Өткізу формасы: топтық жұмыс.
Бағалау критерийлері:90-100 балл алу үшін: Курстың мақсат-міндеттерін, кәсіби құзыреттіліктер жөнінде толық мәлімет берген жағдайда;
70-89 балл алу үшін:Курстың мақсат-міндеттерін, кәсіби құзыреттіліктер жөнінде жалпы мәліметтер берген жағдайда;
50-69 балл алу үшін: Курстың мақсат-міндеттерін, кәсіби құзыреттіліктер жөнінде ішінара мәліметтер берген жағдайда.
Әдебиеттер: 2,6,7,10,11,12, 32,36,35. Семинар № 4 Тақырыбы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихы түркі деректерінде
Әдістері: дөңгелек үстел
Мақсаты:Орта ғасырлық тарихшы, ойшыл ғұламалар өмірі және еңбектерімен танысу. Қазақстанның орта ғасырлар тарихы түркі деректерінде тақырыбын талдау. Деректердің ұлт тарихында алатын орны мен маңызы жөнінде түсінік қалыптастыру.
Практикалық сабақ мазмұны:1.Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі 2. Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» шығармасы. 3. Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінің деректік маңызы.
Әдістемелік нұсқау:«Кішігірім топтар» әдісі. Таныстырылым жасау,
«Кішігірім топтар». Топ студенттері арасынан өздерінің қалауы бойынша кішігірім топтар құрылады. Әр топта «лидер» - топ басшысы анықталады. Әр кішігірім топтың семинар сабағындағы рөлі бөлінеді. Мәселен, «баяндамашы-топ», «оппонент-қорғаушы-топ», «оппонент-сынаушы-топ» болып бөлінеді.
«Баяндамашы-топ» - аудитория алдына қарастырып отырған мәселенің нақты, алдын-ала ойланған, аргументтелген негізгі мазмұнын береді, нақты мысалдармен және фактілермен ойларын дәлелдейді.
«Оппонент-сынаушы-топ» - «баяндамашы-топқа» сұрақтар қояды, олардың берген мәліметтеріндегі аргументтерді, мысалдарды, фактілерді, ой-қорытындыларын сынға алады.
«Оппонент-қорғаушы-топ» - «баяндамашы-топтың» позициясын қолдайтын және нақтылай түсетін жаңа фактілер береді.
Дөңгелек үстел.
Студенттер семинар сұрақтарына өздерінің алдын-ала даярлаған материалдары негізінде мәселелерді жан-жақты талдауға қатысады.