Бағалау критерийлері:90-100 балл алу үшін: Курстың мақсат-міндеттерін, кәсіби құзыреттіліктер жөнінде толық мәлімет берген жағдайда;
70-89 балл алу үшін:Курстың мақсат-міндеттерін, кәсіби құзыреттіліктер жөнінде жалпы мәліметтер берген жағдайда;
50-69 балл алу үшін: Курстың мақсат-міндеттерін, кәсіби құзыреттіліктер жөнінде ішінара мәліметтер берген жағдайда.
Әдебиеттер: 2,6,7,10,11,12, 32,36,35.
Семинар № 6 Тақырыбы: Қазақстан Алтын Орда мен Моғолстан құрамында кезеңіндегі тарихы парсы деректерінде Мақсаты:Ибн –Рузбихан «Бұхара мейманының кітабы». 2. «Тарих –и Абулхаир –хани» еңбегінің деректік маңызы. 3. Шығармаларының мазмұнымен таныстыру. Тарихи талдау жасау.
Практикалық сабақ мазмұны:1.Ибн-Рузбихан «Бұхара мейманының кітабы». 2. «Тарих-и Абулхаир–хани» еңбегінің деректік маңызы. 3. Зайн ад-дин Васифидің «Бадай әл-вакаи» мемуарының мазмұны.
Әдістемелік нұсқау:«Кішігірім топтар» әдісі. Таныстырылым жасау,
«Кішігірім топтар». Топ студенттері арасынан өздерінің қалауы бойынша кішігірім топтар құрылады. Әр топта «лидер» - топ басшысы анықталады. Әр кішігірім топтың семинар сабағындағы рөлі бөлінеді. Мәселен, «баяндамашы-топ», «оппонент-қорғаушы-топ», «оппонент-сынаушы-топ» болып бөлінеді.
«Баяндамашы-топ» - аудитория алдына қарастырып отырған мәселенің нақты, алдын-ала ойланған, аргументтелген негізгі мазмұнын береді, нақты мысалдармен және фактілермен ойларын дәлелдейді.
«Оппонент-сынаушы-топ» - «баяндамашы-топқа» сұрақтар қояды, олардың берген мәліметтеріндегі аргументтерді, мысалдарды, фактілерді, ой-қорытындыларын сынға алады.
«Оппонент-қорғаушы-топ» - «баяндамашы-топтың» позициясын қолдайтын және нақтылай түсетін жаңа фактілер береді.
Өткізу формасы:топтық жұмыс.
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: Парсы авторларының еңбектері туралы толық мәлімет және олардың еңбектерінен үзінділер берген жағдайда;
70-89 балл алу үшін: Парсы авторлары, олардың еңбектері туралы толық мәлімет берген жағдайда;
50-69 балл алу үшін: Парсы авторлары туралы жан-жақты мәліметтер берген жағдайда.