қоршаған
ортаның бірлігін анықтады, адам мен жануар ағзаларының
функцияларын реттеудегі орталық жүйке жүйесінің рөлін зерттеді, «рефлекс»
түсінігін енгізді, жұлынның артқы және алдыңғы мүйіздерінің қызметтерін
зерттеді және қарапайым рефлекторлы доғаны суреттеді. Ч.Шерингтон
сегментті
рефлекстерді сипаттады, «синапс» түсінігін, ортақ жүйке жолының
қағидасын, жүйке жүйесінің интегративті іс-әрекеті туралы түсінікті енгізді.
Үшінші кезең
– психикалық іс-әрекеттердің материалдық негіздерін ұсыну.
Алғашқы рет орыстың атақты физиологы И. М. Сеченов жануарлардың,
адамның мінез-құлығы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі
көріністері
мидың рефлекстік қызметімен байланысты екендігі туралы батыл болжам
ұсынды. Психикалық іс-әрекеттердің қалыптасу негізінде рефлекс қағидасы
жатыр дегенді келесі сөйлеммен бекітті: «Саналы және саналыдан тыс өмірдің
барлық актілері пайда болу тәсілі бойынша рефлекстерге сайып келеді».
Төртінші кезең
– жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы негіздерді өңдеу (20-
ғасырдың басы). И.М.Сеченовтың ойларын И. П. Павлов ерекше дамытты және
нақтылы тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Ол шартты рефлекстер әдісін енгізіп,
жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы осы заманғы ілімнің ірге тасын қалады. И. П.
Павлов рефлекторлы теорияның үш қағидасын құрастырды: 1)
детерминизм
қағидасы (себеп-салдар қағидасы). Осы қағида бойынша жүйке жүйесінің әр бір
әрекетінің себебі бар. 2) құрылымдық қағидасы (Павлов жоғарғы жүйке
ісәрекетінің физиологиялық негізі шартты рефлекстердің пайда болуы деп
бекітіп, шартты рефлекстердің пайда болуын ми құрылымы мен жүйелеріне
ұштастырды. 3) талдау және жинақтау процесстерінің тұтастық қағидасы
(жүйке жүйесі ішкі және сыртқы рецепторлар көмегімен барлық әсер ететін
тітіркендістерді талдайды және осы талдаудың
негізінде тұтас жауапты
реакцияны қалыптастырады – яғни жинақтауды (синтезді) іске асырады). Мида
үнемі қоршаған және ішкі ортадан келген тітіркеністердің талдауы мен синтезі
бірге жүреді. Нәтижесінде ағза ортадан керекті мәлеметті қабылдайды, оны
талдайды, жадында сақтайды және кез келген жағдайға сәйкес жауапты іс-
әрекетті қалыптастырады.
Бесінші кезең
– 20-ғасыр ортасында П. К. Анохинның функциональды
жүйелер туралы ілімді жарыққа шығаруы. Функциональды жүйе – бұл пайдалы
нәтижеге жетуге (бейімделуге) бағытталып қалыптасқан әр түрлі мүшелер мен
ұлпалардың динамикалық жиынтығы. Пайдалы нәтижесі деп ішкі мүшелердің
қызметтерін реттеу арқылы немесе соматикалық мінез-құлықты реттеу арқылы
іске асатын ішкі ағзаның тұрақтылығын айтамыз.
Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарларының
қыртысы мен оған таяу
құрылымдары орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі болып саналады. Бұл
жетекші бөлімнің қызметі – жоғары жүйке іс-әрекетінің негізін құрайтын, яғни
мінезді бейімдейтін күрделі рефлекстік әсерленісті жүзеге асыру.