мен ортаңғы мидың вегетатаивтік орталықтарымен, ортаңғы мидан шығатын III
және ІУ қозғаушы жүйкелермен, жұлын және ми шарларының самай бөлігімен
байланысады.
Дыбыс тербелесі сыртқы құлақ тесігі (түтігі) арқылы дабыл жарғағына, одан
есту (дыбыс) сүйекшелеріне, ішкі құлақ сұйықтығына және ұлу жарғағына
барып жетеді. Есту ми қыртысы (41, 42, 52 алаң) латералды салада орналасқан.
Көлденең жатқан самай Гешля қатпарлар. Осы самай бөлігінде үстінгі және
ортаншы қатпаларда (20, 21 аланда) вестибуляторлық анализатордың орталығы
орналасқан. Вестибулярлы аппараттың функциясы. Ми қыртысының есту
аймағы мидың самай бөлігінде орналасқан. Ол бөлікті-аймақты бұзса өте нәзік
күрделі дыбыстарды естуі жойылады.
Дененің кеңістіктегі орынын анықтау мен тепе-теңдік сақтауда, қимылды
үйлестіруде бұлшық еттерден, буындар мен сіңірлерден, яғни олардың
проприорецепторларынан үнемі келіп тұратын кері
байланыс импульстерінің
маңызы өте зор. Бұған терінің тактильді рецепторларынан келіп тұратын
импульстері де қатысады.
Нәрестенің
құлағы
морфологиялық
дамығанымен,
оның
өзіндік
ерекшеліктері бар. Сыртқы есту жолы қысқа, дабыл жарғағының өлшемдері
ересектердегідей дерлік болғанымен, горизонтальды орналасқан. Евстахий
түтігі қысқа және кең.
Ортаңғы құлақта туғанға дейін ауа болмайды, ол шырышты сұйықтықпен
толтырылған. Туғаннан кейін дабыл қуысы 1 айдың ішінде Евстахий түтігі
аркылы тыныс алу және жүтыну кезінде ауамен толтырылады. Қыска және кең
есту түтігі оның мұрын-жұтқыншақпен
байланысын жеңілдетіп, ортадғы
құлаққа инфекция түсуіне және одан іріңнің оңай ағып шығуына қолайлы
жағдай жасайды. Вестибулярлық аппарат өте сезімтал болған жағдайда ұзақ
қозғалыс кезінде, әсіресе шайқалмалы қозғалыста (мысалы, ұшақпен ұшқанда,
кемеде жүзгенде, жүріп келе жатқан машинада отырғанда) «теңіз ауруының»
белгілері пайда болады: бас ауырып, жүрек қобалжиды, пульс жиіленеді, қан
тамырлары
өзгереді, қанның қысымы артады, тер шығады, ішіек-қарынның
қозғалысы үдеп, адам құсады, яғни түрлі вегетативтік рефлекстер туады.
Вестибулярлық аппаратқа өте күшті және ұзақ жүктемелер – «теңіз ауруы»,
ғарыштық дағдарыс т.б. - әсер еткен кезде қозғалыс үйлесімділігі төмендейді.
Арнайы жаттығулар арқылы тепе-теңдік рефлекстерінің түрақтылығын
нығайтуға болады. Ғарышкерлерді дайындауда мұндай жаттығулардың маңызы
зор. Жаттығуды алдымен аз шапшандықтан бастайды, содан соң жылдамдықты
үдетеді. Әуелі көлденең тербеліс бағытында, кейіннен жоғары- төмен тербеліс
бағытында жаттықтырылады. Бастапқы кезде бас айналып, лоқсу, құсу т.б.
жағымсыз сезімдер пайда болады, бірақ бірнеше жаттығудан кейін организм
бейімделіп, вестибулярлық аппараттың
сезімталдығы төмендеп, болашақ
ғарышкер тербеліске үйренеді. Ғарыштық салмақсыздық отолиттік
қабылдағыштың қасиетін өзгертеді. Оның қызметі алғашқы 2-3 тәулікте тым
төмендеп кетеді де, содан кейін жоғарылай бастайды. Бесінші тәулікте
қабылдағыштың қызметі бүрынғы, яғни жердегі қалпқа сәйкестенеді.
Қатты дыбыстарға реакция ұрықта да анықталады. Құрсақ ішіндегі соңғы
айларда катты дыбыстар ұрықтың қозғалуын тудырады. Нәрестенің есту
анализаторының
функциясын катты дыбысқа, шапалаққа жауап реакциясы
бойынша тексереді. 7-8 аптадан бастап, бала басын дыбыс тітіркендіру жаққа
бұрады. Екінші жарты жылдықтағы балалардың есту қабілетін былайша
тексеруге болады, балаға айда түскенін керсетпей, ойыншықты жерге тастал
жібереді. Сау бала қолын ойыншық еденге соғылған жаққа созады. Егер бала
естімейтін болса, ол ойыншықтың құлаған дыбысына жауап бермейді.
Ересек
балалардың есту функциясын сыбырлап сөйлеуді, қатты сөйлеуді және
камертонның дыбысын қабылдауы арқылы зерттейді. Дыбыс бөлімдерінің
(сектор) жеке бөліктерін қабылдау аудиограмма көмегімен зерттеледі.
Есту қабілеті тұрақты бұзылған балалардың 2 категориясы бар: керең,
нашар еститін немесе құлағы мүкіс балалар. Сөйлеуіне қарай барлық керең
балалар 2 топқа бөлінеді: сөйлемейтін керең балалар немесе керең-мылқаулар,
және сөйлейтін керең балалар немесе кейіннен керең болғандар.
Есту агнозиясы - дыбысты ажыратпау, дыбысты естігенмен оны ажырата
алмау. Ал оларды танып- білу үшін қолмен ұстап көруі тиіс. Бұндай
адамдардың миының самай бөлігі бұзылған болады. Олар айтылған сөзді естісе
де түсінбеуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: