені мен болашағын толғап, осы мәселелер төңірегіндегі өкініштер мен өксіктерге бой ұра, кейде тіпті зарыға жыр толғап отыру – жырауларға тән қасиет. Олар өздерінің болжамдарын, ақыл-өсиеттерін қобыздың зарлы үніне қосып ұзақ толғаған.

Әдебиеттер


1. Ғабдуллин М. Халық ауыз әдебиеті. Алматы, Ана тілі,1996.
2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, ана тілі,1991.
3. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. Алматы, Қазақ университеті,1992.
15 дәріс
Қазақ фольклорының зерттелу тарихы
ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ фольклорының этнографиялық бағытта зерттелуі.
ХІХ ғасыр бойында орыс фольклористикасында шығыс мәдениетін зерттейтін ориентализм бағыты өрістейді. Бұл ғылыми арна Орта Азия, Қазақстан, Алтай, Сібір жерлерін мекендеген көшпелі тайпалар – қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, әзербайжан, татар, құмық, башқұрт, түрікмен, ұйғыр, қалмақ халықтарының тарихы мен тілін, этнографиясын, археологиясын, фольклоры мен музыкалық өнерін зерттеуге ерекше үлес қосты. Ориенталистер тарих (Левшин,Крафт), фольклор (Радлов, Березин, Потанин, Катанов, Иванов, Кастанье, Диваев), тіл (Саблуков, Ильминский, Мелиоранский), археология мамандары болып, ежелгі түркі тайпаларының бай фольклор мұрасын жан-жақты зерттеді. Олар тұтас бір ғасыр бойы түрліше географиялық, этнографиялық үйірмелер ашып, қыруар фольклор шығармаларын жинап, бастырады.
Орыс ориенталистерінің көптеген еңбектері мен ғылыми ізденістері бүгінгі қазақ фольклористикасында айтарлықтай терең зерттеле қойған жоқ. Өзінің бағыты жағынан олардың позитивтік фольклористиканың көрінісі болғаны бар. Енді біреулерінде (мысалы, Ильминский) миссионерлік сарын да болды. Алайда, тұтас алғанда, ориенталистер бағыты, олардың шығыс халықтары фольклорын жинап, зерттеудегі еңбегі аса елеулі еді. Оларды біз ұлт мәдениетін зерттеуші ориенталист ғалымдар дейміз.
Қазақ фольклористикасында тұңғыш рет орыс тіліне аударылып баспа көрген сюжет – «Қозы Көрпеш-Баян сұлу». Оның башқұрт тіліндегі нұсқасын Т.Беляев 1812 жылы Қазанда «Куз-Курпеч» деген атпен орыс тілінде жариялайды. Осы 1812 жыл қазақ фольклорын жинаудың басы болды. Кейін осы бастаманы өзге ориенталистер жалғастырды.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында әдебиетке көптеген шығармаларын мұраға қалдырған ағартушы-демократтар қазақ халқының ауыз әдебиетін тереңнен зерттеп, оларды өздерінің ғылыми туындыларына арқау етті. Ш.Уәлиханов қазақ фольклорын зерттей отыра, өзінің жіктеу үлгісін ұсынды, ол классификация қазақ фольклоры ғылымында бүгінгі күні де өзекті. Шоқан, Абай жинаған қазақ эпостары қазіргі уақытта ғылыми айналымда кеңінен қолданылатын үлгілер болып табылады.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жарыққа шығару, зерттеу ісінің ғылыми жолға тұңғыш қойылуы қазақ оқымыстысы Ш. Ш. Уәлихановтың есімімен байланысты. Ол қазақ аңыздары, аңыз-әңгімелері, ертегілері, өлеңдері, эпостық жырлары мен тарихи жырлары саласынан мол материалдар жинап, алғаш зерттеді.
Абай (1845-1904) – ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы. Ол әдебиетші емес, көбіне ақын, өз заманының асқан ойшылы ретінде танылған адам. Оның фольклористикаға арналған еңбектері де жоқ. Бірақ Абай Семейдегі географиялық қоғамға мүше болып, көптеген этнографиялық материалдар (киім, түрлі құрал аспаптар, т.б.) жинаған.
Фольклор мұраларына деген Абай жанашырлығын халық қазынасының жауһары – “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын Жанақ үлгісімен қайта жырлауды Бейсембай ақынға тапсыруынан да көреміз.
Ыбырай - қазақ халқының фольклоры мен этнографиялық материалдарын жинап, соларды халық тәрбиесіне құрал еткен. Ыбырайдың орыс тілінде жарық көрген “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі”, “Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очеркі” деген бағалы этнографиялық зерттеулері де елеулі. Ы.Алтынсариннің қазақ фольклорына қатысты арнайы зерттеулері болмаса да, ол халық мұрасын аса жоғары бағалаған. Өзінің “Қазақ хрестоматиясы” атты оқу құралында ол қазақ фольклорының көптеген үлгілерін қамтыған. Соның қатарында Марабай жыраудан жазып алған “Қобыланды” жырынан үзінді (“Қобыланды мен Тайбурыл”), қиял-ғажайып (“Қара қылыш”, “Алтын айдар”), шыншыл-реалистік ертегілер (“Тазша бала”, “Қара батыр”, “Жиренше шешен”), көптеген мақал-мәтелдер де бар. Сонымен қатар Орынбай, Күдері ақындардың өлеңдерін де жинаққа енгізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет