Модельдеудің – көмегі арқасында психикалық құбылыстар тікелей зерттелмей, сол құбылысқа ұқсас модель арқылы зерттелетіндігінде. Модельді жасау үшін зерттелгелі отырған психикалық құбылыс жөнінде жеткілікті білім болуы қажет. Сондықтан да модельдің дұрыстығы, толықтығы, жан-жақтылығы белгілі бір құбылыс туралы білім деңгейіне тәуелді болады. Психикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұрғыдан модельдеудің басталуы кибернетика және құбылыстарды ықтималды суреттеу теориясының дамуымен байланысты. Модельдеу әдісін қабылдау, түйсік, ес және басқа психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады. Бұл әдіс сонымен қатар педагогикалық психологияда да, оның ішінде, білім беру процестерін зерттеуде кеңіне қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |