Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырушы : Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет30/70
Дата28.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#133715
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Байланысты:
гылыми пед умкд маленкий

 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
 
1.
Математикалық әдістерді ата 
2.
Шкалалау ұғымын түсіндіріңіз 
3.
Салыстыру ұғымына түсінік беріңіз 
№ 11 дәріс тақырыбы: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары. Курстық жұмыс 
және оған қойылатын талаптар. 
 
Жоспары: 
1.
Реферат. 
2.
Баяндама және бақылау жұмысы.
3.
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар.
4.
Курстық жұмысты орындау қисыны. 
Мақсаты:
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлерін таныстыру 
Тірек ұғымдар:
Жазба жұмыстар. Реферат.Баяндама.Курстық жұмыс. Курстық жұмысқа 
қойылатын талаптар. 


1. Жазба жұмыстары – студенттердің алғашқы жұмыстары. Олар студенттің кәсібилігінің 
қалыптасуында маңызды орын алады. Олардың әрқайсысы - өзіндік ғылыми-қолданбалы 
зерттеу және студенттердің білімін бақылаудың, есеп берудің бір формасы, таңдалған 
мәселе бойынша жинақталған дәлелдемесі болып табылады. Баяндамалар, рефераттар
бақылау және курстық жұмыстар студенттердің кәсіби білімінің теориялық және 
әдістемелік деңгейін көтерудің, пәндерді оқытудың маңызды құралы. 
Жазбаша тапсырманы орындау сізге әуелі оқу-зерттеу жұмысымен айналысуға, кейінірек 
ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде 
шығармашылық қасиетті және кәсібіңізге шығармашылық қатынасты қалыптастырады.
Курстық жұмыс тереңірек және көлемдірек. Зерттеу жұмыс – бұл зерттеу 
жұмысының әдісін игерудегі алғашқы саты. Курстық жұмыс психологиялық-
педагогикалық және әдістемелік мәселелер бойынша білімді жүйелеуге, қорытындылауға, 
кеңейтуге көмектеседі. Оның барысында іздену, ақпаратты пайдалану және өңдеудің жаңа 
әдістері игеріледі, педагогикалық бағдары айқындалады, педагогикалық пікірін қорғауға 
үйренеді. Курстық жұмыс кәсіби тәжірибемен тығыз байланысты.
2.
Реферат. 
Реферат (лат. тіл.- refero – хабарлаймын) – ғылыми жұмыстың мазмұнын баяндама 
ретінде немесе жазбаша түрде беру. Бұл студенттердің өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. 
Мұнда студенттердің қарастырған мәселелерінің мән-мағынасы ашылады, материал 
проблемалық сипатта баяндалады, әртүрлі көзқарастар келтіріледі, сондықтан ол мәселеге 
өзінің жеке көзқарасын білдіреді. Реферат көлемі 1,5 интервал арқылы жазылған 5-15 
бетті қамтиды.
Бақылау жұмысы
– меңгерілген білімді бағалау мен тексерудің, танымдық 
әрекеттің сипаты жайында, оқу үрдісінде студенттердің дербестігі мен белсенділігі, оқу 
әрекетінің әдістері, формалары мен тәсілдерінің тиімділігі жайында ақпарат алудың 
формасы. 
Педагогикалық институтта студенттер ғылыми зерттеу негізінде курстық 
жұмысты орындайды. «Курстық» деп атауы нақты бір курсқа байланысты білім алу 
дегенді білдіреді. Курстық жұмыстар әртүрлі дисциплинада жазылады, бірақ жұмыс 
барысында студенттің білімі және дағдылары қорытындыланады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет