Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет50/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Көру анализаторын бұзылыстары. 
Көру агнозиясы –
көргенді ажырата алмау, танымау, затты, адамды 
көріп тұрса да танып айыру үшін қолымен ұстап қарау. Бұндай 
адамдардың үлкен жарты шарының шүйде бөлігі, миы қатты 
зақымданған болады. 
Көру мүшелерінде кездесетін ауру түрлері. Көздің шаршауы. 
Көздің шаршауы астенопия деп аталады. Көздің шаршау симптомына 
жатады: ұсақ заттарды, әріптерді жақыннан қарағанда олардың 
бұдырауы, көздің, қабықтың сынып ауыруы, қастар арасының ауыруы, 
жарықтан қорғану. Астенопияның
мынадай түрлері бар: аккомадативті, 
бұлшық еттік, жүйкелік, аралас. Блефаритер. Бұл қабақ шеттерінің 
қабынуы. Блефариттердің үш түрі бар: қарапайым, қабыршақты, 
жаралы. Конъюктивиттер. Конъюктивиттің негізгі белгісі жарықтан 
қорғану, блефароспазм, жас ағу, көздің қызуы, қышынуы, ауыруы балып 
табылады. Көбіне көздің кірпікті шетіне қабыршақ тұрып, тәңертең 
қабақ 
жабысып 
қалады. 
Трахома 

бұл 
арнайы 
жұқпалы 
кератоконъюктивит, әдетте А типті вирустан туындап, созылмалы түрде 
жүреді. Жалпы пайдалынатын заттар
арқылы жұғады. Көзді қозғау 
аппаратының патологиясы. Үйлескен қылшық. Қылилық этиологиясы 
мен патогенезі әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Қазіргі зерттеулерде 
қылшық көз қозғалысының шартты
-
рефлекторлы координациясының 
бұзылысы ретінде қарастырылады. Ол бала жаста бинокулярлы көрудің 
қалыптасуы кезінде туындайды. Қылилық себебі ми бұзылыстары, 
жүйке және соматика саласының бұзылуы, сыртқы факторлар рөлі 
болуы мүмкін. Салдық қылилық. Салдық қилылықтың негізгі белгісі көз 
қозғалысының зақымданған бұлшық ет жаққа қарай шектеулі болуы 
немесе болмауы болып табылады. Нистагм. Нистагм көз қозғалысының 
спонтанды тербелісі болып табылады. Оның негізінде орталық немесе 
жергілікті генез жатыр. Нистагмның дамуы мишық, сопақша ми, гипофиз 
зақымдағанда, ісікті қабынуларда орын алуы мүмкін. Түріне қарай 
нистагм маятник тәрізді, дүмпу тәрізді, аралас, бағытына қарай: 


горизонтальді, ұзыннан, дөңгелек, диагональді болып бөлінеді. 
Көру 
агнозия – көргенді ажырата алмау, танымау, затты, адамды көріп тұрса да 
танып айыру үшін қолымен ұстап қарау. Бұндай адамдардың үлкен жарты 
шарының шүйде бөлігі, миы қатты зақымданған болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет