3. Экспериментатор: оның тұлғасы мен қызметі. Сыналушының тұлғасы. Экспериментаторлар “идеалды сыналушының” мынадай сапалары болуы қажет деп санайды: тіл алғыш, саналы, тез түсінетін, еңбексүйгіш, агрессивті емес болуы керек. Ақылды экспериментатор бұл тек арман екенін біледі. Кейде сыналушының жүріс-тұрысы экспериментатор күткендей болып шықпаса, ол оның ашу-ызасын келтіруі мүмкін. Сондықтан экспериментатор объективті нәтиже алуы үшін мұндай жағдайларға көңіл бөлмеуі керек . Сондай-ақ эксперимент жағдайына бейсаналы бағыттар, мимика, интонация эмоционалды т.б. әсер етеді. “Алғашқы әсер” эффектісі зерттеуде әрі қарайғы бағытында өз әсерін тигізіп отырады.
Психологиялық эксперимент басқа ғылыми зерттеулермен салыстырғанда нұсқаулығымен ерекшеленеді. Сыналушы онымен таласқаннан кейін, барлық талаптарды өз еркімен орындауға кіріседі, нұсқауды алғаннан кейін сыналушы тапсырманы түсінуі және орындауы керек. Егер ол тапсырманы түсінбесе ол операцияны дұрыс орындамайды, сондықтан нұсқауды дұрыс түсінуін мұқият бақылап, сұрақ қойып оның дұрыс түсінгендігіне көз жеткізу керек. Зерттеу аяқталғаннан кейін сыналушымен нұсқаудың талаптарында, оны орындауда қандай қиындықтар болды, сол туралы интервью өткізеді. Сыналушы эксперименталды тапсырманы қабылдамауға немесе оны орындауда бас тартуға құқылы. Сыналушылар зерттеуге өз еркімен және мәжбүрлі түрде қатыстыруы мүмкін. Ырықты қатысуға негізгі себеп бұлардың мотивициясына байланысты. Көбінесе олар өз – өздерін танып, айналасындағылармен қарым қатынасты жақсарту үшін қатысады.
Р. Розенталь ырықты сыналушының мәжбүрлі сынылушыдан мынадай айырашылықтары бар деп көрсетеді.
Білім деңгейінің жоғары болуы.
Әлеументтік статусының біршама жорғарлығы.
Интеллект деңгейінің жоғары болуы.
Әлеуеттік мақұлдануға қажеттілігінің жоғарылығы
Ал М. М. Этмен сыналушыларды позитивті даярланған, негативті даярланған және енгіш сыналушылар деп бөледі.