Байланысты:
ҚҚЗТ-СИЛЛАБУС-2020-2021 О.Ж.-2-сем-1- 4. Пререквизиттер :
Мектеп бағдарламасы деңгейіндегі Қазақстан тарихы.
Постреквизиттер:
Философия.
5. Курс саясаты:
1) тәртіпке қатысты талаптар:
сабақтан кешігуге және дәлелсіз қалуға ;
сабақ кезінде өзге жұмыстармен айналысуға;
ұялы телефонмен сөйлесуге , өзге студенттерге кедергі келтіруге тиым салынады;
университеттің ұстанып отырған этикалық және эстетикалық талап ережелерін мұқият сақтауы тиіс.
2) пәнге қатысты талаптар:
сабаққа міндетті түрде қатысу және дәлелсіз жіберген сабақтарды өтеу ;
оқу үрдісіне белсенді атсалысу, берілген тапсырмаларды ынталы түрде орындау;
сабақтың барлық түрлері бойынша дер кезінде есеп беру ;
зерттеу жұмыстарының соңында, эссе жазу кезінде , презентация жасау және кез-келген тапсырмаларға дайындық барысында міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсетіп отыру;
тапсырмаларға дайындық барысында тақырып пен негізгі мәселеден ауытқымау ;
неғұрлым дәлелді және нақты дереккөздерді пайдалану.
3) академиялық адалдық ережелерін сақтауға қатысты талаптар:
білімді бақылау шаралары кезінде академиялық адалдықты мұқият сақтауы тиіс;
білімді бақылау бойынша дербес орындаған тапсырмаларды өзге білім алушыларға беруге тиым салынады ;
тапсырмалардың барлығын дербес орындау талап етіледі;
қорытынды бақылау кезінде шпаргалка , электронды және байланыс құрал түрлерін қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: