Қосалқы әдістер
Тест – басқа әдістерден ең алдымен, жаңа заңдылықтарды ашу үшін емес, сыннан өтетін адамда белгілі бір қасиеттердің бар екенін анықтауға қолданылатындығымен ерекшеленеді. Тестің мазмұны мен құрылымы алдын-ала жүргізілген көптеген эксперименттер негізінде сыннан өтіп, тексеріледі. Тестердің көмегімен адамдардың белгілі-бір іс-әрекетті орындауға әзірлік деңгейлері анықталады. Тестер деп аталатын әдістер ерекше бір топ құрайды. Олар: тест-сынау, тексеріп көру, тест-тапсырма, тест-проективті.
Сауалнама – бұл әдіс берілген сұрақтарға жауап беру үшін қолданылады. Түрлері: ауызша, жазбаша (анкета), ерікті (әңгіме), стандартталған.
Достарыңызбен бөлісу: |