Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Жоғарғы жүйке іс-әрекетін іске асыратын негізгі механизмдер



Pdf көрінісі
бет53/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Жоғарғы жүйке іс-әрекетін іске асыратын негізгі механизмдер. 
Әр жануар ағзасы сыртқы ортамен әрдайым әрекеттесу жағдайында ғана 
өмір сүре алады. Бұл өзара әрекеттер белгілі бір байланыс жолдары 
(рефлекстер) арқылы іске асады. И. П. Павлов тұрақты байланыстар немесе 
шартсыз рефлекстерді бөлді. Бұл байланыстармен жануар немесе адам 
туылады. Ол рефлекстер дайын, тұрақты, стериотипті. Сонымен, 
шартсыз 
рефлекс 
– жүйке жүйесі көмегімен іске асырылатын ағзаның сенсорлы 
рецепторлардың тітіркенулеріне деген жауап реакциялары. Шартсыз рефлекс – 
жүйке жүйесінің туа біткен түрлік әсерленісі. Ағза іс-әрекетінің осы көрінісіне 
сәйкес, ол барабар тітіркену әсеріне жауап ретінде тұрақты рефлекстік жолдар 
ішінде пайда болады. Олар ағзаның тіршілігін сақтап қалуға бағытталған, 
олардың негізгілеріне қоректену, қорғаныс, бейімделу рефлекстері және 
балалардың шартсыз рефлекстері жатады.
Бірақ қоршаған орта мен жануарлардың не адамның күрделі өзара әрекеті 
күрделі механизмдегі іс-әрекетті талап етеді. Өмір шартына бейімделу процессі 
кезінде үлкен жарты шарлардың қыртысында ішкі ортамен байланыстың басқа 
түрі қалыптасады – уақытша байланыстар, немесе шартты рефлекстер. 
Шартты рефлекс 
– жеке тіршілік кезінде жүйке жүйесінің иемденген 
әсерленісі. Ол лайықты рецептор аппараты арқылы, кез келген сигналдық 
тітіркенудің әсеріне жауап ретінде, тұрақсыз және өзгергіш рефлекстік жолмен 
жүзеге асырылады. Шартты рефлекстер өзгерістерге ұшырайды. Бекітпеген 
жағдайда оның әлсіреуі, өзінің бағыттылығын жоғалтуы мүмкін. Шартты 
рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде өндіріледі.
Шартсыз рефлекстердің материалдық негізі ми бағанасы мен жұлын 
деңгейінде жасалады. Шартты рефлекстер адамда үлкен ми сыңарларының 
қыртысында қалыптасады. Шартты рефлекстер нейродинамикалық құралымдар 
ретінде бір бірімен функционалдық байланыстар арқылы бірігіп, әр түрлі 
функционалды жүйелер құрайды және ойлаудың, білімнің, дағдылардың, 
еңбектегі іскерліктің физиологиялық негізінде жатады.
Кез келген шартты рефлекстің жолы өзінше үш негізгі бөліктен тұратын 
доғаны құрайды. Ол доғаның бірінші бөлігі талдағыш деп аталады, оның ішіне 
рецептор, сезгіш жүйке және мидағы жасуша кіреді. Үлкен мы сыңарларының 
қыртысы – түрлі талдағыштардың мидағы жиынтығы. Осында сыртқы және 
ішкі әлем тітіркендіргіштері түседі де, ми қыртысында көптеген тітіркендіргіш 
ошақтарының пайда болуына ықпал болады. Сонымен, қозу және тежелу 
орындарының ауысуынан тұратын, өзіндік түрлі өрнек пайда болады. Ол 
көптеген жағымды және жағымсыз шартты байланыстың пайда болуымен қоса 
жүреді. Нәтижесінде психиканың физиологиялық негізі болып табылатын 
белгілі бір шартты рефлекстердің функциональды динамикалық жүйесі 


қалыптасады. Жоғарғы жүйке іс-әрекетін екі негізгі тетік (механизм) іске 
асырады: шартты рефлекстер және талдағыштар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет