Білім беру бағдарламасы 6В04101-Экономика, 6В04102 Менеджмент, 6В04103 Есеп және аудит, 6В004104 Қаржы, 6В04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04106 Маркетинг Оқыту түрі күндізгі «Микроэкономика»



бет1/2
Дата16.11.2023
өлшемі35 Kb.
#191567
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Практикалық тапсырмалардың микро
Бухгалтерлік есеп

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Институт: Сорбонна-Қазақстан институты


Кафедра: Экономикалық мамандықтар
Білім беру бағдарламасы 6В04101-Экономика, 6В04102 – Менеджмент, 6В04103 - Есеп және аудит, 6В004104 – Қаржы, 6В04105 - Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04106 - Маркетинг
Оқыту түрі – күндізгі
«Микроэкономика» пәнінен практикалық тапсырмалардың әдістемелік нұсқауы
Оқытушы: PhD, ассоц.профессор Каримова Мадина Даутовна

Алматы, 2021
Пән бойынша практикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсынымдар
"Микроэкономика» пәнінен ұсынылатын практикалық тапсырмалар "Микроэкономика" пәнінің дәріс тақырыптарына, дәрістер курсында ұсынылған әдебиеттерге сәйкес дайындалды. Барлық тапсырмалар жазбаша және дербес орындалады. Дұрыс шешуі оқытушымен тексеріледі. Орындалған тапсырманы бағалау кезінде интернеттен көшірілген материалды емес, өз пікірін білдіре отырып, студенттің өзіндік жұмысы ескеріледі.
Ескерту!!! Тапсырмалардың шешімдерін тек жауаптармен, формулаларсыз және басқа шешім негіздемелерінсіз жіберудің қажеті жоқ! Тапсырма формулаларды қолдана отырып, шығару жолдарын негіздей отырып орындалуы тиіс. Көшіріліп алынған жұмыстар тексерілмейді және бағаланбайды.


1 тақырып. Микроэкономикаға кіріспе


Тапсыру мерзімі – 1-апта


Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері;
2. Микроэкономика обьектілері мен субьектілері;
3. Микроэкономикалық моделдер.


2 тақырып. Сұраныс және ұсыныс теориясы


Тапсыру мерзімі – 2-3 апта
Тапсырмалар: Есептерді шығарыңыздар:
1. 2-апта орындалады
Сұраныс Qd=20-P пен ұсыныс Qs=10+P функциялары берілген. Онда тауардың теңдестік бағасы мен көлемі қандай болады?

2. 2-апта орындалады



  1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік бағаны табыңыз: Қандай бағаларда нарықта артықшылық және тапшылық орын алады?

Баға (теңге)

Сұраныс көлемі

Ұсыныс көлемі

500

300

150

700

250

200

1000

220

220

1200

150

300

1300

160

250

3. 3-апта орындалады


Сұраныс D=10-2P және ұсыныс S=4+P функциялары берілген, мұндағы P-товардың бағасы. Онда тауардың теңдестік бағасы мен көлемі қандай болады?

4. 3-апта орындалады


Сұраныс Qd=10-2p және ұсыныс Qs=4+p функциялары берілген, мұндағы р- тауардың бағасы. Егер мемлекет бағаны 4 деп белгілесе, онда нарықта төмендегілердің қайсысы орын алады?

5. 3-апта орындалады


Нарықта 3 тұтынушы бар делік. Тұтынушылардың сары майға деген сұранысы төмендегі кестеде көрсетілген:





Р

1 тұтынушы

2 тұтынушы

3 тұтынушы

30

170

120

60

40

140

100

50

50

110

80

40

60

100

60

30

70

90

40

20

Бұл кестедегі мәліметтер бойынша:



  1. әрбір тұтынушының жеке сұраныс қисығын сал;

  2. нарықтық сұраныс кестесін толтыр;

  3. нарықтық сұраныс қисығын сал.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет