Тәрбие – оқыту іс-әрекетінің тәжірибенің дамуды үздіксіз қадағалау жүйесі
халықтың білім беру басқарудың функциясы ретінде де алға шығады.
Мұнда тәрбие
практиканың басқаруы және зерттеудің мүдделері тұтасып бірігеді.
Студент – зерттеуші озық педагогикалық тәжірибеге сүйене отырып, тек аналитик
ретінде емес, сонымен қатар оның өз болашақ жұмысы үшін кәсіби құндылықтары баий
түседі.
2. Енді педагогикалық тәжірибенің ұғымын,
оның мәнін, түрін, ғылыми
талқылаудың объекті ретінде ерекшеліктерін қарастырайық.
Қазіргі педагогикадағы тәжірибе „оқыту-тәрбиелеу
жұмысының практикалық
процесінде мұғалім игерген білім, дағды мен шеберліктің тұтастығы”
ретінде
анықталады. Педагогикалық тәжірибенің ұғымының басқа да анықтамалары кездеседі.
Э.И.Моносзонның айтуы бойынша, педагогикалық тәжірибе бұл – практикалық
педагогикалық іс-әрекет және тәрбиеленетін, оқылатын жеке тұлға ретінде айқындалатын
осы іс-әрекеттің нәтижесі. М.Н.Скаткин педагогикалық тәжірибе ұғымын екі мағынаға
бөледі. Кең мағынасында педагогикалық тәжірибе тәрбиелеу мен оқытудың практикасы,
ал тар мағынада – „ұзақ немесе қысқа уақыттағы жұмыстың (тәжірибенің синонимі)
нәтижесінде меңгерген педагогтың шеберлігі” болып табылады. И.К.Журавлев озат
педагогикалық тәжірибе және педагогикалық практика
ұғымдарын екіге бөледі және
екіншісін өте кең ұғым деп атайды. Ұғымды – логикалық дәлелдеме: озат тәжірибе
практиканың құрамыеда болады.
Достарыңызбен бөлісу: