Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет5/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.

Пысықтау сұрақтар:
1. Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары
2. Дастандарының тақырыптық ерекшеліктері мен көркемдік деңгейі
3. М. Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі
Әдебиеттер:
1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994жыл.
2. Қазақ әдеби сынының тарихы. Кәкішев Т.- Алматы.: Санат, 1994 жыл.
3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы;Санат, 1994жыл.


Дәріс-4.
Тақырыбы: Нұржан Наушабайұлы (1859-1919 жыл.)
Мақсаты:
1. Шығармашылық өмірбаяны.
2. Өзі өмір сүрген заман жайында, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, байлық пен кедейлік жөнінде шығармалар жазу.
Қаралатын мәселелер:
Өзі өмір сүрген заман жайындағы, жақсылық пен жамандық, әділдік иен әділетсіздік, байлық пен кедейлік жөнінде жазуы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары.
1.Шығармашылық өмірбаяны.
2.«Назымдары» және олардың көркемдік деңгейі.
3.Сапарғалимен айтысы.
4.Қазақтың шығу тегі жайындағы пікірлері мен өмір құбылыстарына көзқарас.
Нұржан Наушабаев бұрынғы Қостанай уезінің Арақарағай болысында туған. Өскен, өмір сүрген жері Қостанай, Торғай жағы. Әл-ауқатты кісінің баласы. Жасынан мұсылманша оқуды көп оқиды, әбден жетіледі. «Ғалімлік дариясынан іштім қанып»,— дейді өзі. Сондай-ақ, Нұржан бала жасынан-ақ өлең шығарады.
Өлеңді бала жастан еттім қалып.
Парсы, ғарап луғатпен келтірер ем,—
дейді.
Бірақ ол әуелде, жас шағында, өлеңге, ақындыққа көңіл қоймайды: ел қыдырып, салдық құрып, палуан болып жүреді. Тек отыз жасынан бастап қана өлеңмен айналысып, ақындық жолына түседі. Өзіне өзі:
Бұрынғы өткендердің бәрін таста...
Әуре болып біраз уақыт жүрдің жаста,—
дейді.
Нұржан өлеңдері үш жинақ болып басылған. Олар—«Манзумат қазақия» (1903), «Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы» (1903), «Алаш» (1910) деп аталады. Барлығы елу шақты өлең. Көпшілігі назым, терме, тақпақ, мақал болып, біразы толғау, өлең, айтыс өлең, енді біразы мысал жұмбақ болып келеді.
Нұржанның бір өзгешелігі — ол өлеңдерінің көбін бұрынғы араб, парсы, шағатай ақындарының үлгі, тілінде жазады; діни сөздерді, араб, парсы, ескі кітаби сездерді көп қолданады.
Бірсыпыра өлеңдерінде Нұржан заман жайын, қазақтың бұрынғы, өз тұсындағы тұрмысын, ел билеген адамдардың іс-әрекеттерін, оқу, өнер, білім, дәулет, бақыт, мінез- құлық мәселелерін сөз етеді. Солар жөнінде бірталай орынды, маңызды, келісті өсиеттер, мақал, мәтел, нақыл сөздер айтады. Оның шығармалары мағыналы болып келеді.
Әбубәкір сияқты, Нұржан да кейбір өлеңдерінде заман бұзылды, қазақтың бұрынғы дәурені құрыды, заман таялды деген ой-пікір айтады. Ондай пікір ай қызатын орыс халқының тепкісінің қаттылығы, қаз халқының ұйқылы-ояу халде қоғам дамуына ілесе алмас ахуалы.
Дүние болып кетті тарылғандай,
Бұрынғы бастан дәурен арылғандай
(«Алаш», 5-бет)
Түрленіп күн-күн сайын бара жатыр
Жақсылықтан жамандық озыңқырап...
Үлкенге сәлем, ағайыннан амандық жақ,
Еркінше жүрілуден тарылды өріс.
Ел іші өсек, ғайбат қаптап жүрген,
Орыны жоқ жауыздықтан тоқтап жүрген.
(«Манзумат...», 11- бет)
Адамньщ жақсысы кетіп, жаманы қалды,
Жылқының жүйрігі кетіп шабаны қалды.
Бидайдың дәні кетіп сабағы калды,—
(«Алаш», б-бет)
деп зарлайды. Зарына орын бар, себеп жеткілікті еді. Осы ретте Нұржан надан, пасық, сұм-сұрқия, еріншек-жалқау адамдарды, мал-жанды байларды жалмауыз би-болыстарды, тұрақсыз, жалған достарды қатты сынайды. Оның бұл жөніндегі ойы Абай ойымен үндесіп келеді. Нұржан өлеңдерінің біразы дін жайында: ислам дінінің мән-жайы, парыз-қарызы, заң-шариғаты, о дүние, бұ дүние, діндер адамдардың мінезі-құлығы, жақсылық, жамандық жайында. Ақын бір сөзінде нұсқалап, дүние, ақирет, бәрін айттым» дейді. Дінді түсіндіреді. Оны діни фанатизм түрінде түсіндірмей діни ізгілік, жалпы адамгершіліқ, ағартушылық тұрғысынан түсіндіреді.
Жинақтап айтқанда, Нұржан шығармаларында адамды білімділікке, іс-әрекетке, таза, адал болуға халыққа, Отанға қызмет етуге, артында іс, үлгі мұра қалдыруға үгіттейді.
Нұржан — өзі артында бірсыпыра кұнды мұра қалдырған дарынды ағартушы ақын, қайраткер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет