Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Талдағыштар туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет54/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Талдағыштар туралы түсінік. 
Адам ағзасы өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста ғана тіршілік ете 
алады. И. М. Сеченовтың айтуы бойынша «организмнің қоршаған ортасыз 
тіршілігі болмайды». Адам табиғи жағдай мен қоршаған төңіректің өзгерістері 
туралы ұдайы мәлімет алып тұрады. Түйсік – қабылдаудың күрделі жүйелі 
процессі. Ол алынған мәліметтердің арнайы сенсорлық жүйелерді немесе 
талдағыштарды (анализаторларды) жұмыс істетуі арқылы жүзеге асырылады. 
И. П. Павлов талдағыштар ұғымын алғаш рет енгізді. Ол талдағышты бір- 
бірімен тығыз байланысты үш бөлімнің (шеткі, өткізгіштік және орталық) біріге 
отырып, бір жүйеде қабылдаған тітіркеністі талдаушы ретінде көрсетті. Бір 
бөлімінің бұзылуы бүкіл талдағыштың бұзылуына әкеп соғады. Талдағыштар 
көмегімен адам қоршаған әлем құбылыстарын танып біледі.
Талдағыш – күрделі жүйке механизмі. Ол тітіркенуді қабылдайды, миға 
тасымалдайды және талдайды. Ағзаның көру, есту, вестибулярдық, дәм сезу, 
иіс сезу, висцералдық талдағыштарын (немесе сенсорлық жүйелерін) 
ажыратады. Барлық талдағыштар екі түрге бөлінеді. Сыртқы орта 
тітіркендіргіштерінің анализі мен синтезін іске асыратын талдағыштарды 
сыртқы немесе экстерорецептивті талдағыштар деп атайды. Ал организмнің 
ішінде болатын құбылыстарды талдаушы талдағыштарды ішкі немесе 
интерорецептивті деп атайды.
Әрбір талдағыш үш бөлімнен тұрады:
• 
Сезу мүшесі – перифериялық (рецепторлық, шеткі) бөлігі
• 
Жүйке импульстерін жүйке орталықтарына жеткізуші афференттік жолдар 
– өткізгіш бөлігі
• 
Ми қыртысы (орталық бөлігі) – нерв қоздырғыштарын қабылдап және 
талдаушы ми қыртысының аймағы.
Шеткі бөлімі немесе рецептор, тікелей сыртқы ортаға қарайды. Бұл көздің 
торлы қабығы, ішкі құлақтың спиралды аппараты, терінің сезімталдық 
рецепторлары және т.с.с. рецепторлар. Бұлшық еттердің, байламдардың, 
сіңірлердің, буындардың тітіркендірулерін қабылдайтын проприорецепторлар 
деп бөлінеді.
Рецепторлардың сыртқы және ішкі ортадан болған әсерлерді ерекше сезіну 
қабілеті бар. Рецепторларға ерекше тән қасиет – бұл қоздырғыштарға сәйкес 
жоғарғы дәрежеде қозу, қозудың бұл түрін адекваттық қозу деп атайды. 
Адекваттық қоздырғыштардың іске қосылуы белгілі бір сезім мүшесін 
тітіркендіріп, сезінуін қамтамасыз етеді. Адекваттық қоздырғыштарды 
қабылдаушы рецепторлар эволюция жүйесінде пайда болды. Олар белгілі бір 
мүшеде жинақталған. Бұл мүшеде рецепторларды сыртқы ортадан немесе өте 


күшті қоздырғыштардың әсерінен сақтандырушы, қоздырғыштарды қабылдау 
қабілетін біртіндеп жақсартатын қосымша аппараттар қалыптасқан.
Өткізгіш бөлімі – миға бағытталған әр түрлі жүйкелер (мысалы көру жүйесі, 
есту жүйкесі). Барлық талдағыштардың орталық ұштарының жиынтығы ми 
қыртысы болып табылады. Қоршаған ортадан түсетін тітіркендіргіштер, 
сонымен қатар организмнің ішкі ортасынан келетін серпіндер осы жерге түсіп, 
ми қыртысында көптеген тітіркену ошақтарын түзеді. Бұған сансыз көп шартты 
рефлекстер пайда болып, ере жүреді. Осының нәтижесінде психиканың 
физиологиялық негізі болатын шартты рефлекстің функциональдық 
динамикалық жүйесі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет