2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің эксперименттік емес әдістері: бақылау, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама жүргізу әдісі. Бақылау дегеніміз-объектінің мінез-құлқын мақсатты қабылдау және тіркеу. Бақылау өзін-өзі бақылаумен қатар ең көне психологиялық әдіс болып табылады. Ғылыми эмпирикалық әдіс ретінде бақылау XIX ғасырдың аяғынан бастап кеңінен қолданылады. Клиникалық, әлеуметтік, педагогикалық психологияда, даму психологиясында және ХХ ғасырдың басынан бастап — еңбек психологиясында қоланылды.
Бақылау әдісімен зерттеу процедурасы келесі кезеңдерден тұрады:
1) бақылау нысаны (мінез-құлқы), объект (жекелеген индивидтер немесе топтар), жағдайлар айқындалады;
2) бақылау және деректерді тіркеу тәсілі таңдалады;
3) бақылау жоспары құрылады (жағдай — объект-уақыт);
4) нәтижелерді өңдеу әдісі таңдалады;
5) алынған ақпаратты өңдеу және түсіндіру жүргізіледі.
Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім кӛлеміне қарай күні бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сӛйлесу әдісіне ерекше мен беріледі. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Әңгімені де зертеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы, терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ, әңгіме ғылыми әдіс болу үшін, әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін, ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жөн.
Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен әңгімелеседі, жол-жәнекей оның сӛз саптауына, түрлі реакцияларына, ӛң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді. Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері – жаппайлығы, яғни бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай мағлұматтарды алуды мүмкіншілігі болуы. Анкеттадағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс. Алынған материалдардың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан өткізіледі. Мұның негізгі кемшілігі - адамның шын көңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса, оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін. Бірақ анкетаның бұл жаппайлылығының кейбір елеусіз жетімсіздіктері бар. Себебі анкета арқылы алынған материалдардың бәріне сене беруге болмайды. Өйткені анкетадағы сұрауларға қайтарылатын жауаптар субъективтік үстіртін қате болуы, я болмаса толық болмауы мүмкін. Анкетаны барлық зерттеулерде орынсыз қолдана беруге болмайды. Оны сондықтан адамдардың шығармашылық жемістері, сазгерлердің музыкалық шығармаларын, суретшілердің суреттерін, сәулетшілердің жасаған мүсіндерін, үйлерін, ақындардың, жазушылардың шығармаларын, кілемшілердің тоқыған кілемдерін т.б. зерттеп, олардың психологиясымен танысуға болады. Шығармашылық әрекеттердің ағымын зерттеп, адамның ақыл ойының әрекет етуін зерттеуге болады.
Салыстырма – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психикалық әрекеттердің ӛсіп-даму жолдарын салыстыра зерттейді, Ал салыстырма филогенетикалық зерттеу жолы арқылы адамдардың психика дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арқасында қандай айырмашылық, қандай ұқсастық бар екендігі, адамның психологиясы қалайша адамдық психологияға айналғаны зерттеліп отырады.
Салыстырма тарихи зерттеу әдісінде – қоғамдық экономикалық формациялардың өзгеруімен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып отырады. Сондықтан психикалық әрекеттерді зерттегенде, бұлар тек бүгінгі күннің ғана жемісі емес екендігін, адам баласының ғасырлар бойы дамып отыруының нәтижесі екендігін ескеріп, зерттеу жұмысында зерттеудің тарихи жағын көздеу керек болады. Психологияда басқа ғылымдардағыдай тарихи әдісті мейлінше қолданып адамның барлық әрекеттерінің ақыл-ойының санасының бірқалыпта тұрмайтынын, қоғамның өзгеріп дамуымен бірге, ол қоғамда өмір сүруші қоғам мүшелері – адамдардың сана – сезімдерінің өсіп, дамып, өзгеріп отыратынын ескеріп, адам жалпы адамзатты зерттемей, белгілі қоғамда өмір сүрген я нақты құрамының мүшесінің психикалық әрекеттерін зерттеу керек – бұл тарихи психологияның міндеті.