Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Кеңес дәуіріндегі айтыстың дамуы



бет39/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)
6 топ КАСИМОВ
Кеңес дәуіріндегі айтыстың дамуы.
Сол өткен ғасырлардан бас алған айтыс поэзиясы совет дәуірінде қайта түлеп, ерекше қарқынмен даму үстінде. Қазақ айтыстарының озық үлгілері үш том болып жарыққа шықты. Басқа да айтыс жинақтары басылым көріп отыр. Осы жинақтарға сөз басын жазған С.Мұқанов ХІХ ғасырда ерлермен қатар қаз ақындар да бой көрсеткен деп, Біржан мен Сара, Қадиша мен Ысқақ, Жүсіп пен Шәкей, Мұса мен Манат, Болық пен Елентай, Күйкентай мен Оспантай. Ұлбике мен Күдері, Тәуке мен келіншек аттарын атайды. Әрине, мұндағы қыздардың бәрі бірдей ақын болмаған. Манат, Ақдәме, Ақсұлу, Рысжан сияқты қыз аттарын жеке айтушылардың өздері тудырса керек. Әдетте бір ақын ұзақ сапар шегіп қайтса, пәлен деген қызбен айтыстым деп елге жаңа бір жыр жолдарын ала келетін болған.
Кеңес дәуірінде туған айтыстарды бірнеше кезеңге бөлеміз:
1. 1920-1940 жылдар арасы, онда қалың малдың жойылуы, тап күресі, ірі байлардың малын конфискелеу, ауылды кеңестендіру мәселелрі сөз болған.
2.Ұлы Отан соғысы(1941-1945) жылдарындағы айтыс. Мұнда майдан мен тылдың бірлігі, отаншылдық мәселелері басым айтылады.
3.1946-1957 жылдардағы айтыс поэзиясы. Бұл кезеңде туған айтыс үлгілерінде еңбек процесі, өндіріс табыстары бас тақырып болған.
4.1960 жылдан соңғы кезеңдегі айтыс. Бұл мерзімде айтыс өнері жаңа мазмұнға, жаңа сипатқа ие болып, оның көптеген жас өкілдері туып, қалыптасты.
1941, 1943, 1945 жылдары Алматыда республикалық айтыстар, 1961 жылы ақындар слеті, соғыс жылдары және одан кейінгі кезеңдерде облыстық айтыстар өткіліген.
Айтыстың қазіргі даму сипаты. Өкілдері.
Ескі айтыстардың кейбір ерекшеліктері қазіргі айтыстарға да тән. Әрине, мазмұн жағынан үлкен айырмашылық бар.Бұрынғы ақындар айтысында негізгі тартыс қазығы ру мәселесі болса, қазіргі айтыстарда оның белгісі де жоқ. Бүгінгі айтыстарда тартыс жалпы халыққа ортақ әлеуметтік мәні зор мәселелердің айналасында болады.
Ал айтыстың әдістерінде, көркемдік ерекшеліктерінде бұрынғы мен қазіргі айтыстардың өзара байланыстары зор. Бұл – айтыстың тақырыбына емес, табиғатына тән құбылыс.
Ақындар халық тарихын, бүгінгі өмірін, тынысын, салтын – бәрін жақсы біліп, сол арқылы қиыннан қиялап жол тауып, сүрінбей шығуы тиіс.
Қазіргі айтыстың тақырыптық ауқымы да кеңейіп, көркемдік жағынан жетіліп жатыр деуге толық негіз бар. Аса тапқырлықты, сөз шеберлігін, мүдірмей жауап қайтаруды талап ететін бұл айрықша сөз өнері – бүгініг күні қазақ халқының мақтанышы мен қазынасы болып отыр. Оған көрнекті дәлел ретінде жыл сайын әр түрлі деңгейде өткізіліп жатқан айтыс сайыстарын айтқан жөн.
Көркейіп, даму үстіндегі қазіргі кезең айтысының ең танымал өкілдері қатарында Әсия Қалыбекова, Айтақын Бұлғақов, Аманжол Әлтаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Бекарыс шойбеков, Ринат Зайытов, Серікзат Дүйсенғазин, Рүстем Қайыртайұлы сияқты өнерпаздарды атауға болады.

Әдебиеттер


1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, Ана тілі, 1991.
2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, Санат, 1996.
3. Қазақ тілі мен әдебиет журналы, 2004. № 27.
4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Ана тілі,Алматы,1990.
14 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет